Ғұламалардың жылыстауы. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ. 1 нұсқа.


Ғұламалардың жылыстауы

20.07.2010

  «Ғұламалардың жылыстауы» – мемлекеттен немесе аймақтан ғалымдардың, мамандардың және білікті қызметкерлердің қоныс аудару үдерісі. Бағалы мамандардың қоныс аударуы дамыған мемлекеттерден шет орналасқан елдер үшін үлкен зардап әкеледі. «Ғұламалардың жылыстауы» термині алғаш рет 90 жылдардың басында Ұлыбританияда пайда болды. Бұл ұғымды ағылшын журналистері АҚШ-на еуропалық ғалымдардың жаппай қоныс аударуын сипаттау мақсатында қолданды. 2004 жылы бір топ америкалық демографтар ауқымды зерттеудің нәтижелерімен бөлісті: әрбір оныншы жоғарғы білімі туралы дипломы бар адам дамушы елдердің тұрғыны екен. Сонымен қатар, әртүрлі есептеулер бойынша, бұл ғалымдар мен жоғары білікті кадрлардың 30 %-дан 50 %-ға дейінгі үлесі дамыған мемлекеттердің тұрғындары болып табылады.

 Жоғары білікті кадрлардың жылыстауы олар кетіп жатқан мемлекеттер үшін бірнеше келеңсіз мәселелер тудыруда. Біріншіден, бюджеттік қаражаттың шығыны байқалады. Елестетіп көріңіз, мемлекет адамды оқытады, бірінші мектепте, содан кейін ЖОО-да, мүмкін, олимпиадаларға жібереді, білімдерін отандық кәсіпорындарда жетілдіре түседі, қорыта айтқанда, қанша жыл қатарынан ақша жұмсайды. Міне енді бұл жеткіншектен дербес тұлға қалыптасқан кезде, ол басқа елге кетеді де қалады. Талантты шыңдауға жұмсалған қаражат ешқандай кедендік салықтарсыз шет елге ұшады да кетеді. Екіншіден, Отанында қызмет етіп, оны дамытатын, пайда әкелетін, ең ақыры, демографияны дамытып, өз бизнесын ашатын, салық төлеп, білімімен бөлісетін білімді әрі талапты адамдарынан айырылады. Үшіншіден, мамандардың кетуі экономика салаларына өз зардабын тигізіп, жұмыс күшінінің аздығына әкеліп соқтырады.

 «Ғұламалардың жылыстауы» неғұрлым жағымсыз ұғым ретінде қабылданып жүрсе де кейінгі кезде бұл үдеріске деген қатынас өзгере бастады. «Ғұламалардың жылыстауы» түсінігімен қатар, «ғұламалармен алмасу» немесе «географиялық жұмылғыштық» ұғымдары пайда болды. Бүгінгі күнге дейін білікті мамандардың шет елге жұмысқа орналасуы себепті кетуінің екі жағымды жағы анықталды. Біріншіден, өзге елге кетіп бара жатқан мигранттар өз елдерінде Отанынан кетуге мүмкіндігі жоқ туыстары мен жақындарын қалдырады. Шет елде қызмет етіп, олар өз жалақыларының бір бөлігін көмек ретінде туыстарына жібереді. Бұндай қаржылық аударымдар кейбір елдер үшін шет ел валютасының қайнар көзі болып, ұлттық экономиканың маңызды бөлігіне айналған. Халықаралық еңбек ұйымының дерегіне сүйенсек, жыл сайынғы осындай аударымдар 300 миллиардтан астам долларды құрайды екен. Мысалы, азаматтарының басқа елге жұмысқа орналасу үшін кетуін қолдайтын Филиппин елі жыл сайын шет елден ақша аударымы ретінде 12 миллиард доллардан астам қаражат алады. Екіншіден, шет елде қызмет етіп, белгілі бір жетістікке жеткен кейбір мигранттар еліне қайтып оралады екен немесе өз ақшасын Отанына инвестициялайды. Бұған ұқсас жағдай Үндістанда байқалады, бұл елдің бұрынғы азаматтары шет елде тәжірибе мен білім жинақтап, өз Отанында жаңа бизнес ашады. Осылайша Үндістандағы ең ірі 20 софтверлік компанияның 10-ын «америкалық үнділер» ашқан.

