Пікір алмасу. Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері. Әлемді өзгерткен өнертабыстар. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, таратпа материал. 4 сабақ. 1 нұсқа.
Оқылым мәтіні
Генетика – бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” — шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды.
Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Бұл тұқым қуалаушылық деп аталады. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай да бір белгісі жөнінен айырмашылығы болады.Организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Ол өзгергіштік деп аталады. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік – қатар жүретін, бір жағынан бір-біріне қарама-қарсы, өзара тығыз байланысты процестер.
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері мынадай:
- Будандастыру (гибритизация) әдісі. Бір немесе бірнеше белгі бойынша айырмашылығы бар екі ағзаны будандастырудың нәтижесінде алынған ұрпақ гибридтер деп аталады.
- Генеологиялық әдіс. Бұл әдіс арқылы адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын, оның шежірелік қатысын, туыстарының арасында таралуын және ата-бабасынан ұрпақтан-ұрпаққа қалай берілгенін зерттеу жатады. Бұл әдіспен ұрпаққа түрлі аурулардың берілу мүмкіндігін анықтауға болады.
- Егіздерді салыстыру әдісі. Бұл әдісті бір жұмыртқалы егіздердің (бір жұмыртқадан дамығандықтан) генотипі бірдей болғандықтан, әр түрлі белгілердің қалыптасуна сыртқы ортаның әсері зерттеледі.
- Цитогенетикалық әдіс. Бұл әдіс арқылы кариотип, хромосомалардың саны, пішіні және мөлшері зеріттеледі. Адамда пайда болған хромосомдық және геномдық мутацияларды байқауға мүмкіндік туғызады. Мұндай өзгерістер түрлі аурулардың тууына себепкер болады. Сондықтан цитогенетикалық әдісті медицинада диагностикалық мақсатта қолданады.
- Биохимиялық әдіс. Адамда болатын зат алмасудың бұзылуы түрлі тұқым қуалайтын өзгерістермен тікелей байланысты. Бұл әдіспен гендік мутацияны анықтауға болады, ДНҚ-ға талдау жасау арқылы баланың ата-анасын дәл анықтап табуға болады.
- Популяциялық әдіс. Бұл әдіспен гендердің және генотиптердің популяцияда кездесу жиілігін зерттейді.
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды