Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция.Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 2 нұсқа.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ (Т1)

Мектеп:

Күні:1 -сабақ,

40минут

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатысқандар:

Лексика-грамматикалық бөлім

Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция.

Шешендік сөздер

Грамматикалық материал

Сөзталас.Ресми ісқағаздар стилінің тілдік ерекшеліктері

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым және айтылым

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;

11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мақсатты аудиторияға лайық ұғымдарды анықтай алады

Оқушылардың көбісі:

Мақсатты аудиторияға лайық терминдер мен ұғымдарды анықтап, сөйлеу кезінде қолдана алады

Оқушылардың кейбірі:

Мақсатты аудиторияға лайық терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды анықтап, сөйлеу кезінде қолдана алады

Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар:

Мақсатты аудиторияға лайық ұғымдарды анықтай алады

Оқушылардың көбісі:

Мақсатты аудиторияға лайық терминдер мен ұғымдарды анықтап, сөйлеу кезінде қолдана алады

Оқушылардың кейбірі:

Мақсатты аудиторияға лайық терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды анықтап, сөйлеу кезінде қолдана алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Тақырыпқа байланысты сөздер және терминдер:

Миграция, қоныс аудару, Заңсыз иммиграция

Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер:

Менің ойымша...

Бір жағынан...

Мен осы көзқараспен ... келісемін/келіспеймін.

Құндылықтар мен байланыс (тәрбиелікэлемент)

Жауапкершілік Құрмет Адалдық

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер, қажетті құралдар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі:

І. Амандасу

ІІ. Оқушыларды түгендеу

ІІІ. Сабақ мақсатын анықтау

Сабақтың ортасы

7 мин

1-тапсырма

Сәйкестендір

эмиграция

елге тұрақты тұру үшін көшіп келу

иммиграция

эмигранттардың елге қайта оралуы

ремэмиграция

көші-қон

репатриация

тұрақты тұруға елден кету

миграция

қазақтардың өз Отанына қайта оралуы

эмиграция - тұрақты тұруға елден кету

иммиграция - елге тұрақты тұру үшін көшіп келу

ремэмиграция - эмигранттардың елге қайта оралуы

репатриация - қазақтардың өз Отанына қайта оралуы

миграция - көші-қон

2-тапсырма

Берілген кесте бойынша миграция туралы түсінік бер, оның болу себептерін айқында, түсіндір. (сынып 4-ке бөлінеді. Оқушыларға кесте таратылып беріледі не тақтадан көрсетіледі. Сол бойынша география пәнінен алған миграция туралы білімдерін еске түсіреді.)

3-тапсырма

Берілген мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер. Мәтіннің жанрын, мақсатын, аудиториясын анықта. Анықталған бойынша тілдік белгілерін (термин сөздерді, тілдік оралымдарды) тауып, қолданысын түсіндір.

Оңтүстік Кореяның көші-қон қызметі визасыз режимге қарамастан биылғы 10 айдың өзінде 5 мың қазақстандықты әуежайдан кері қайтарған. Себебі, олар Кореяға заңсыз жұмыс істеуге келді деген күдік тудырған.

Кореяның көші-қон қызметі бүгін Қазақстанның бұқаралық  ақпарат құралдарына бірінші рет сұхбат берді. Осы кездесуден жаңа ғана шыққан әріптесім Дулат Абибуллаев қазір Сеулден байланысқа шығуға дайын тұр.

Дулат Абибуллаев, тілші:

Расында да Кореяда өзге елдің бұқаралық  ақпарат құралдарына сұхбат беру сирек жағдай. Дегенмен, осы елдің көші-қон қызметімен сұхбаттасудың сәті түсті. Белгілісі, екі ел арасындағы визасыз жүріп тұру режиміне қарамастан корей шекарашылары 5000 қазақстандықты елдеріне кіргізбей  әуежайдан  кері қайтарған.  Себебі, бұл азаматтар олардың күдігін туғызған. Олардың барлығы дерлік  бұл елге  келгендегі мақсаттарын  шекарашылармен сұхбаттасу кезінде түсіндіре алмаған.

Жалпы Кореяда алыс-жақын шет елдерден 310 мыңнан астам  заңсыз мигрант бар екен. Оның 12 мыңға жуығы - Қазақстан азаматтары. Корей көші-қон қызметі бұл мәселені шешуге Қазақстан тарапы да құқықтық құжаттар қабылдап, атсалысуы керек дегенді айтты.

Пак Джу Хен, Оңтүстік Корея Республикасы көші-қон қызметі тергеу бөлімінің хатшысы:

Заңсыз мигранттар санын азайту үшін әлемдік тәжірибеде екі елде құқықты шаралар мен өзге де шектеулер қолданады. Мысалы, депортация жасалған азаматтарды өз еліне оралған соң шетелдерге мүлде шығармау  секілді санкциялар қолданылғаны дұрыс.  Біздің заңнама бойынша оларға 20 миллион вонға дейін айыппұл салынады және 10 жылға дейін Кореяға кіруге шектеу қойылады. Сондықтан да, заңсыз жүргендер  жасыл дәліз режимінбарынша қолдануы керек.

Белгілісі, бүгінге дейін бірде бір Қазақстан азаматына ақшалай айыппұл салынбаған. Корей билігі бұл құқықтық құралда әзірге қолданған емеспіз деп отыр.  Қолданған күннің өзінде айыппұл көлемі заңсыз жүрген мерзіміне байланысты өзгеріп отырады. Яғни, 20 миллион вон немесе 6,5 миллион теңге бұл айыппұлдыңшектікмөлшері.

Корея РеспубликасыныңҚазақстаназаматтарынелгекіргізбеусебебінеде?

Неліктенқазақстандықтар Корея елінемиграциялайды? Жасылдәлізрежиміқандай режим деп ойлайсыз?

(Түсінік: "Жасыл дәліз" акциясыаясындаКореядазаңсыз жұмыс істепжүргеназаматтар, егерөзеркіменелінеқайтамындесе, ешқандайайыппұлсыз, депортациясызелінеқайтарылады. )

4-тапсырма

Грамматикалық материал

Ресми стиль туралы ақпаратпентаныс, конспектілеп ал. Келесітапсырмадаберілгенмәтінненресмистильгетәнбелгілердіатап, тілдікбірліктеріарқылыдәлелде.

Ресми-іскери құжаттардың тілі – клише, стандарт, шаблон құрылымдардың жиынтығы. Онда тұрақты сөз орамдарының, стандарт тілдік бірліктері байқалады: тұрақтанған үлгілердің, қысқартулардың мол болуы, материалдың белгілі бір тәртіппен орналасуы, құжаттың белгілі бір қалып, үлгі бойынша толтырылуы, ақпаратты ықшам да дәл бере отырып, белгілі бір тілдік құрылымдарды орнықтыра түседі.

Ресми стильдің екі түрлі қызмет атқаратындығы түсіндіріледі: бірі – информативтік (ақпарат беру) қызмет; екіншісі – волюнтативтік (іске итермелеу) қызмет. Мәселен, анықтама үлгісінде ақпараттық немесе хабар беру қызметі басым көрінсе, бұйрықта бір іске итермелеу не болмаса сол істі орындауға міндеттеу қызметі анық байқалады; ал хаттама құжатында әрі ақпараттық (тыңдалды), әрі бір іске итермелеу (қаулы қабылданды, шешім шығарды) қызметтері қатар жүзеге асады.

Ресми стильдің үш шағын түрі айқындалып қалыптасқан:

- әкімшілік-кеңсе (іс қағаздары) шағын стилі (анықтама, өтініш, өмірбаян, түйіндеме, мінездеме, арыз, хаттама, хабар-ландыру, бұйрық, жеке іс парағы). Бұдан басқа азаматтық қатынастарды реттейтін сенімхат, қолхат, келісімшарт, тапсырыс қағаздары, еңбек келісімі, т. б.

- таза заң шағын стилі (заң, қаулы-қарарлар, жарлық, жарғылар, азаматтық, қылмыстық істер актілері,т.б.);

- дипломатиялық шағын стилі (келіссөз, мемлекетаралық шарттар, іскери хат, үндеу, нота, мазмұндама, меморандум, конвенция, т.б.).

Ресми стильдің түрлері белгілі бір қалыпқа түскен үлгі бойынша жазылады да, онда саяси-публицистикалық лексика, әкімшілік терминдер мен номенклатуралық атаулар жиі қолданылады (мекеме, ұйым, өкілеттік, ақпараттық хат, шарт, келісім, ереже, қаулы, нұсқау, өтінемін, сенім білдіруші, келісілген, төменде қол қоюшылар, қолхат, куәлік, күн тәртібі, шешім қабылданды, бұйрыққа жіберілсін, Ұлы мәртебелі, т.б.). Логикалық жүйелі құрылған ой құрмалас сөйлемдер арқылы беріледі, ондағы сөздердің орын тәртібі қалыптасқан құрылымнан тұрады.

5-тапсырма

Халықтың көші-қоны туралы Заңының 55-бабын оқы. Сұрақтарға жауап бер. Ресми стильге тән белгілерді тауып, түсіндір.

55-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібі

      1. Әркімнің Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетуге құқығы бар. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасына кедергісіз қайтып оралуға құқығы бар.

      2. Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кету ішкі істер органдары кетуге арналған құжаттарды ресімдегеннен кейін жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтінішті ішкі істер органдарына:

      1) әрекетке қабілетті азаматтар - өздері;

      2) балалар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар атынан олардың заңды өкілдері береді.

      4. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтініш берген азаматтардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кетуінен бас тарту үшін негіздердің болмауына тексеру жүргізеді.

      Мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтініш берген азаматтарға қатысты ішкі істер органдарының сауалдарын он күн мерзімде қарайды.

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім барлық құжаттар ұсынылған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қабылданады.

      5. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуімен байланысты шығындарды қаржыландыру кетушілердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады, сондай-ақ, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, басқа да көздерден жүзеге асырылуы мүмкін.

      6. Қазақстан Республикасынан басқа мемлекетке тұрақты тұрғылықты жерге кететін Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне және өздерінің отбасы мүшелеріне меншік құқығымен тиесілі мүлікті өз қаражаты есебінен әкетуге құқылы.

      7. Азаматтардың мемлекет үшін мәдени, тарихи немесе өзге де құндылығы бар заттарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкетуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реттеледі.

      8. Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге тұрақты тұрғылықты жеріне кеткен адамдардың Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікке құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

Берілген мәтіннің қызметін анықта.

Ресми стиль түрін анықта.

Ресми стильге тілдік белгілерді анықтап, түсіндір.

6-тапсырма

Сенің досың шетелге заңсыз мигрант болып баратынын айтты. Бұл әрекетінің дұрыс емес екендігін түсіндіріп, ҚР Халықтың көші-қоны туралы Заңына сәйкес не істеу керектігін түсіндіріп жаз.

Бағалау критерийі

Аудиториясы анық, кімге арналғаны анық көрсетілген – 1 балл

Миграция туралы түсінік берілген - 1 балл;

Оның оң және теріс жақтары баяндалған – 2 балл;

Заңсыз миграцияның қауіптілігі түсіндірілген – 1 балл;

Заңды миграцияны алудың қадамдары көрсетілген (кемінде 2) – 2балл;

ҚР Халықтың көші-қоны туралы Заңына сілтеме берілген -1 балл;

Сауаттылық, таза жазу талаптары сақталған – 2 балл

https://www.slideshare.net/AisuluMaksotova/ss-77044020

https://twig-bilim.kz/uploads/material-group/75/kz/kktwig-sayakhat-zhne-migratsiya.pdf

https://qazaqstan.tv/news/62654/

https://sputniknews.kz/politics/20181022/7728806/kazakhstan-koreya-aiyppul.html

Сабақтың соңы

2 минут

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қарапайым деңгей:

.

Орта деңгей:

Жоғары деңгей:

Оқуды қадағалау.

Сұрақ – жауап.

Өзара жұптағы бағалау.

Бағалау критерийі арқылы жеке, жұпқа жұмыс тапсырмасын ұсынамын.

Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Тарих пәнімен байланыс.

АКТ қолдану мүмкіндіктері(презентация).

Жұппен жұмыс істеу дағдылары, құндылықтарды есте ұстау (бір-біріне құрмет, ісіне жауапкершілікпен қарау, бағалауда адал болу).

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Ең жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қай екі әрекет жақсы өтті (оқыту мен оқуды ескеру қажет)?

1:

2:

Қай екі әрекет сабақты нығайтуы мүмкін (оқыту мен оқуды ескеру қажет)?

1:

2:

Менің келесі сабағымда ескерілетін, бұл сабақтан сынып немесе жеке тұлғалар туралы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу