Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ. 2 нұсқа.
Сабақ жоспары
Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ниязмаганбетова С.Ж. | ||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. | ||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау; 11.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау; | ||||||
Сабақтың мақсаты | Әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау; Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау; | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік дағдылар | графиктік мәтіндер, статистикалық мәліметтер, миграция, зияткерлік миграция, санақ т.б. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған. | ||||||
Дифференциация | Нәтиже немесе жауап бойынша саралау (барлық тапсырмалар) Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау (Мағынаны тану) | ||||||
Пәнаралық байланыс | Заң, георграфия, тарих, математика | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, ғылым салаларындағы өнертабыстар туралы білімдерін толықтырады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздері | |||||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылықты ояту. Суреттер арқылы сабақ тақырыбына болжам жасалады. Суреттен не көріп тұрсыңдар? Екі суреттің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
«Ми шабуыл» Миграция дегеніміз не? Миграцияның қандай түрлерін білесіңдер? «Ақыл-ой миграциясы» деген не? Миграцияны жаһандық маңызы бар құбылыс деп бағалауға бола ма? Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. | МД Слайд | |||||
Сабақтың ортасы 5 минут 15 минут 10 минут 3 минут | Мәтіналды тапсырма. С. Талқылау. Сыртқы және ішкі көші-қон туралы не білеміз? Сыртқы және ішкі көші-қонның себептері? Сыртқы және ішкі көші-қонның салдары? ЖЖ. Графиктік кестедегі мәліметтермен танысып шық Мәтін тапсырмасы.
Тапсырма: - Графиктік мәтіндердегі мәліметтермен танысыңыз. - Мәліметтерді салыстырыңыз, негізгі үрдістерді анықтаңыз. - Құрылымын сақтап, маңызды тұстары мен үрдістерді талдай отырып, тұжырым жасаңыз. Мәтін соңы тапсырмасы 1. Сұрақтарға жауап беру үшін сыныптасың жазған тұжырымды тексер. Жазылым жұмысында: - Графиктік мәтіндердегі барлық ақпарат қамтылған ба? - Салыстыру қолданылған ба? - Негізгі үрдістер көрініс тапқан ба? - Құрылымы сақталған ба? - Өзіндік тұжырымымен қорытындыланған ба? ЖЖ. Талқылау,өзара кері байланыс бере отырып, бағалау. Жұптар жұмыстарына қатысты бір-біріне өзара кері байланыс береді. Ұсыныс айтады, ұсыныс негізінде жұмыстарына түзетулер енгізеді. Дескрипторлар: - Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді түсінеді; - Мәліметтерді салыстырып, негізгі үрдістерді анықтай алады. - Құрылымын сақтап, маңызды тұстары мен үрдістерді талдай отырып, тұжырым жасайды. Өзіндік бағалау. Оқушылар БК негізге ала отырып, өзін-өзі бағалайды. Мұғалімнің кері байланысы: Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, оқушыларға кері байланыс ұсынады. | 1-қосымша | |||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия •Бір жақсысы...... Бір жаманы...... | ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?