90 жылдары Ресей Федерациясы да ғалымдардың жаппай Батыс Еуропа мен АҚШ-на көшіп кету жағдайына душар болды. Кейбір деректерге сүйенсек, 1999 жыл мен 2004 жылдың аралығында Ресейден 25 000 ғалым кетіп, 30 000 ғалым келісімшарт негізінде шет елде жұмыс істеген. Бұл елдің ғылыми әлеуетінің 5-6 пайызын құрайды. Зияткерлік миграция себептері: ғылыми орталықтардың материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен аз қамтамасыз етілуі, мемлекеттің және қоғамның ғылыми зерттеу саласына деген салғырттығы, жас ғалым, сонымен қатар, жоғары білікті ғалымдардың да

еңбекақысының аз мөлшері, Ресейдегі ғалым мәртебесінің төмендігі.

 Ресейдегі жағдай Қазақстандағы мәселелермен өте ұқсас. БҰҰ даму бағдарламасының мәліметтері бойынша, сыртқы миграцияның есебінен 1992-2004 жылдары Қазақстаннан 2077,9 мың адам кетіп қалған. 2 миллионнан астам қазақстандық шет елдерге «жақсы өмір» іздеп кеткен. Кеңестік ғалымдар, инженерлер, ядролық физиктер ғылыми зерттеулер жүргізуге және жоғары жалақы төлеуге мүмкіндік тудырған Германияға, АҚШ және басқа елдерге қоныс аударған. Мемлекеттегі экономикалық жағдайдың жақсаруымен сыртқы миграция мөлшері азая бастады, дегенмен көптеген талантты қазақстандықтар Отанында орнын таппай, елден сыртқары мемлекеттерге кетіп жатыр.

 2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шет елдегі бүкіл ғалымдарға Қазақстанға оралып, отандық ғылымның дамуына қолдау көрсетуге үндеу салды және тиісті жалақы мен заманауи құрал-жабдықтармен зерттеу жүргізуге мүмкіндік жасалатынына сендірді. Кейбіреулері бұл үндеуді қабыл алып, елге оралды. Ерлан Тұрысбеков Англия, Жапония және АҚШ-дағы алдынғы қатарлы биотехнологиялық ұйымдарда ғылыми қызметкер ретінде жұмыс атқарған. Қазір ҚР Ұлттық биотехнология орталығының «Биология және өсімдіктер биотехнологиясы институты» директорының орынбасары болып табылады. Сеул мемлекеттік университетіндегі 5 жылдық ғылыми-оқытушылық қызметінен кейін Қазақстанға Вячеслав Огай да оралды.

 Дегенмен кейбір қазақстандықтар өздерінің шет елде болуымен Қазақстанға молырақ пайда тигіземіз деп ойлайды. Олардың ішінде Ержан Жұмағали да бар. Ержан – ғалым-биолог, Америкада 10 жыл тұрады. Ол грин-карта ұтып алып, Америкада тұру және жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстандық енді АҚШ-дағы ең ірі ғылыми орталықтардың бірінде қызмет атқарады. Ержан өзінің талантты отандастарымен, биолог, инженер, физик және химиктермен, жиі хабарласып, белсенді түрде оларға қолдау көрсетеді. Ғалым Қазақстанның ғылыми дамудан кенже қалып қойғанына өкініш білдіреді. Үкіметтің қолдауына қарамастан, Отанға оралуға әзірше дайын емес екен.

 Физика, химия, математика сияқты нақты ғылымдармен қатар, Қазақстаннан экономика, саясаттану, халықаралық қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер сияқты ғылым өкілдері де кете бастады. Бауржан А., саясаттану ғылымдарының PhD докторы, Массачусетс штатындағы әлемге беделді университеттердің бірінде жұмыс істейді. Қазақстаннан 5 жылдай бұрын кетіп қалған. «Бауыржан, неге кеттіңіз? Мәселе жалақыда ма?» деген сұраққа «Әрине, мұнда мен он есе дерліктей көп аламын. Дегенмен мемлекеттік қызметке жоғары жалақының артынан қуып келмеген едім. Елімнің дамуына аз да болса үлесімді қосайын деген едім, алайда әріптестерімнің тарапынан көреалмаушылық, сатқындық сияқты әрекеттер молайып, жұмыс істеуге деген мүмкіндік болмады. Өздері істемейді де, өзгенің істегенін де жаратпайтын жалқау адамдарды байқадым. Міне жағдай солай болды» деп ағынан жарылды.

  Қазақстандағы «Ғұламалардың жылыстауы» мәселесі – әлі де зерттеу мен зерделеуді талап ететін үлкен үдеріс.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу