Әлемді өзгерткен өнертабыстар. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ. 1 нұсқа.


САБАҚ: 3

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Әлемді өзгерткен өнертабыстар

Шешендік сөздер

Сабақтың түрі

Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11. Т/А3. тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру, факті мен көзқарасты ажырата білу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстырады;

Көптеген оқушылар

  • тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен салыстырады;

Кейбір оқушылар

  • факті мен көзқарасты ажыратады

Бағалау критерийлері

  • тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра біледі; салыстырады, факті мен көзқарасты ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: факті мен көзқарас

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: рентген, рентгенография, фотопластина, катод, жарық

Пәнаралық байланыс

Физика

Мектеп құндылықтары

Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Мақаладағы мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдауға дағдыланды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

2 минут

Оқушыларды сабаққа ұйымдастырады.

Оқу мақсатын таныстырады.

Сабақтың

ортасы

3 минут

2 минут

10 минут

15 минут

3 минут

3 минут

Тыңдалым алды тапсырма

Тапсырма №1

«МЮНСТЕРБЕРГ» әдісі

Т. Берілген әріптерден 2 минут ішінде мағыналы сөздер құраңыздар.

МРЕНТГЕНОГРАФИЯҚСПЕКТРЩФОТОПЛАСТИНАКАТОДШЖАРЫҚ

Тапсырма №2

Т. Берілген сөздердің мағыналарын анықтаңыздар. Осы сөздермен байланысты не туралы мәтін талқылануы мүмкін деп ойлайсыздар?

  • Рентген
  • Рентгенография
  • Фотопластина
  • Катод
  • Жарық

Тыңдалым тапсырмасы

«Рентгенографияның тарихы» мәтіні оқылады.

Тапсырма №3

Т.

  • Вильгельм Рентген ойлап тапқан жаңалықты әлемді өзгерткен өнертабыс қатарына енгізуге бола ма? Неліктен олай ойлайсыздар?
  • Қазіргі заманда рентгеннің атқаратын рөлі қандай? Еліміз үшін қаншалықты пайдасы бар?
  • Әлем елдерінде қолданысы қандай дәрежеде болуы мүмкін?

Тапсырма №4

«Ойлан. Бірік. Талқыла» әдісі

ЖЖ. Мәтін бойынша фактілер мен көзқарастар тізімін жасаңыздар. Факті көп пе, көзқарас көп пе? Неге?

Фактілер тізімі

1.

2.

Көзқарастар тізімі

1.

2.

Бағалау.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра біледі; салыстырады;

  • өз ойларын дәлелдейді;
  • отандық пайдасын дәлелдейді;
  • әлемдік қолданысын дәлелдейді;

факті мен көзқарасты ажыратады.

  • факті мен көзқарасты анықтайды;
  • ойларын дәлелдейді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Тапсырма №5

Төрт сөйлем

Ж.

1. Пікір. Мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады.

2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Сабақтың соңы Рефлексия

2 минут

  • Сабақтан алған әсерім...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу