Әлемді өзгерткен өнертабыстар. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ. 2 нұсқа.
Пән | Қазақ тілі | |||
Сабақ | 3 | |||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||
Сынып: 11 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||
Бөлім тақырыбы | Әлемді өзгерткен өнертабыстар | |||
Сабақтың тақырыбы | Жаңа сабақ | |||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау | |||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар Ғылыми стильдегі мақаланың құрылымын талдайды; Көптеген оқушылар Мақаланың рәсімделуін талдайды; Кейбір оқушылар Ғылыми стильдегі мақаланың жанрлық ерекшелігін талдайды; | |||
Бағалау критерийлері | Ғылыми стильдегі мақаланың құрылымы мен рәсімделуін талдайды; Ғылыми мақаланың жанрлық ерекшелігін талдайды; | |||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: күн энергиясы, электр энергиясы, күн жүйесі, батарея, телескоп т.б. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің түсінгенім..., менің ойымша... | |||
Мектеп құндылықтары | Ашықтық: оқушылар өздерінің білік –дағдыларын ортаға салады, пікірімен бөлісіп, қолдау көрсетеді. | |||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушының білік –дағдысы қолданылады | |||
Жоспар | ||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||
Сабақтың басы ½ минут | Сабақ мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлар таныстырылады (кей жағдайда дескрипторлар тапсырма алдында ұсынылады); |
Сабақтың ортасы 10 минут 15 минут 10 минут | Оқылым алдындағы тапсырма. Оқушылар бөлме қабырғасына жапсырылған ақпараттармен танысады. Қажет мәліметтерді дәптерлерне түртп алады. Топқа бөлінеді. Әр топқа жеке мәтін ұсынылады. Мәтін құрылымына талдау жасайды. Ақпараттардағы мәліметтерд қолданады. Оқылым тапсырмасы. Дескриптор: Құрылымын талдайды; Рәсімделу ерекшелігін анықтайды; Жанрлық ерекшелігін ажыратады. Мәтін. Күн энергиясы – бұл күннен шыққан сəуле мен жылу. Оны адамдар бағзы замандардан бері үздіксіз дамып отырған түрлі технологияларды қолдану арқылы пайдаға асырған. Күн энергиясының қолданылу аясы өте кең. Мысалы, оны бүгінгі таңда электр энергиясын өндіру, фотоэлектрлік элементтер көмегімен суды қыздыру жəне тікелей киімді кептіру үшін пайдаланамыз. Үйде орнатылған күн жүйесі, əдетте, күн батареялары панелдерінен, инвертордан, аккумулятор, зарядты реттеуші, сым мен қолдау құрылымынан тұрады. Сонымен қатар ол дəстүрлі емес энергия көзінің анағұрлым маңызды түрі болғандықтан, экологиялық таза əрі парникті əсерін азайтуға үлкен септігін тигізеді. 1838 жылы Эдмунд Беккерель күн сəулесін энергияға алмастыратын материалдар табиғаты жайлы өз қорытындыларын жария етті. Күн энергиясы біздің электр энергиясына деген сұранысымызды да қанағаттандыра алады. Күннің фотоэлектрлік торлары арқылы өткен күн сəулесі тікелей тұрақты ток электр энергиясына айналады. 1839 жылы француз физигі А.Э.Беккерель алғаш рет фотоэлектрлік эффект құбылысын ашты. Алғашқы күн элементін Чарльз Фритс ойлап тапты. Энергияны қабылдап алу жəне сақтау арқылы болашақта күн энергиясын қолданудың анағұрлым тиімді жолдарын жасаумен қатар, бұл саладағы зерттеулер əлі де жалғасуда. Қазіргі уақытта күн батареялары күн энергиясын фотовольттік əсер жолымен электр энергиясына айналдыру мақсатында пайдаланылуда. Құрылымы: Рәсімделуі: Жанрлық ерекшелігі: -Ж. 3 сөйлем жазады. -Т. Топта өздерінің жазғанын ортаға салады. -өзара талқылап, шешімдерін ортаға салады, таныстырылым жасайды. Оқылымнан кейінгі тапсырма. Таныстырылым: Оқушылар өздерінің жұмысын ортаға салып, ойларын дәлелді жеткізеді. Кері байланыс. «Ең сәтті жұмыс... » | Жапсырма қағаздар Таратпа мәтіндер | ||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия «Плюс-минус-қызықты»
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?