Әлемді өзгерткен өнертабыстар. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ. 2 нұсқа.


Пән қазақ тілі

(Қоғамдық-гуманитарлық бағыт) 2-тоқсан 2-нұсқа

Сабақ

6-сабақ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Әлемді өзгерткен өнертабыстары

Шешендік сөздер

Сабақтың тақырыбы

Әлемді өзгерткен өнертабыстар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.3.1.1 жоспар түрлерін құру (күрделі, тезистік, тірек-сызба түріндегі жоспар);

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • күрделі жоспарды құрады;

Көптеген оқушылар:

  • тезистік жоспарды құрады;

Кейбір оқушылар:

  • тірек-сызба түріндегі жоспарды құрады.

Бағалау критерийлері

  • жоспар түрлерін құрады;
  • күрделі, тезистік, тірек-сызба түріндегі жоспарларды құрады;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Илон Маск, өнертабыс, имплантация, нейрохирургия, оптика, наркоз

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

«Менің ойымша,... », «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Мектеп құндылықтары

  • Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын талдау

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

3 минут

Оқушыларды ұйымдастыру.

Оқу мақсатымен, критерийлермен таныстыру

МЖ = Мұғалім жасаған

Сабақтың ортасы

5 минут

2 минут

2 минут

5 минут

5 минут

6 минут

7 минут

2 минут

Жазылым алды тапсырма

«Менің пікірім» әдісі бойынша оқушыларға бірнеше сөздер беріледі. Оқушылар осы сөздерге өзі білетін 3 пікір жазады.

Илон Маск, өнертабыс, имплантация, нейрохирургия, оптика, наркоз, т.б.

Илон Маск

Кері байланыс береді:

  • Өз пікірі арқылы ойын жеткізе біледі;
  • Жаңа сөздердің мағынасын ашып, қолданылу аясын түсіндіреді;
  • Тақырыпқа байланыстыра алады.

Дескриптор:

Бағалау критерийлері

Оқушы үшін

жоспар түрлерін құрады

Күрделі жоспарды құрады

Тезистік жоспар құрады

Тірек-сызба түрінде құрады

Жазылым тапсырмасы. Мәтінді мұқият оқиды.

Илон Маск 2017 жылы Neuralink атты стартабын бастады. Жоба кезең-кезеңімен іске асып келеді. Оның кезекті өнертабысы адам миы мен компьютер байланысына арналған. 16 шілде күні Маск Neuralink "жіптерін" таныстырды.  Neuralink мақсаты – сал болып қалған адамдардың миына "жіп" жалғап, компьютер мен смартфонды қолдануға мүмкіндік беру. Сол арқылы адамдар ой еңбегімен мәтін теріп, интернетті ақтара алады. Технологияның миға зияны барынша азайтылған. Иілгіш, өте жұқа жіптер арнайы ине көмегімен миға орнатылады. Оның қалыңдығы адам шашынан да жұқа – 4-6 микрометр. Электродты жіптер имплантациядан кейін ми белсенділігін бақылап, деректерді құлақ артына орнатылған құрылғыға жіберіп отырады. Ол құрылғы деректерді компьютерге жібереді.   Neuralink бір минутта алты жіпті миға орната алатын нейрохирургиялық роботты да жасап шығарған. Робот адамның қантамырларын зақымдап алмау үшін, жоғары сапалы оптика пайдаланады. Импланттарды бас сүйектегі 8-миллиметрлік төрт тесіктен өткізеді. Болашақта жіптер наркоз көмегінсіз лазер арқылы орнатылуы мүмкін. 

https://massaget.kz/layfstayl/tehno/57902/1-тапсырма. ТЖ

Оқылым бойынша күрделі жоспарды құрады.

Топтар бір-бірінің жұмыстарын тексереді.

ҚБ. Бағалайды. Екі жұлдыз, бір тілек.

2-тапсырма. Төменде берілген кестені толтырыңдар.

3-тапсырма. Берілген тапсырманың 1-еуін таңдайды.

ЖЖ

а) Берілген мәтін бойынша тезистік жоспар құрыңыз.

б) «Әлемді өзгерткен өнертабыстар» тақырыбына эссе жазу үшін тезистік жоспар құрыңыз.

  • Әлемді өзгерткен өнертабыстар
  • Таңғажайып табыстардың иесі

Жұмыстарын бағалайды.

https://massaget.kz/layfstayl/tehno/57902/

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Мен үшін 2 қызықты тұсы;

Мен үшін 1 қиын тұсы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу