Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер.. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика.

Шешендік сөздер.

Оқу бағдарламасына сілтеме

11.3.4.1. Пікірталас. Көркем әдебиет стилінің тілдік ерекшеліктері

Оқу мақсаты

11.3.4.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);

Кәсіби даму мақсаты

Оқушылардың жеке қабілеттеріне бағытталған сараланған тапсырмаларды қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Құрылымдык ерекшеліктерін сақтай отырып, аргументативті эссе жазады;

Көпшілігі: Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, эссе жазады;

Кейбірі: Көтерілген мәселе бойынша қажетті ақпараттарды орынды қолданып, ойын дәлелдеп эссе жазады.

Бағалау критерийі

1. Құрылымдық ерекшеліктерін сақтай отырып, өз ойын дәлелдеп эссе жазады;

2. Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, эссе жазады;

3. Көтерілген мәселе бойынша ақпараттарды орынды қолданады.

Құндылық:

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу

Оқушылар бір-бірін тыңдауда шыдамдылық таныта біледі, сыныптастарына құрметпен қарайды. Жеке, топта жұмыс істей алады.

Азаматтық жауапкершілігін тәрбиелеу

Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның зияткерлік потенциалды қалыптастыру үшін өздігінен білім алуға ықпал ету.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

білу, түсіну, қолдану, жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)

Сөйлеу әрекетінің түрлері:

Оқылым, жазылым, тыңдалым

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет

АКТ байланыс

Тwig bilim .kz imektep.kz

Ресурстармен және идеялармен жұмыс жасай алу, өздігінен ресурс көздерінен қажетті ақпаратты таба алу.

Алдыңғы білім

Жаһандық экономика туралы мәліметтермен БАҚ арқылы таныс

Сабақ кезеңдері

2 минут

Сабақтың басы

4 минут

Жоспарланған іс-әрекеттер

  • Ұйымдастыру кезеңі;
  • Оқушылармен амандасу;
  • Сыныпты түгелдеу.
  • «Ой қозғау» кезеңі.

«Миға шабуыл» әдісі

  • Бейбітшіліктің ұғымын қалай түсінеміз?
  • «Сақтықта қорлық жоқ» деге пікірімен келісесіз бе? Неліктен?
  • Жаһандану мәселесі қазіргі кезде қаншалықты өзекті?

Ресурстар

Сабақтың ортасы

5 минут

20 минут

Бағалауға 3 минут

Ж. Жазылым алды тапсырмасы

Терминдерге «Венн диаграммасы» арқылы қысқаша түсінік береді, мысал келтіре отырып сөйлейді. Айтылған мысалдарын эссе жазу барысында қолданады.

«Венн диаграммасы»

Бағалау дескрипторы:

  • Тақырып мазмұнына сәйкес диаграмманы толтырады;
  • Терминдерге түсінік бере отыра, мысалдар арқылы дәлелдейді.

Ж. Жазылым тапсырмасы

Үлгі: Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Ат ық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек деп ойлаймын. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек. Ең алдымен, осы сұрақтарды өз-өзіме қойған кезде, бір сәт болсын үлкен жауапкершілікті сезініп, нақты әрі салмақты түрде ойлана бастадым. Жастық шақтағы мамандығым? Алғаш естіген құлаққа ерсі естіледі екен. Себебі, жастық шақтағы мақсаттардың өзі үлкен-үлкен армандардың бастауы еді. Яғни ол кезде тек армандаумен шектелетін едік. Ал уақыт өте мүлде басқа көзқарастар, мүлде басқа пікірлер қалыптасады екен. Мен өзім жастық шағымда әйгілі суретші боламын деп, армандаушы едім. Әкем шамамен төрт жасымда алғаш рет сурет өнері мектебіне бара бастағанымның құрметіне орай, үлкен бояулар коллекциясын сыйлағанда, екі көзім домалақтанып, қалай қуанғаным әлі есімде. Бүгінде сол арманның ұшқыны қалған ба, әйтеуір бір бүйрегім суретке бұрып тұрады. Ал қазіргі мамандығым… Тіл. Ана тілім. Елімнің биік болашағы. Сауатты ұрпақ. Ойлай берсең, ойлай бергің, қиялдай берсең әсте тоқтағың келмес. Сол әлемнің бір бөлшегі болып, өз қиялында қалқып жүре бергің келеді. Шындығында бұл асыл құндылықтар туралы, мен сияқты шынайы ойлайтындар өкінішке орай қазіргі таңда өте аз. Мен бұл мамандыққа қалай, қашан келдім? Соңғы сұрағына нақты жауап бере алмасам да, алғашқы сұрақтың жауабын анық білемін. Поэзия, роман, лирикалық жырлар міне осылардың арқасында менің әдебиетке деген, тілге деген қызығушылығым ояна бастады. Лирикалық жырларды оқыған кезде, сезімталдығымның әсерінен болар, ерекше бір сезімге бөленетін едім. Айналадағы барлық құбылыстар, өзгерістер, қарым-қатынастар барлығыда маған тек жақсы жақтарынан көрінетін. Сонымен қатар, елі қуанса, бірге қуанып, мұңайса, бірге мұңайып өткен ғасыр ойшылдары А.Байтұрсынұлы мен Ы.Алтынсариннен бастап, қазіргі ұрпақтың қамын ойлап, ана тілімізді дәріптеп жүрген Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов және де жақын арада ғана қазақ еліне өзінің үлкен мұрасын қалдырып кеткен Фариза Оңғарсынова, Мархабат Байғұт сынды текті жазушылар мен ғұламалардың, айналамдағы мәдениеттілік пен салт-дәстүрді қатаң ұстанатын үлгілі ұстаздарымның арқасында қызығушылығым одан сайын артып, шабытым ұлғая түсті. «Шабытынды шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын қамал тұрған жерлерден жол ашады», - деп атақты ағылшын ойшылы Джозеф Кэмпбэлл айтқандай, адам шың жүрегімен қатты қалаған, талпынған ойы міндетті түрде жүзеге асады деп ойлаймын. Ал ол үшін талпыныс қажет. Алға талпыну – тыныштықты жоғалту, бір орында қалып қою – өзіңді жоғалту болып саналады. Одан соң болжау, нақты қайда бара жатырсың, не үшін бара жатырсың, соны болжалдап, нақтылап алып болған соң ғана талпынуымыз керек. Ал жетістіктерге қол жеткізу үшін, әрекет етіп қана қоймай, қиялдауымыз да керек, жоспарлап қана қоймай, сенуіміз керек. Ең бастысы – сенім. Алға қойған мақсаттарым үшін еңбек етсем, сол мақсаттарым болашақта елім үшін, мен үшін еңбек ететін болады. Мен оған сенімдімін. Маған және Отаныма еңбек ететін мақсатты дұрыс таңдағаныма сенімдімін!

Бағалау дескрипторы:

  • Оқылған және тыңдалған мәлімет бойынша ақпарат өндейді;
  • Құрылымдық ерекшеліктерін сақтай отырып, өз ойын дәлелдеп эссе жазады;
  • Эссе жазу барысында көркемдегіш құралдарды тиімді пайдаланады; (2 мақал-мәтел, 2 тұрақты тіркес, 2 эпитет, 2 теңеу)
  • Сөз санын сақтайды. (200-250 сөз)

С. Жазылымнан кейінгі тапсырма

- Аргументативті эссе жазу барысында қандай қиындықтар кездесті?

- Көтерілген мәселеге өз ойын білдіру арқылы қандай мақсатқа қол жеткіздіңдер?

4 минут

Кері байланыс.

«Блум кубигі» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

........................ білдім.

.........................түсіндім.

.........................қолдандым.

.........................салыстырдым.

.........................жинақтадым.

.........................бағаладым

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтар мен байланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамытумақсатындақұрылғантоптар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау

Талқылауды бақылауда оқушылардың жалпы реформаның маңызын түсінудің деңгейін бағалау

Пәнаралық байланыс: география

Белсенді оқыту әдістерін қолдану,

Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау, еліміздің патриоты бола білетін, салауатты өмір салтымен жүретін және саналы да білімді оқушыны дайындау

Рефлексия

Сабақмақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге астыма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың оданда жақсы өтуіне ықпалын тигізеді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу