Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Пән: қазақ тілі | Мектеп: Қызылорда қаласы ХББ НЗМ | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ажибаева Ж. | |||||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар: |
| ||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер | |||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау; | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Ғылыми стильдің анықтамасын біледі; Көбісі: Ғылыми стильге тән ерекшеліктерді анықтай алады; Кейбіреуі: Ғылыми стилдің тілдік ерекшеліктерін анықтайды. | |||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Ғылыми стильдегі мәтіннің құрылымы мен тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды. | |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестері: Сөз маржаны, шешендік өнер, ұрпақ, ақыл, нақыл, ой салу, құндылық, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, саф алтындай Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің ойымша..... Ережеге сай... Тарихи деректерге сүйенсек... | |||||||||||||||
Құндылықтарды игерту | Жауапкершілік (топтың әр мүшесі өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындауы). Құрмет (әр оқушының, өзге топтың ойына, пікіріне құрметпен қарауы). | |||||||||||||||
АКТ- ны қолдануы | Таныстырылым | |||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері | |||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||
Сабақтың басы 8-9 минут 20 минут 10 минут | Қызығушылықты ояту кезеңі. Оқушыларға жетекші сұрақтар беріледі: Ғылыми стиль дегеніміз не? Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері туралы не білесіз? Ғылыми стильдің қолданылу аясы туралы не айта аласыз? Мағынаны тану кезеңі. ЖЖ. Сәйкестендіру тесті. Оқушылар осы уақытқа дейінгі алған білімдерін еске түсіріп, кестедегі мәліметтерді сәйкестендіреді.
Топқа бөліну сәті.Оқушылар ғылыми стильдің өзіндік белгілерін құрастыру арқылы топқа бөлінеді. 1-топ: Ғылыми ұғымдарды дәл атайтын, соған арналған терминдер мол орын алады. 2-топ: Процестерді, тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп айту негізгі тәсіл болады. 3-топ: Сөзді үйреншікті, тұжырымды ету мақсатында тұрақты үлгідегі(штамп) сөйлемдер, сөз тіркестері молынан жұмсалады. 4-топ: Баяндауыштары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен жасалады. 5-топ: Ырықсыз етістен жасалған баяндауыштар көп жұмсалады. Ресурс№1: Ғылыми стильдің тілдік көріністері: 1)Ғылыми ұғымдарды дәл атайтын, соған арналған терминдер мол орын алады. 2)Процестерді, тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп айту негізгі тәсіл болып табылады. 3)Сөзді үйреншікті, тұжырымды ету мақсатында тұрақты үлгідегі (штамп) сөйлемдер, сөз тіркестері молынан жұмсалады. 4)Сөйлемдердің мына құрылымдық түрлері көп жұмсалады: А) Баяндауыштары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен жасалады. Аллюминий тез балқиды. В). Жанрлары: Лекция, монография, оқулық Ғылыми журнал, диссертация Бұйрық, арыз, қызметтік хат Ресурс№2: Ғылыми стиль – адамның ең озық интеллектуалдық әрекетіне қызмет етеді. Бұл адамның ғылыми ізденісінен, зерттеуінен тапқанын ауызша немесе жазбаша жұртқа жеткізу мақсатында қалыптасқан стиль. Ғылыми стильдің ерекше функционалдық қызметі: Ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізу; Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады; Осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді. Ресурс №3 Ғылыми стильдің жанрлары:
Топтық тапсырмалар: Оқылым мәтіні төменде ұсынылған. 1-топ: Мәтінге тақырыптық-идеялық жағынан талдау жасайды. Дескрипторлар: Мәтін тақырыбы мен мәтін мазмұны арасындағы байланысты анықтап, тақырыптың қойылу себебін түсіндіреді. 2-топ: Мәтінге стилистикалық-композициялық талдау жасайды. Дескрипторлар: Мәтін стилі, жанрын көрсетеді. Мәтіннің сөйлеу формасын ажыратады. (ауызша, жазбаша, монолог, диалог, полилог). Мәтіннің көлемдік-прагматикалық ұйымдасуын талдайды. (том, кітап, тарау, тарауша, абзац). Мәтіннің баяндау қабатын немесе мәтін түрлерін анықтайды. (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау). Әңгімелеу мәтінінде оқиғаны дамытуға қатысатын етістіктердің қолданылуын; сипаттауда сын-сапа, белгі мағынасын білдіретін сын есім, есімше секілді т.б. тілдік бірліктердің жұмсалуын; пайымдау мәтіндерінің құрылымында сұрау есімдіктері, демеулік шылаулардың т.б. қолданысын айқындайды. Мәтіннің нешінші жақтан баяндалғанын талдайды. (1, 2, 3-жақ). 3-топ:Мәтіннің синтаксистік ерекшелігіне талдау жасайды. Дескрипторлар: Мәтіннің синтаксистік ерекшелігін айқындайды: жай, құрмалас сөйлемдердің мәтін мазмұнын жеткізудегі қызметі, мәтіннің жай не құрмалас сөйлемге құрылуы, сөйлем мүшелерінің орын тәртібіндегі ауытқуларды, оқшау сөздер мен бірыңғай сөйлем мүшелерінің жұмсалуын, төл сөздің берілу жолдарын анықтайды. 4-топ: Мәтіннің лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін талдайды. Дескрипторлар: Мәтіннің лексика-фразеологиялық құрамын мәтін мазмұнымен байланыстырып талдау: тура/ауыспалы, көп мағыналы сөздер; көркемдегіш-бейнелегіш құралдар, мәтіндегі көнерген (архаизм, историзм), диалект, жаргон, тұрақты сөз тіркестерінің, мақал-мәтелдердің қолданылу мақсатын контекспен байланыстырып түсіндіреді. Кері байланс. Екі жұлдыз, бір ұсыныс. |
| ||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||
Топ бірі-біріне қолдау көрсетеді. Топтар басқа топтардан жаңа ақпарат алады. | Оқуды қадағалау Сұрақ - жауап Топтық бағалау | Қазақ тілі пәнімен байланыс. АКТ дағдылары, егер сынақ онлайн болса, электронды сөздіктерді қолдану мүмкіндіктері. Топпен жұмыс істеу дағдылары (бір-біріне құрмет). | ||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: |
Мәтін
Шешендік сөз немесе шешендік өнер - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты. Байырғы салалары: бейнелі сөз, шешендік сын, шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік дау, шешендік толғау. Әр қайсының әсерлі өңі, сұлулығы, татымдығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдаушының еркі мен сезімін билейді, толғандырады.
Шешендік сөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы.
Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса шебер шендестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады.
Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл.
сақталған. Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет. “Алажағым кетсе де, айтажағым кетпесін” дейтін қазақтың сөзге қонақ беруі.
Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік,сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері. Ел-жұртты елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана тілімізде атаулары мен дәріптеу, бейнелеу сөздерін айтып тауысу қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып та айта білген. Ел намысын қорғаған ерлерді "нар", "арыстан", "арыстан", "ерім", "азаматым" деген сияқты теңеулермен мадақтап, ардақтаумен бірге әділді "қара қылды қақ жарған"; шешенді "ердің құнын екі ауыз сөбен шешкен"; шеберді "темірден түйін түйген"; жомартты "атын түсіп беретін мырза"; адалды "сүттен ақ, судан таза"; сұлуды "ай мен күндей"; әдептіні "қыз мінезді жігіт"; бәйбішені "бес биенің сабасындай"; баланы "тойған қозыдай"; бойжеткенді "оймақ ауыз, күлім көз", деп дәріптеген.Жақсы адамдарды көріп, білмесе де сырттай сүйініп, ұрпағына үлгі еткен. Олар ауылына келгенде баласының аузына түкіріп, отырған жеріне аунатып алған.Ел сыйлаған адамдар есімі халық жадында мәңгі сақталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?