file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Әлемді өзгерткен өнертабыстар Шешендік сөздер. Пікір алмасу. Публицистикалық стильдің тілдік. ерекшеліктері. Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал.


Пікір

  • баға, ой;
  • бірдеңе немесе біреу туралы ой, пікір жазылған кұжат

 Қоршаған ортаны танып біле келе нәрселерді және олардың белгілерін бөліп аламыз. Мысалы, металдан жасалған бір затты зерттесек, ол туралы мынадай ой айтамыз: "Бұл нәрсенің жылтырайтын, майысатын, балқығыштық, қызу өткізгіштік, электр тоғын өткізгіштік қасиеттері бар". Бұл сөйлемде біз бір нәрсе жөнінде пайымдаймыз. Ол пікір сол зат пен оның белгілері туралы ойды көрсетеді. Ал ол нәрседе (затта) бірлі-жарым белгілердің болмауы да мүмкін. Онда біз ол зат туралы "мына зат ақ емес", "мына кітап қызықты емес" дейміз. Затта белгінің бар болуы немесе жоқ болуы біздің ойлауымызда не қостау, не терістеу формасында пайымдалады.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%96%D0%BA%D1%96%D1%80

Пікір жазуПікір – қоғамдағы кез келген тұлғаның ойы. Ол әртүрлі жағдайда туындайтын алуан ойлар желісі. Бірақ пікір жазудың өзіне тән қағидалары бар.

Естіген дүниеге емес, көріп оқыған дүниеңізге ғана пікір жазыңыз.

Қоғамда түрлі қайшылықтар туындап жатады. Соның бірі әркімнен естіп алған ақпаратына пікір білдіру. Бұл сіздің сауатсыз екеніңізді көрсетуі әбден мүмкін. Өйткені өзіңіз білмейтін, көрмеген, оқымаған дүниеге сіз тек сыңар жақ пікір ғана білдіре аласыз.

Пікір жазбастан бұрын өзіңізге мына сұрақтарды қойыңыз: Неге? Не үшін? Не жаза аламын?

Үш сұрақ арқылы неге пікір жазасыз, не үшін жазасыз, одан қандай пайда бар және де қандай пікір жазайын деп тұрсыз деген дүниелерге дайындық жасаңыз.

Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.

Сіздің бір ауыз пікіріңіз, тіпті сөйлем емес, бүкіл бір шығарманың, берілген ақпараттың бағытын өзгертіп немесе сол жерде отырған оқырман арасында дау тудыруы мүмкін. Ал даудың оты өзіңізді де шарпуы ғажап емес. Әрбір сөзге байыппен, баппен қараңыз, қайта-қайта сараптама жасап барып пікір жазыңыз.

Пікір жазу тек ой бөлісу емес...

Пікір жазу тек ойыңызды бөлісіп қана қою емес. Ол – сол жазған ойыңыздың біреуге әсер қалдыра білуінде.

Пікір өзіңізге абырой, біреуге жігер береді.

Жазылған дүниенің құнды болуы оған жазылған пікірдің, сынның, міннің деңгейіне байланысты. Жазған дүниеңіз мақтаудан гөрі сараптамаға түсіп жатса қуаныңыз. Өйткені сізді оқып әрі талдап жатыр деген сөз. Ал кейде сіздің жазған пікіріңіз біреудің әрі қарай шығармашылықпен айналысуына себептігін тигізеді. Бұған күмәніңіз болмасын.https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/dep/41546



Толық нұсқасын 17 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу