Қазіргі әлемдегі театр мәселесі. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 8 сабақ. 1 нұсқа.


Тыңдалым материалы

https://www.youtube.com/watch?v=hW-40AwzsUk

«Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған жастар неге елімізде жұмыс істегісі келмейді?

https://surak.baribar.kz/301874/

1-мәтін. Тіл мәдениетінің тірегі – әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен астарласып жататындықтан, тіл мәдениеті ұғымының аясы кең.

Әдеби норма дегеніміз – тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері.

Әдеби нормалар

Лексикалық норма 

Грамматикалық норма

Орфоэпиялық норма 

Орфографиялық норма

Осы норма сақталғанда, сөзге, сөйлем жүйесіне, сөйлеу ырғағына, тіл көркемдігіне мән берген адамның ойы сындарлы, сөзі жатық болады.

Әдеби тілде орфографиялық норманы сақтау жазуда бірізділікті қалыптастырады. Орфографиялық нормадан ауытқуға, оны өзгертіп жазуға болмайды.

Орфоэпиялық норма адамның сөз мәдениетіні қандай екендігін көрсетеді. Сөздердің кейбірі жазылуы бойынша айтылса, күлкілі естіледі. Тілдік заңдылықтарға сәйкес олардың айтылуы бөлек. Мысалы: тәкәппар-тәкәппар, аппақ-әппәқ, көкөніс- көгөніс, ақ алма-ағ алма.

Сөздерді орнымен қолдана білсек, лексикалық норманы сақтағандық болып табылады. Лексикалық нормаға диалектизмдер, кәсіби сөздер, дөрекі сөздер мен жаргондар жатпайды.

Лексикалық норма бойынша тілдегі түрлі мағынадағы сөздерді таңдап қолдана білу керек. Тілімізде мағыналары бір-біріне жуық бірнеше сөздер синонимдік қатар құрайды. Мысалы, ұстаз, мұғалім, оқытушы деген сөздердің мағыналары бір-біріне жақын.

Әңгіме тәрбиелеуші жайлы болғанда, мәтінде ұстаз сөзін қолдану тиімді.

Ал белгілі бір пәннен мектепке сабақ беретін маман жайында әңгімеленсе, мұғалім сөзін қолдану орынды. Оқытушы сөзін жоғары оқу орындарында дәріс оқитын адам деген мағынада қолданамыз.

Грамматикалық норма – сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің сақталуы, қосымшалардың сөзге орфографиялық заңдылықтарды сақтай отырып жалғануы, осы арқылы ойдың дұрыс жеткізілуі.

Сөйлем мүшелерінің орын тәртібін сақтамаудан, қосымшаларды ретімен қолданбаудан, сөз тіркестерін дұрыс қолдана білмеуден грамматикалық норма бұзылады. Грамматикалық норманығ дұрыс қолданылмағанын тыңдаушы тез аңғарады.

2-мәтін. http://www.zamana.kz/akparat/4051-zhastarymyz-nelikten-elden-bezip-ketip-jatyr

Жастарымыз неліктен елден кетіп жатыр?

Бүгінде елімізде орын алып отырған келеңсіздіктерге наразы адамдар аз емес. Бүйткенше шетел асып кетсем беекен деп толғанып жүргөндердің денін өзіне лайықты жұмыс таппаған жастар құрайтын сияқты. Әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларының пікірлеріне назар аударайық:

Индира Смағұлова:  Бұл – жемқорлықтың әсерінен! Тек өздерінің қарақан басын ойлап, алғанның үстіне ала түсіп, жұтқанның үстіне жұта түсіп жатқан жемқор, сатқын, опасыз, жауыздардан ешқандай үмітсіз сайтан жоқ!

Баршын Ізбасар:  Рас айтасыз, жемқорлық қазырғы қоғамдағы ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ бірі осы болып отыр. Білімді, мықты жастар әділетсіз қоғамнан ғашып, шетел асып жатыр. Тәп-тәуір азаматтар туралы «мұхит асып барад, қызметін шетелде жалғастырад» деген сөздерді естіген сайын ..жүрөк бірге жұлұнұп кетіп пара жатқандай. Амалсызбыз… Жастар өздерін Қазақстанға қажетсіз сезінед.

Бұл пікірлердің шындық екені рас, бірақ осы шындық еліміздің болашағына үлкен қауіп төндіреді. Үлкендеріміз жағдайы бар жерде өмір сүру керек деп қақсай беріп, жастарымызды тоғышарға айналдырып алған секілдіміз. Бәріміз ала басымыздың қамын ойлап, жақсы жер іздеп кете берсек, мына елде кім қалады, ата-бабамыздан қалған қасиетті жерге кім ие болады? Отансыз бақытқа жетеміз бе? Мәңгілік ештеме жоқ, бұл елді де биікке бастайтын адамдар гелер билікке. Байбаламға салынбай, ақырын гүтейік. Ең бастысы, құндұлұқтарымызды жоғалтпайық!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу