Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ (Т1) | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер | ||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.3.2.1 Таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу; | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Стильдік ерекшеліктерін ескере отырып жазу дағдысын дамытады. Оқырманды қызықтыру үшін ерекше тәсілдемені қолданады. | ||||||||||
Күтілетін нәтиже | Барлық оқушылар: Мәтіннің түрлерін ажырата алады. Берілген суреттерге сүйене отырып, топта талқылау жасайды. Оқушылардың көбісі: Интервьюдің жазылу жолы, стильдік ерекшеліктерін саралай алады. Өз көзқарасын жан–жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдей біледі. Оқушылардың кейбірі: Интервьюдің құрылымын сақтап, ерекше тәсілдемені қолданып жаза алады. Жұмыстың ұтымды тұстары мен сәтсіз тұстарын анықтай алады. | ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Тақырыпқа байланысты сөздер және терминдер: экономика, ынтымақтастық, одақ, интеграция, бірігу, мәселелерді ортақ шешу, бірлік, татулық, қарым-қатынас, байланыс, даму, қажеттілік, т.с.с. Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер: Менің ойымша... Бір жағынан... Мен осы көзқараспен ... келісемін/келіспеймін. | ||||||||||
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | Жауапкершілік (жұптың әр мүшесінің өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындауы). Құрмет (әр жұптың, әр оқушының ойына, пікіріне құрметпен қарауы, елге, жерге, Отанға деген құрмет). | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер, қажетті құралдар | |||||||||
Сабақтың басы 1 минут 1 минут 4 минут 2 минут | Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі: І. Амандасу ІІ. Оқушыларды түгендеу ІІІ. Қызығушылықты ояту: жұпқа бөлу Оқушылар «Таяқша» әдісі арқылы аттары жазылған таяқшалар бойынша екі оқушыдан жұптасады. ІҮ. Үй тапсырмасын тексеру Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасауда қолданылатын морфологиялық деңгейдегі тілдік бірліктердің (зат есімнің реңк мәнін тудырушы жұрнақтар, сын есім шырайлары, сан есім түрлері, есімдік түрлері, етістік шақтары/райлары) анықтамасы мен олардың қолданылу мақсатын қарастыру, жазып келгендерін тексеру. Бағалау критерийі:
Ү. Өткен сабақты еске түсіру, жаңа сабақ мақсатын айқындау:
| аттары жазылған таяқшалар презентация | |||||||||
Сабақтың ортасы 6 минут (3 минут 3 минут) 14 минут 5 минут 2 минут 2 минут | Мағынаны ашу немесе мақсатқа жету үшін әрекеттер кезеңі: 1-қадам. Жазылым алдындағы тапсырма C/Ж Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды.
Интервьюдің түрлері Зерттеу кезеңіне байланысты
Қатысушының санына байланысты
Интервьюдің классификациясыН.Г. Богданов және Б.А. Вяземскийдің «Журналист анықтамасында» Интервью - композициясына қарай, формасы мен ерекшелігіне қарай тағы да, интервью-диалог, интервью-монолог, коллективтік интервью, интервью-бейнелеу және сауалнама деп жіктеледі. Интервью-диалог дегеніміз – өте көп кезесетін интервьюдің түрі, сұрақ-жауап ретінде келеді. Интервью-монолог дегеніміз – Тілші бір ғана сұрақ қойып, тақырыпты айтады, кейін сұхбат берген адам өзі жауап айтып, көбіне өзі сөйлейді. Саясаткерлердің берген сұхбаты, жеке кәсіпорындардың есеп-сұхбатын жатқызуға болады. Коллективтік интервью дегеніміз – бірнеше адамдармен сұхбат жүргізіледі,тілші сұрақ қояды бірнеше адам жауап береді. Интервьюдің бұл түріне дөңгелек стол, пресс-конференция және брифингтерді жатқызуға болады. Интервью-бейнелеу дегеніміз – Тілші сұрақты қоя отырып, өзінің ойын толық айтады, өз көзқарасын білдіреді, қысқаша мінездемелер беріп отырады. Сауалнама дегеніміз – Интервьюдің бұқаралық түрі, тілші өзінің оқырмандарымен сырттай сөйлеседі, әлеуметтік сұрақтар қойылады. Мысалы: Сіздің сүйікті актеріңіз, сіздің сүйікті машинаныңыз т.б. 2-қадам. Жазылым тапсырмасы Ж
Екі топ келген қонақтардан интервью алады, сұрақтарды оқушылар өздері тауып,өздері қояды. Сұхабаттың сұрақтарын әзірлейді. ИНТЕРВЬЮ ЖАЗУ ТАПСЫРМАСЫ Бағалау критерийі:
3-қадам. Жазылымнан кейінгі тапсырма С/Ж
Бағалау критерийі:
4-қадам. Бағалау Ж/Ж Әр оқушының жұмыстары жетістік критерийлеріне сай өзара жұпта бағаланады, жұмысқа кері байланыс беріледі. 5-қадам. Қорытынды Біз бүгін сабақта жаңа ... алдық. Біз ... үйрендік. Сабақта ... ескерілсе екен. Жаңа сабақ ... өтті.
6-қадам. Үй тапсырмасы «Бірлік, татулық, мейірім, қайырымдылық» тақырыптарына 5 мақал, 2 дәйексөз қарастырып, жаттап келу. Бағалау критерийі:
| презентация әңгіме жазу дескрипторы суреттер тізбегі презентация презентация презентация | |||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс «3-2-1»
| презентация | |||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Дифференциалау | Бағалау Бағалау критерийі арқылы жеке, жұпқа жұмыс тапсырмасын ұсынамын. | Пәнаралық сілтемелерДенсаулық пен қауіпсіздікті тексеруАКТ сілтемелер: презентация, мәтін сілтемесі | |||||||||
Қабілеттері жоғары оқушы үшін сыныптастарын үйрету және қабілеттері төмен оқушыларға қолдау көрсету үшін қабілеттері аралас жұптар құру. | Оқушылар, жұптар бір-біріне кері байланыстар береді. | Бұл сабақта НЗМ құндылықтарын дамыту үшін қандай мүмкіндіктер бар? Оқушылар сыныптасын және өзін-өзі бағалау үшін бірге жұмыс жасайды. Жұптың әр мүшесі тапсырмаға жауапкершілікпен қарайды. Оқушылар әр жұптың ойына, пікіріне құрметпен қарайды, қазақ тіліне, алаш арыстарының қанатты сөздеріне құрмет білдіреді. Тақырыпқа сай тарих пәнімен пәнаралық байланыс болады. | |||||||||
Қорытынды жасау Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін не меңгерді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма? Мен кестеге сәйкес жүрдім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге? |
| ||||||||||
Қорытынды бағалау Қай екі әрекет жақсы өтті (оқыту мен оқуды ескеру қажет)? 1: 2: Қай екі әрекет сабақты нығайтуы мүмкін (оқыту мен оқуды ескеру қажет)? 1: 2: Менің келесі сабағымда ескерілетін, бұл сабақтан сынып немесе жеке тұлғалар туралы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?