Әлемді өзгерткен өнертабыстар Шешендік сөздер. Пікір алмасу. Публицистикалық стильдің тілдік. ерекшеліктері. Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал.
Өнертабыс патенті - өнертабыс иесіне немесе оның ізбасарына авторлық құқық беріп, оның ұсынысы өнертабыс ретінде мойындалғанын куәландыратын құжат.
Өнертабыс түсінігі мен объектілері.
Белгілі бір өнертабыс негізі болған шығармашылықтың деңгейін бағалау қажет болғандықтан, өнертабыс түсінігінің объективтік анықтамасын беру мүмкін емес. Сондықтан, Қазакстан Республикасының Патент Заңында бұл түсініктің анықтамасы берілмеген, тек оған қойылатын талаптар көрсетілген:
- жаңалығы;
- өнертапқыштық деңгейдің болуы;
- өнеркәсіпте қолдануға болатын техникалық шешімнің болуы.
Егер өнертабыс осы аталған талаптарға сай болса, онда оған Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етіледі. Алайда, өнертабысты мәселенің шығармашылық-техникалық шешімі ретінде анықталатын құбылыс ретінде қарастыру заңды. «Техникалық шешім» термині техниканың әр түрлі салаларындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету құралы ретінде, сонымен катар, мысалы, жаңа музыкалық аспап жасау арқылы өнер; спорт көмекші кұралдарын жасау аркылы спорт; жаңа емдеу әдістерін, дәрі-дәрмектерді жасау арқылы медицина және т.б. салаларда кең мағынада қолданылады. Осылай ауруды емдеу әдістері техниканың жалпы түсінігіне жатпайды. Бұған қарамастан, емдеудің терапиялық әдістері емдеу құралдарын нақты белгіленген мөлшерде, белгілі бір уақыт ішінде, белгілі бір кезектілікпен және т.б. қолдануды меңзейтіндіктен, бұл арқылы емдеу техникасы анықталады. Бұл мағынада емдеу тәсілдері техникалық шешім ретінде қарастырылады. Осылай, өнертабыс арқылы техника, ауыл шаруашылық, мәдениет, білім беру салаларындағы әр түрлі мәселелер өз шешімін табады, бірақ бұл жерде өзге (экономикалық, әкімшілік, ұйымдастырушылық т.б.) техникалық әдістер мен құралдар қолданылмауы тиіс.
Әрбір өнертабыс белгілі бір объектіні, яғни қоғамдық кажеттілікті қанағаттандыра алатын техникалық құралды сипаттайды. Құрылғы, әдіс, зат, микроорганизмдердің, өсімдіктер мен хайуанаттар клеткаларының тегі, сондай-ақ бұрыннан белгілі құрылғы, әдісті, затты текті жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектілері бола алады.
Өнертабыс объектілерін нақтылау патент иесінің құқықтар көлемін анықтау заңмен корғалатын өнертабыстың пайдаланылуын бақылау мүмкіндігі үшін құқықтық маңызы зор.
Құрылғы - өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектілері ретінде құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жатады. Кеңістікте орналасқан бір-бірімен тығыз байланыстағы элементтер жүйесі құрылғы болып танылады. Бұл машиналар - мысалы, «Қар жинаушы машина»; құрылғылар - «Магнит өрісі датчигі»;
Жетілдірілген инструмент, мысалы, «Геологиялық балға», «Қозғалмалы пышақ» жатқызылуы мүмкін.
Құрылғы болып көлік құралдары, жабдықтар, сонымен қатар, әр түрлі бұйымдар танылады. Мысалы, «Әмбебап оқу партасы». Электр схемалары да құрылғының бір түрі болып табылады.
Патенттік қорғалуға құрылғының өзі ғана емес, олардың бөлек элементтері де: түйіндері, бөлшектері т.б. жатады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?