Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал.
Интервью—журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі. Интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью және түсіңдірмелі интервью болып екіге бөлінеді.
- Хабарламалы интервью түріне — тілші мен әңгімелесуші екеуінің сұрақ-жауап түріндегі диалог интервью тілшінің бір ғана сұрау беріп, оған әңгімелесушінің ұзақтау жауабы монолог интервью, әңгімелесуші айтқанының мазмұны ғана түйіліп берілетін мазмұндама интервью жатады. Бұларда түсіндіру талдау болмайды, сұхбаттың есебі ретінде ғана танылады.
- Түсіндірмелі интервью түрлеріне — интервью суреттеме, баспасөз маслихаттық дөңгелек үстел басыңдағы әңгіме, брифинг, анкета жатады. Бұларда дерек, оқиға, құбылыс хабарланып қана қоймайды, олардың қыр-сыры кеңірек түсіндіріліп, күрделі жайттарға түсіндірме беріледі.
Интервьюдің түрлері
Зерттеу кезеңіне байланысты
- Алдын-ала интервью. Алдын-ала дайындаған сұхбат, ең алғашқы сұхбат.
- Негізгі интервью. Ең негізгі материалдар негізінде болады.
- Бақылау интервью. Негізгі материалдарды толықтыру үшін қолданады.
Қатысушының санына байланысты
- Дербес интервью дегеніміз — бір тілші сұрақ қояды, және сұраққа жауап беретін бір адам болады.
- Топтық интервью дегеніміз — екі немесе одан да көп тілшілер сұрақ қояды.
- Бұқаралық интервью дегеніміз — жүзден аса тілшілер немесодан да көп тілшілер сұхбат алады.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?