Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.


ЖЖ.

Сәйкестендіру тесті. Оқушылар осы уақытқа дейінгі алған білімдерін еске түсіріп, кестедегі мәліметтерді сәйкестендіреді.

Қолданылу аясы

жалпылап айту, дәлелді, ойға қонымды

Айтылу мақсаты

Термин сөздер, штамп сөйлемдер

Тілдік құралы

белгілі бір заттың, нәрсенің, қүбылыстың белгілерін атап көрсету

Стильдік белгісі

ғылыми еңбектерде, оқулықта, баяндамаларда, лекцияда қолданылады

Топқа бөліну сәті.ТЖ. Оқушылар ғылыми стильдің өзіндік белгілерін құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

1-топ:

Ғылыми ұғымдарды дәл атайтын, соған арналған терминдер мол орын алады.

2-топ:

Процестерді, тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп айту негізгі тәсіл болады.

3-топ:

Сөзді үйреншікті, тұжырымды ету мақсатында тұрақты үлгідегі(штамп) сөйлемдер, сөз тіркестері молынан жұмсалады.

4-топ:

Баяндауыштары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен жасалады.

5-топ:

Ырықсыз етістен жасалған баяндауыштар көп жұмсалады.

Ресурс№1:

Ғылыми стильдің тілдік көріністері:

1)Ғылыми ұғымдарды дәл атайтын, соған арналған терминдер мол орын алады.

2)Процестерді, тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп айту негізгі тәсіл болып табылады.

3)Сөзді үйреншікті, тұжырымды ету мақсатында тұрақты үлгідегі (штамп) сөйлемдер, сөз тіркестері молынан жұмсалады.

4)Сөйлемдердің мына құрылымдық түрлері көп жұмсалады:

А) Баяндауыштары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен жасалады. Аллюминий тез балқиды.

В).

Жанрлары:

Лекция, монография, оқулық

Ғылыми журнал, диссертация

Бұйрық, арыз, қызметтік хат

Ресурс№2:

Ғылыми стиль – адамның ең озық интеллектуалдық әрекетіне қызмет етеді. Бұл адамның ғылыми ізденісінен, зерттеуінен тапқанын ауызша немесе жазбаша жұртқа жеткізу мақсатында қалыптасқан стиль.

Ғылыми стильдің ерекше функционалдық қызметі:

Ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізу;

Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады;

Осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді.

Ресурс №3

Ғылыми стильдің жанрлары:

  • Лекция, монография, оқулық
  • Ғылыми журнал, диссертация

Топтық тапсырмалар:

Оқылым мәтіні төменде ұсынылған.

1-топ: Мәтінге тақырыптық-идеялық жағынан талдау жасайды.

Дескрипторлар:

Мәтін тақырыбы мен мәтін мазмұны арасындағы байланысты анықтап, тақырыптың қойылу себебін түсіндіреді.

2-топ: Мәтінге стилистикалық-композициялық талдау жасайды.

Дескрипторлар:

Мәтін стилі, жанрын көрсетеді.

Мәтіннің сөйлеу формасын ажыратады. (ауызша, жазбаша, монолог, диалог, полилог).

Мәтіннің көлемдік-прагматикалық ұйымдасуын талдайды. (том, кітап, тарау, тарауша, абзац).

Мәтіннің баяндау қабатын немесе мәтін түрлерін анықтайды. (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау).

Әңгімелеу мәтінінде оқиғаны дамытуға қатысатын етістіктердің қолданылуын; сипаттауда сын-сапа, белгі мағынасын білдіретін сын есім, есімше секілді т.б. тілдік бірліктердің жұмсалуын; пайымдау мәтіндерінің құрылымында сұрау есімдіктері, демеулік шылаулардың т.б. қолданысын айқындайды.

Мәтіннің нешінші жақтан баяндалғанын талдайды. (1, 2, 3-жақ).

3-топ:Мәтіннің синтаксистік ерекшелігіне талдау жасайды.

Дескрипторлар:

Мәтіннің синтаксистік ерекшелігін айқындайды: жай, құрмалас сөйлемдердің мәтін мазмұнын жеткізудегі қызметі, мәтіннің жай не құрмалас сөйлемге құрылуы, сөйлем мүшелерінің орын тәртібіндегі ауытқуларды, оқшау сөздер мен бірыңғай сөйлем мүшелерінің жұмсалуын, төл сөздің берілу жолдарын анықтайды.

4-топ: Мәтіннің лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін талдайды.

Дескрипторлар:

Мәтіннің лексика-фразеологиялық құрамын мәтін мазмұнымен байланыстырып талдау: тура/ауыспалы, көп мағыналы сөздер; көркемдегіш-бейнелегіш құралдар, мәтіндегі көнерген (архаизм, историзм), диалект, жаргон, тұрақты сөз тіркестерінің, мақал-мәтелдердің қолданылу мақсатын контекспен байланыстырып түсіндіреді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу