Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы
Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция.
Оқу мақсаттары:
Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау.
Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.Сабақтың мақсаттары
Графиктік мәтінде берілген деректерге салыстыру жасап, талдауға, өзіндік тұжырым жасауға үйрету.
Бағалау критерийлері:
Мәтіндерде берілген деректерді салыстыра алады;
Мәтін деректерін талдап, өзіндік тұжырым жасайды.
Мәтіндегі ақпараттарды талдай отырып, мәтін жазады.
Қызығушылықты ояту:
Төмендегі кестеге қарап, нені аңғаруға болады?Мемлекетімізден мамандардың көшуі неге әсер етеді деп ойлайсыздар?Мәтін:
Мемлекеттік статистиканың мәліметтері бойынша, 1994-2004 жылдар аралығында Қазақстаннан кеткендер:
Жазылым алды тапсырмасы.
Төменде берілген екі графикті суреттерді пайдаланып, Қазақстандағы интеллектуалды миграция мәселесіне қатысты үдерісті анықтаңыз.Дескрипторлар:
Графиктік мәтіндегі ақпаратты оқып, түсінеді;Мәтінде көтерілген мәселені анықтай алады;Ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді.Тақырыпқа қатысты терминдерді орынды қолданады;Сөйлеу барысында интонацияның құрамдас бөліктерін (әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті) сөйлеу мәнеріне сай қолданып сөйлейді.Жазылым тапсырмасы:
Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды қолдана отырып, пікірлерді толықтырып, деректерге талдау жасай отырып, «Өзге елде сұлтан болғанша...»тақырыбына дискуссивті эссе құрап жазыңыз.Дескрипторлар:
Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды қолдана алады;
Деректерді талдай отырып, дискуссивті эссе жазады.
Эссе құрылымын сақтайды;
Тақырыпқа қатысты тілдік құралдарды (терминдерді, тілдік оралымдарды) қолданады.
Сөз көлемін сақтап жазады.
Жазылымнан кейінгі тапсырма:
Жазған эссені өзара алмасып, талдау жасайды.Қажетіне қарай логикалық және стилдік түзетулер енгізіп, редакциялайды.Сөзталаста интонацияның құрамдас бөліктерін (әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті) сөйлеу мәнеріне сай қолданып сөйлейді.Рефлексия
Сабақ барысында не ұнады, не қиын болды және ұсынысын жазады.Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?