Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 2 сабақ.
Ой шақыру
Сабақтың тақырыбы:
Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция
Сабақтың мақсаты:
Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру, сыни тұрғыда бағалау;
- Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу.
Бағалау критерийлері:
көтерілген мәселе бойынша автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескереді;
талқылау сұрақтарын құрастырады;
сыни тұрғыда бағалайды;
жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөледі;
логикалық және стильдік түзетулер енгізеді.
Миграция дегеніміз не?
2. Эмиграция ...
3. Иммиграция ...
Тыңдалым алды тапсырмасы
Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік-создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған. Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді.
Реэмиграция - атажұртқа оралу (байырғы тұрғындардың өз мекеніне қайта оралуы)
Эмиграция (лат. emіgzaze – елден кету) – өз еліңдегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау. Адамдардың эмиграцияға кетуінің түрлі себептері бар. Соғыстар, этн. қайшылықтар, экон. дағдарыс, экол. техногендік апаттар, революциялар мен радикалды өзгерістер Эмиграцияға себеп болуы ықтимал. Мыс.: Қазақстандағы зорлықпен ұжымдастыру және сталиндік қуғын-сүргін саясаты салдарынан 2 млн-нан астам қазақ қырылса, 1,5 млн-нан астамы еріксіз эмигрант болды. Кеңес үкіметі бос қалған қазақ жеріне Ресейдің ішкі аймақтарынан халықты миграцияға тартты. Бір мемлекеттің шеңберіндегі халықтың көшіп-қонуы миграция болса, халықаралық және мемлекетаралық көшіп-қонуы Эмиграция болып саналады. Әлемдік саяси тарихта Эмиграцияның өрістеуі 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың 1-жартысын қамтиды. Атап айтқанда, 1- және 2-дүниежүзілік соғыстар салдарынан 100 млн-нан астам адам ата-мекендерін тастап, басқа мемлекеттерге көшуге мәжбүр болды. Сонымен қатар осы кезеңде Еуропа халықтарының Солтүстік Америка құрлығына жер іздеп, байлық пен алтын іздеп Эмиграциялануына 35 млн-ға жуық адам қатысты. Әлем тарихында мұндай құбылыстарды “халықтардың ұлы көші-қоны” деп те атайды.
Тыңдалым тапсырмасы
Ойлан, жұптас, бөліс!
https://www.youtube.com/watch?v=qwztDO-ztLo
Бейнематериалды мұқият тыңдап, топта талқылаңыздар және кестені толтырыңыздар.
«Болашақта көші-қон үдерісі жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді» деген пікірге тыңдалым мәтінінен ақпарат пайдаланып, логикалық және стильдік түзетулер енгізе отырып, өз көзқарастарыңды ойтолғау жазу арқылы білдіріңіздер.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
РЕФЛЕКСИЯ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?