Шешендік сөздер. Шығармашылық жұмыс. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ. 1 нұсқа.


Пән: қазақ тілі

Мектеп: Қызылорда қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Өксікбаева Күлжақан Жолдасқызы

Сынып:

Қатысқандар:

 

Сабақтың тақырыбы

Шешендік сөздер. Шығармашылық жұмыс

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы: Ұсынылған тақырыптар негізінде көркемдегіш құралдарды ажыратады, қолданады;

Көбісі: Көркемдегіш құралдарды қолдана отырып, шығармашылық тапсырмаларды орындайды;

Кейбіреуі: Шығармашылық жұмыс негізінде дербестік көрсетіп, ерекше идея ұсынады.

Бағалау критерийлері

1.Жанрлық-стильдік ерекшелігін сақтап жазады;

2. Мәтіндегі негізгі ой мен көтерілген мәселені өңдеп қолданады;3.Кемінде 2 теңеу, 1 мақал-мәтел, 2 эпитет, 1 метонимияны, 1 метафораны орынды қолданады;

4.Сөз санын сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестері:

Сөз өнері, шешендік сөз, ұрпақ тағылымы, өсиет, нақыл сөздер, ой салу, құндылықтар, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, саф алтындай, жәдігер

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің ойымша.....

Ережеге сай...

Тарихи деректерге сүйенсек...

Құндылықтарды игерту

Жауапкершілік (топтың әр мүшесі өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындауы).

Құрмет (әр оқушының, өзге топтың ойына, пікіріне құрметпен қарауы).

АКТ- ны қолдануы

Таныстырылым

Осыған дейін меңгерілген білім

Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут

2 минут

3 минут

12 минут

10 минут

3 минут

2 минут

3 минут

3 минут

Қызығушылықты ояту

С/Т «Болжау» әдісі бойынша өтілетін тақырыпты оқушы анықтап, суреттегі шешендік сөздің мағынасын ашады

Топқа бөлу.

4 топ оқушылары шешендіктің туын тіккен данагөйлердің аттары арқылы топқа бөлінеді, ол адамдар туралы ақпараттарды ортаға салады.

1-топ: Төле би

2-топ: Қазыбек би

3-топ: Әйтеке би

4-топ: Жиренше шешен

Жазылым алды тапсырмасы

Берілген нақыл сөздердің мағынасын ашып, көркемдегіш құралдарды анықтаңыз.

1. Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді (Төле би)

2. Құт берекең - атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың - әкең қымбат (Қазыбек би)

3. Шешеннің ең ұлы қасиеті- қажет нәрсені айту ғана емес, қажеті жоқ нәрсені айтпау (Әйтеке би)

4. Қайран менің өз үйім - кең сарайдай боз үйім (Жиренше шешен)

Жазылым тапсырмасы

1-топ: Төле бидің әңгімесіндегі ақпараттарды өңдеп қолданып, көркемдегіш құралдарды пайдаланып, Төле бидің атынан сөз көлемі 150-170 сөзден тұратын естелік жазыңыз.

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп, батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" деп сұрайды. Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын, бір бума солқылдақ шыбық алдырады.

- Балам, мынаны сындырып көрші.

Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп, сындыра алмайды.

- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы. Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:

- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.

Сонда Төле бала:

- Түсіндім. Әке, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.

- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін, алдымен, елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.

Бағалау дескрипторы:

1.Мәтіндегі негізгі ой мен көтерілген мәселені өңдеп қолданады;2.Кемінде 2 теңеу, 1 мақал-мәтел, 2 эпитет, 1 метонимияны, 1 метафораны орынды қолданады;

3.Сөз санын сақтайды.

2-топ: Қазыбек бидің әңгімесіндегі ақпараттарды өңдеп қолданыңыз, көркемдегіш құралдарды пайдаланып,

сөз көлемі 150-170 сөзден тұратын әңгіме құрастырыңыз

Қазыбектің ат дауын шешуі

Бір үлкен ас болып, сол аста бәйгіге шапқан қаншама аттың алдынан бір қара жал құла жеке-дара озып келіпті. Асқа жиналған топтың ішінен бір адам: — Мынау менің тай күнінде жоғалтқан атым,— деп аттың шылбырына жармасады. Атты қосып отырған иесі: — Жоқ бұл мүлдем жала, өзімнің кер биемнен туған қол тума малым,— дейді. Көпшілік екі жағына да «сенікі жөн» деп айта алмай, содан барып Қазыбектің туған әкесі Келдібек биге жүгініске келеді. Бірақ екі даугердің сөзін тыңдаған Келдібек «ат сенікі» деп кесіп айта алмай, дағдарып отырып қалады. Екі даугердің айтқан дәлеліне құлақ түре жүріп, оған билік айта алмай дағдарған әкесін байқап, жеті жасар Қазыбек: — Сен қалай танығыш болып алдың? — деп даугерлердің біріне сұрақ қояды. — Мен енесін көрсем, одан туған төлін, төлін көрсем енесін жаза баспай танимын,— деп жауап береді, атын тай күнінде жоғалтқан адам. Сонда Казыбек атты бәйгіге қосқан адамға: — Кәні, сіз қалай мал танығышсыз? — дейді. — Мен, енесін бір көрсем, ішіндегі құлынын туғаннан кейін сол биеден туғанын бұлжытпай танимын,— дейді. Сонда Қазыбек тұрып: — Жарайды. Енді екеуің бар да, анау жүрген қозыдан екі қозы ұстап әкеліңдер,— дейді. Олар барып алып келгенде: — Қозыны көгендеп қойыңыздар да, өрістегі қойдан өзді-өзің әкелген қозының енесін алып келіңдер,— дейді. Екі даугер өрістегі қойдан екі саулықты алып келіп қозыларды бауырына салғанда, ат қосқан адам әкелген саулық қозыдан жериді, қозы да жатсынып саулыққа жуымайды. Ал тай күнінде жоғалттым деген адам саулыққа қозысын салғанда енесі еміреніп тұра қалады. Қозы бауырына кіріп еме береді. Қазыбек көпшілікке қарап: — Кәне, халайық, бұған сіздер не айтасыздар? — дегенде, көпшілік бір ауыздан «ат тай күнінде жоғалтқан адамдікі» екен деседі.

Бағалау дескрипторы:

1.Мәтіндегі негізгі ақпараттарды өңдеп қолданады;

2. Композициялық құрылымын, сюжетін қызықты етіп құрастырады;3.Кемінде 1 теңеу, 1 мақал-мәтел,1 эпитет, 1 метонимияны, 1 метафораны орынды жұмсайды.

3-топ: «Буриме» әдісімен Әйтеке бидің толғауындағы ақпараттарды перифразалап, көркемдегіш құралды орынды пайдаланып, өлеңдегі тақырыптан ауытқымай өлең құрастырып жазыңыз.

Сарқылмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Құйрығы суда тұрса да,

Уақтысы жеткенде,

Қурамайтын құрақ жоқ.

Дүние деген пәни бұл,

Баласы жоқта мият жоқ,

Бәрінен қиын сол екен,

Артыңда жанған шырақ жоқ...

.......................................суат жоқ,

......................................бұлақ жоқ.

......................................тұрса да,

....................................жеткенде,

....................................құрақ жоқ.

....................................пәни бұл,

...................................мият жоқ,

....................................сол екен,

..................................шырақ жоқ...

Бағалау дескрипторы:

1.Мәтіндегі негізгі ақпараттарды перифразалап қолданады;

2.Кемінде 1 теңеу, 1 мақал-мәтел,1 эпитет орынды жұмсайды.

3. Ұсынылған үлгі негізінде тақырыптан ауытқымай өлең құрастырып жазады.

4-топ: Жиренше шешен әңгімесіндегі негізгі ақпараттарды өңдеп қолданып, көркемдегіш құралды пайдаланып, қарапайым жоспар бойынша шығарма жазады.

Бір күні Жиренше ханның үйінде отырғанда бір адам ханға сыйға бір піскен қаздың етін алып келген екен. Сонда хан Жиреншеге: — Сен сөзге де шеберсің және әр нәрсенің бәріне де шебер шығарсың, мына қаздың етін мен, ханым, екі ханзада, екі қаныкей, өзіңмен жеті адамға бірдей қылып бөлші, — депті. Сонда Жиренше ойланбай, пышағын қынынан суырып алып, әуелі қаздың басын кесіп алып: — Міне, сіз әрі хансыз, әрі халықтың басысыз, бұл басты сіз тұрғанда кім жейді? — деп, басты ханға беріпті. Екі аяғын кесіп алып, екі ханзадаға: «Сіздер атаңыздың ізін басып, хан боларсыздар»,— деп, екі ханзадаға береді. Екі қанатын кесіп алып: «Сіздер жатжұртқа барсаңыздар, осы екі қанатпен ұшып барарсыздар», —деп, екі қанатын екі қаныкейге береді. Қаздың жамбас жағын кесіп, бәйбішеге: «Сіз әрі ханымсыз, әрі бәйбішесіз, бұл — қаздың жаясы. Бұл жаяны сіз тұрғанда, кім жейді?» — деп, ханымға береді. — Мен бас жейтін хан емеспін, жая жейтін ханым емеспін, аяқ жейтін ханзада емеспін, қанат алатын қаныкей емеспін, маған қаздың ортасы да жарайды, — деп, қаздың бар етін алып, үйіне жүріп кетіпті.

Жоспар

1.Жиренше шешеннің әңгімелерінің басты тақырыбы

2. Көзбен көрген - шын, құлақпен естіген – өтірік

3.Мәтін ішінде кездескен кейіпкерлерге сипаттама

4. Қорытынды ой

Бағалау дескрипторы:

1.Мәтіндегі негізгі ақпараттарды өңдеп қолданады;

2. Кемінде 2 теңеу, 1 мақал-мәтел, 2 эпитет, 1 метонимияны, 1 метафораны орынды жұмсайды.

3. Ұсынылған жоспар негізінде тақырыптан ауытқымай, шығарма құрастырып жазады.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

«Келісемін, келіспеймін» стратегиясы бойынша шағын ойбөліс ұйымдастырады.1. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиеті саласына жатады2. Шешендік сөздер - жазба әдебиетінің мұрасы.3. Шешендік сөздер ХІХ ғасырда пайда болды. 4. Шешендік сөздер тек дауларға байланысты болған.Кері байланыс

«Еркін микрофон» әдісі негізінде өтілген тақырып бойынша оқушы түсінгенін немесе білгісі келетін мәліметті айтып, пікір алысады.

Рефлексия

«БЛУМ кубигі»

Үйге тапсырма:

«Шешендік сөз - өнер падишасы» тақырыбында 1 минуттық ауызша мәтінге дайындалып келу.

слайд

Кеспе қағаздар

Кеспе қағаздар

Слайд

Микрофон

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Топ бірі-біріне қолдау көрсетеді. Топтар басқа топтардан жаңа ақпарат алады.

Оқуды қадағалау

Сұрақ - жауап

Топтық бағалау

Қазақ тілі пәнімен байланыс.

АКТ дағдылары, егер сынақ онлайн болса, электронды сөздіктерді қолдану мүмкіндіктері.

Топпен жұмыс істеу дағдылары (бір-біріне құрмет).

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу