Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.


  • Топқа бөлуге арналған суреттер

Анықтама

Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар ("қала-қала"), ауылдық жерлердегі ("ауыл-ауыл"), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы ("ауыл-қала", "қала-ауыл"). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграцияиммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған. Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді. Халықтың көші-қоны себептеріне қарай жіктеу де аса маңызды. Келесідей себептер анықталады:

  • экономикалық,
  • әлеуметтік,
  • әскери,
  • демографиялық (отбасы бірлесуі, некелік миграция),
  • мәдени,
  • саяси,
  • діни және
  • этникалық.

Халықтың көші-қонын жекелеген елдердің, аймақтардың және жалпы әлемнің экономикалық-демографиялық дамуына елеулі әсер етеді.

Эмиграция (лат. emіgzaze – елден кету деген мағынаны білдіреді) – өз еліңдегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау. Адамдардың Эмиграцияға кетуінің түрлі себептері бар. Соғыстар, этн. қайшылықтар, экон. дағдарыс, экол. техногендік апаттар, революциялар мен радикалды өзгерістер Эмиграцияға себебі болуы ықтимал. Мыс.: Қазақстандағы зорлықпен ұжымдастыру және сталиндік қуғын-сүргін саясаты салдарынан 2 млн-нан астам қазақ қырылса, 1,5 млн-нан астамы еріксіз эмигрант болды. Кеңес үкіметі бос қалған қазақ жеріне Ресейдің ішкі аймақтарынан халықты миграцияға тартты. Бір мемлекеттің шеңберіндегі халықтың көшіп-қонуы миграция болса, халықар. және мемлекетаралық көшіп-қонуы Эмиграцияға болып саналады. Әлемдік саяси тарихта Эмиграцияға ның өрістеуі 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың 1-жартысын қамтиды. Атап айтқанда, 1- және 2-дүниежүзілік соғыстар салдарынан 100 млн-нан астам адам ата-мекендерін тастап, басқа мемлекеттерге көшуге мәжбүр болды. Сонымен қатар осы кезеңде Еуропа халықтарының Солтүстік Америка құрлығына жер іздеп, байлық пен алтын іздеп Эмиграцияғалануына 35 млн-ға жуық адам қатысты. Әлем тарихында мұндай құбылыстарды “халықтардың ұлы көші-қоны” деп те атайды. С. Борбасов .

Иммиграция (латынша іm-mіgrare – көшіп келу) – қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша (Қазақстан заңнамасы бойынша алты айдан көп мерзімге) тұру үшін көшіп келуі. Иммиграция субъектілері: шетелдіктер – басқа мемлекеттердің азаматтары, қос азаматтығы бар адамдар, азаматтығы жоқ адамдар, олардың отбасылары немесе қоныс аударуға тілек білдіруші ұжымдық қоғамдастықтар.

Ойлан, жұптас, бөліс!

Топтаса отырып, төмендегі кестені толтырыңыздар.

Көтерілген мәселе

Автор мен оқырманның қарым-қатынасы

Талқылау сұрақтары

Сыни баға

1.

2.

3.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу