Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер. Жастардың субмәдениеті. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 2 нұсқа.


Мектеп

Қызылорда қаласы химия-биологиялық бағыттағы НЗМ

Мұғалімнің аты – жөні

Уақыты

Сынып: 11Т1(Қ-Г)

Қатысқаноқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жастар мәдениеті және мәселесі.

Шешендік сөздер

Жастардың субмәдениеті

Белгілібіроқытумақсаты

11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;

Бағалау критерийі

Оқушылардың барлығы:ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктерін ажыратады;

Оқушылардың көбісі: ғылыми стиль құрылымы мен рәсімделуі н меңгереді;

Оқушылардың кейбірі: ғылыми мақалалардың жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасайды.

Ойлау дағдыларының деңгейлері:

білу, түсіну, қолдану, жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)

Сөйлеу әрекетінің түрлері:

тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым

Құндылықтарды

игерту

«Мәңгілік ел» құндылығы:

Тіл және мәдениет

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Ынтымақтастық;

Жауапкершілік;

Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет.

Пәнаралық

байланыс

Тарих

АКТ –ны

қолдану

дағдылары

Таныстырылым

Тілдік

міндеттер

Пәндік лексика мен терминология:

Оқушылартүсінедіжәнесипаттайды...

Диалог жәнежазылымғапайдалытіркестер:

Меніңойымша,... Мен оған мынадай дәлелдер кетіре аламын,...

Алдыңғы білім

Жоспар

Сабақкезеңдері

Жоспарланғаніс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту кезеңі

Галлереяға саяхат» әдісі арқылы оқушылар қабырғаға ілінген суреттермен танысып шығады және алынған мәліметке өзі тарапынан туындаған 1 сұрақты постер астына жазып кетеді.

Бүгінгі сабақты болжайды.

Қазіргі заманның шешендері тақырыбында бүгінгі көтерілетін мәселемен байланыстырып ой-пікір бөлісу ұсынылады.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

8 минут

28 минут

Мағынаны тану

Оқылымалды тапсырма

(Мұғалім ғылыми стиль ерекшеліктері мен ғылыми мақалаларға қойылатын талаптар жөнінде түсінік беріп өтеді.)

Ғылыми мақалға қойылатын бірнеше талаптарды атап өтейік!

  • Мақал тақырыбына қандай талап қойылады?
  • Авторлар жайлы мәлімет қажеттілігі бар ма?
  • Аңдатпа дегенмізі не? Қалай жазылады?Қызметі қандай?
  • Сілтеме дегеніміз не?
  • Библиография
  • ...

Оқылым тапсырмасы

Оқылым мәтіні таратылады. (Жастар субмәдениеті)

Оқушылар мәтінді мұқият оқиды. Мазмұнын сыныпта талқылайды. Өздеріне ерекше ой салған ақпараттар тізбегін жасайды.

Мәтін

Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту, т.б. нұсқалардан тұрады. Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтелге, аңыз-әңгімелерге, толғауларға, айтыстарға жақын. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. Қара сөзбен айтылғандары – пернелі сөз, толғау, тақпақ түріндегілері термелі сөз деп аталады. Шешендік сөздер сонымен қатар түсінік пен түйінді сөздерден құралады. Түйінді сөз тұрақты, түсінік сөз ауыспалы мағынада келеді. Шешендік сөздер - жазба әдебиетке жақын жанр. Оқиғаларының реалистігі, тілінің әдебилігі және белгілі халық ойшылдарының (Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен), шешен, билердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) аттарымен айтылатындығы бұл пікірді растай түседі. Шешендік сөздердің көпшілігі әуелгі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардың, әр буынның өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың есімдері де сақталған. Негізінде қоғамдағы қиянаттарға, әділетсіздіктерге қарсы қарапайым халық өкілдері білдірген наразылық ретінде туындаған Шешендік сөздердің нұсқалары өзін тудырған қоғаммен, себептермен бірге жойылып, біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысты. Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік мәні зор халық даналығы. Ол түркітектес халықтардың көпшілігінде кездеседі.[1]

Дереккөздер

↑ “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Тапсырма.

1.Мәтіннің стилі мен жанрын, көзделген аудиториясын анықтаңыз.

2.Мәтіндегі жақшаға алынған сөздердің қолданысына талдау жасаңыз.

3.Құрылымына , рәсімделуіне талдау жасаңыз

Жұптар бірін-бірі бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

1.Мәтіннің стилі мен жанрын, көзделген аудиториясын анықтайды, дәлел келтіреді.

2.Мәтіндегі жақшаға алынған сөздердің қолданысына талдау жасайды.

3.Құрылымы мен рәсімделуіне қатысты мәтіннен мысалдар келтіре отырып талдайды.

Сабақтыңсоңы

2 минут

Ой толғаныс

Керібайланыс

Бүгінгі сабақта қай тапсырманы орындау қиын, қызық, жеңіл болды?

Үй тапсырмасы:

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайміндеттерқоюдыжоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардыңбілімінқалайтексересіз?

Пәнаралықбайланыс

Қауіпсіздікережелері

АКТ-нықолдану

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбиеэлементі)

Коммуникативтідағдыларындамытумақсатындақұрылғантоптар/жұптарқабілетітөменоқушылардықабілетіжоғарыоқушылардыңқолдаукөрсетуінмеңзейді. Мұғалімталқылауүрдісікезіндебарлықоқушылардыңбірегейқатысуынқадағалаутиіс.

Дәйектідәлелдергеғананегізделгенқорытындығажетудіңмағынасыныңмәні, сыныптағықабілетітөменоқушыдәлелдергенегізделеотырыпкемдегендеөзінойынбілдіреалады, алқабілетіжоғарыоқушытәуелсіз, негізгіжауапбереді.

Топтарарасындажұмысжасау, талқылаудытыңдаунемесеталқылауғакөмекберу, қажетінеқарайтоптарнемесежекеоқушыларғақолдаукөрсету, марапаттау

Талқылаудыбақылаудаоқушылардыңжалпыреформаныңмаңызынтүсінудіңдеңгейінбағалау

Пәнаралықбайланыс:география

Белсендіоқытуәдістерінқолдану,

Оқушылардыңжасерекшелігінсақтау,еліміздіңпатриотыболабілетін,салауаттыөмірсалтыменжүретінжәнесаналыдабілімдіоқушыныдайындау

Рефлексия

Сабақмақсаты/оқумақсатықаншалықтыжүзегеасты? Бүгіноқушыларненіүйренді? Оқытуортасықандайболды? Дифференциациялапоқытуөзмәніндежүзегеастыма? Өзуақытымдыұтымдыпайдаланаалдымба? Жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен?

Төмендеберілгенбосорындыөзсабағыңызғарефлексияжүргізуүшінпайдаланыңыз. Сабағыңызғақатыстысолжақбағандакелтірілгенсұрақтарғажауапберіңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу