Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ (Т1) | Мектеп: Семей қаласындағы ФМБ НЗМ | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер | ||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.3.2.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу; | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Стильдік ерекшеліктерін ескере отырып жазу дағдысын дамытады. Оқырманды қызықтыру үшін ерекше тәсілдемені қолданады. | ||||||||||
Күтілетін нәтиже | Барлық оқушылар: Мәтіннің түрлерін ажырата алады. Берілген суреттерге сүйене отырып, топта талқылау жасайды. Оқушылардың көбісі: Интервьюдің жазылу жолы, стильдік ерекшеліктерін саралай алады. Өз көзқарасын жан–жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдей біледі. Оқушылардың кейбірі: Интервьюдің құрылымын сақтап, ерекше тәсілдемені қолданып жаза алады. Жұмыстың ұтымды тұстары мен сәтсіз тұстарын анықтай алады. | ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Тақырыпқа байланысты сөздер және терминдер: экономика, ынтымақтастық, одақ, интеграция, бірігу, мәселелерді ортақ шешу, бірлік, татулық, қарым-қатынас, байланыс, даму, қажеттілік, т.с.с. Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер: Менің ойымша... Бір жағынан... Мен осы көзқараспен ... келісемін/келіспеймін. | ||||||||||
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | Жауапкершілік (жұптың әр мүшесінің өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындауы). Құрмет (әр жұптың, әр оқушының ойына, пікіріне құрметпен қарауы, елге, жерге, Отанға деген құрмет). | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер, қажетті құралдар | |||||||||
Сабақтың басы 1 минут 1 минут 4 минут 2 минут | Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі: І. Амандасу ІІ. Оқушыларды түгендеу ІІІ. Қызығушылықты ояту: жұпқа бөлу Оқушылар «Таяқша» әдісі арқылы аттары жазылған таяқшалар бойынша екі оқушыдан жұптасады. ІҮ. Үй тапсырмасын тексеру Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасауда қолданылатын морфологиялық деңгейдегі тілдік бірліктердің (зат есімнің реңк мәнін тудырушы жұрнақтар, сын есім шырайлары, сан есім түрлері, есімдік түрлері, етістік шақтары/райлары) анықтамасы мен олардың қолданылу мақсатын қарастыру, жазып келгендерін тексеру. Бағалау критерийі:
Ү. Өткен сабақты еске түсіру, жаңа сабақ мақсатын айқындау:
| аттары жазылған таяқшалар презентация | |||||||||
Сабақтың ортасы 6 минут (3 минут 3 минут) 14 минут 5 минут 2 минут 2 минут | Мағынаны ашу немесе мақсатқа жету үшін әрекеттер кезеңі: 1-қадам. Жазылым алдындағы тапсырма C/Ж
Сұхбат алу қағидалары 1. Сұхбат алуға бармастан бұрын не сұрайтыныңды жоспарлап ал. Ол қандай ақпарат айтқанда, сенің қандай сауалың болуы мүмкін? Сұхбат алудың картинасын көз алдыңа елестет! 2. Сұрай бер, сұрай бер және сұрай бер! Сұрақ сұрағаннан еш қысылма! 3. Сұрай бер дегенді, сұхбаттасымен тайталасу, салғыласу деп түсінбе! 4. Сен әрине, интервью алатын адамыңның жұмыс істейтін саласының қыр шұқырынан барынша хабардар болуың керек. Бірақ, ол білетін кей мәселені сенің білмеуің ықтимал болғандықтан, еш қымсынбай білмейтін нәрсеңді сұрап ал. Өйтпеген жағдайда, өзіңе беймәлім нәрсе жайлы мақаланы оқырманыңа қалайша ұсынасың? 5. Сұхбат алатын адамыңның қызметтік шені мысыңды басып кетпесін! Сен өз жұмысыңды атқаруың керек. Сенің міндетің – қоғамға толық ақпарат беру. Сұрамасаң, саған ешкім ақпарат бермейді. Керісінше, баспасөз-хабарламасымен алдарқатып қояды. Бізде лауазымы үлкен шенеуніктен сұхбат алса, мақтаныш кернеп, бірнеше жылға азық болады. Саған ол шенеунікпен кездесу емес, одан алған ақпарат маңызды болуы тиіс! 6. Қоштасар кезде, артық ақпарат керек болса, тағы да хабарласатыныңды ескертіп қой.Қоңырау шалудан, қайта хабарласудан еш қымсынба! «Уақытын алу ыңғайсыз» деген ойдан аулақ бол! Түсінбеген нәрсені қайта сұраудың ағаттығы жоқ. Есесіне, газет бетіндегі бірер қате азаяды! 7. Ақпарат көздеріне оқтын оқтын хабарласып тұр. Хабарласқан сайын, жаңа ақпарат алуың мүмкін. Әрі сенімді ақпарат көзіне айналады, бірақ, ол ақпаратты екінші ақпарат көзінен растатып алуды ұмытпа! 8. Ақпарат көзімен етене араласудан сақтан! Ондай жағдайда, ол жайлы объективті мақаладан гөрі, субъективті мақала жазасың! 9. Айтылып отырған сөздерге немқұрайлылық та танытпа! Бізде сұхбат алушы журналистер кейіпкерінің айтып отырған әңгімесінен гөрі, келесі сұрағын ойлап отырады.Құлағы түрік тыңдаушы әрі қырағы бақылаушы бол!
Бағалау критерийі:
2-қадам. Жазылым тапсырмасы Ж Оқушылар ұсынылған суреттегі сюжетке сәйкес, тақырып пен идеяны аша отырып, интервью мітінін құрайды. ИНТЕРВЬЮ ЖАЗУ ТАПСЫРМАСЫ Бағалау критерийі:
3-қадам. Жазылымнан кейінгі тапсырма С/Ж
Бағалау критерийі:
4-қадам. Бағалау Ж/Ж Әр оқушының жұмыстары жетістік критерийлеріне сай өзара жұпта бағаланады, жұмысқа кері байланыс беріледі. 5-қадам. Қорытынды Біз бүгін сабақта жаңа ... алдық. Біз ... үйрендік. Сабақта ... ескерілсе екен. Жаңа сабақ ... өтті.
6-қадам. Үй тапсырмасы «Бірлік, татулық, мейірім, қайырымдылық» тақырыптарына 5 мақал, 2 дәйексөз қарастырып, жаттап келу. Бағалау критерийі:
| презентация әңгіме жазу дескрипторы суреттер тізбегі презентация презентация презентация | |||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс «3-2-1»
| презентация | |||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Дифференциалау | Бағалау Бағалау критерийі арқылы жеке, жұпқа жұмыс тапсырмасын ұсынамын. | Пәнаралық сілтемелерДенсаулық пен қауіпсіздікті тексеруАКТ сілтемелер: презентация, мәтін сілтемесі | |||||||||
Қабілеттері жоғары оқушы үшін сыныптастарын үйрету және қабілеттері төмен оқушыларға қолдау көрсету үшін қабілеттері аралас жұптар құру. | Оқушылар, жұптар бір-біріне кері байланыстар береді. | Бұл сабақта НЗМ құндылықтарын дамыту үшін қандай мүмкіндіктер бар? Оқушылар сыныптасын және өзін-өзі бағалау үшін бірге жұмыс жасайды. Жұптың әр мүшесі тапсырмаға жауапкершілікпен қарайды. Оқушылар әр жұптың ойына, пікіріне құрметпен қарайды, қазақ тіліне, алаш арыстарының қанатты сөздеріне құрмет білдіреді. Тақырыпқа сай тарих пәнімен пәнаралық байланыс болады. | |||||||||
Қорытынды жасау Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін не меңгерді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма? Мен кестеге сәйкес жүрдім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге? |
| ||||||||||
Қорытынды бағалау Қай екі әрекет жақсы өтті (оқыту мен оқуды ескеру қажет)? 1: 2: Қай екі әрекет сабақты нығайтуы мүмкін (оқыту мен оқуды ескеру қажет)? 1: 2: Менің келесі сабағымда ескерілетін, бұл сабақтан сынып немесе жеке тұлғалар туралы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?