Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, таратпа материал. 6 сабақ. 2 нұсқа.
1-мәтін
Кез келген мемлекеттің экономикалық дамуын ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) макроэкономикалық көрсеткішімен анықтауға болады. ЖІӨ дегеніміз – мемлекет аумағында бір жылдың ішінде өнірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын көрсететін макроэкономикалық көрсеткіш. Яғни, ЖІӨ көлемі жоғары болса, ол мемлекеттің экономикасы қуатты болады. Егер жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі жоғары болса, онда ол мемлекеттегі өмір сапасы жоғары деген сөз. Халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсы, кедейшілік деңгейі төмен бай мемлекет деп есептеледі.
Әрине, қазіргі таңда экономистердің арасында бұл шын мәніндегі халықтың өмір сүру сапасын, елдің даму деңгейін толық көрсете алмайды деген пікірлер бар. Дегенмен, бұдан басқа әлемдегі елдердің дамуын салыстыра алатындай көрсеткіш әлі табылмады. Сондықтан ол жаңалық ашылғанша ЖІӨ мемлекеттердің дамуын бағалайтын негізгі көрсеткіші болып қала береді.
Жалпы тәуелсіздік алған жылдарда экономикамыз өтпелі кезеңнен өтті. 1998 жылдарда ол Азия дағдарысы жылдарына ұласты. Экономикамыз негізінен тек минус көрсеткіштерді көрсетті. Өсім болмады деп айтуға негіз бар.
Ал 2000 жылдан бастап бірден экономикалық өсімді көреміз. ЖІӨ орташа өсімі 2000-2007 жж. 10,3 пайызды көрсетті. Егер қандай да бір мемлекеттің ЖІӨ жылына 10 пайыздан өссе, әрі ол ондаған жылдарға ұласса елде экономикалық ғажайып болады.
2-мәтін
Тарихтан Германия экономикалық ғажайыбы, Жапония экономикалық ғажайыбы, Оңтүстік Корей экономикалық ғажайыбы деген ұғым пайда болды. Бұл мемлекеттер өздерінің бірегей ұлттық экономикасының моделін қалыптастыра алды деп айтуға толық негіз бар.
Ал Қазақстанда экономикалық ғажайып болуға сәл қалып еді, болайын деп болмай қалды. Себебі 2007-2009 жылдары әлемдік қаржылық дағдарыстың салқыны еліміздің де экономикалық дамуына кері әсерін тигізді. 2009 жылы ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) өсімі 1,2 пайызға дейін төмендеді.
Бұл дағдарыстан шығу үшін үкімет "5 батыл қадам" деген дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асырды. Ұлттық қордан 10 млрд доллар бөлініп, 4 млрд доллары банкротқа ұшыраудың алдында тұрған банктерді құтқаруға, 2 млрд доллар үлескерлердің мәселесін шешуге, 2 млрд доллар шағын және орта кәсіпті қолдауға, 1 млрд доллар ауыл шаруашылығына, 1 млрд доллар индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалды.
2010 жылдан бастап экономикада жандану фазасы орныға бастады. Экономикадағы қалыпты жағдай 2014 жылға дейін жалғасты, 2013 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 6 пайызға өсіп, Қазақстан 50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына кірген болатын. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 13 600 долларды құрады. Бұл әлемдік көрсеткіштермен есептегенде елдің әлеуеті, табыс деңгейі орташадан жоғары деп бағаланды. Қазақстан донор елдердің қатарынан орын алды.
Сөйтіп, Ауғанстан елінің 100 жас азаматына мемлекетіміздің универсиеттерінен 100 грант тағайындалды. Әлемнің біраз елдеріне астық тасымалдап көмек көрсетіліп келеді.
3-мәтін
Мемлекетімізде "Нұрлы жол" бағдарламасы, "100 нақты қадам" бағдарламасы әзірленді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция деңгейі 13,6%-ға жетті. Бағалар өсті, тұрмыстық техника мен тұрмыстық химия заттары 2 есеге дейін қымбаттаса, кейбір дәрі-дәрмектер бағасы 3 есеге дейін өсті. Бұл халықтың төлем қабілеттілік деңгейінің күрт төмендеуіне әкеліп соқты. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) өсімі соңғы 18 жылда болмаған көрсеткішке дейін төмендеді, жуықтағанда 1%-ға ғана өсті.
Қазақстан экономикасының өсім көрсетуіне немесе төмендеуіне не себеп болды?
Қазақстанның экономикалық ғажайыбы болуға сәл жақындаған қай сала деген сұраққа жауап берсек, оған қатты ойланудың да қажеті жоқ, ол негізінен шикізаттық сала, минералды ресурстар, мұнай мен газ екенін көреміз. Әрине, соңғы 2017 жылдағы ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) 4,2%-дық өсімі де 2018 жыл қорытындысы бойынша 3,9% өсім болуы мүмкін деген болжам да осы мұнай бағасының қалыпты болуының нәтижесі деп кесіп айтуға толық негіз бар.
Қазақстан сияқты дамушы мемлекет үшін ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) 3-4%-дық өсімі жеткіліксіз болады. Ол – дамыған АҚШ, Батыс Европа елдері үшін жақсы өсім, себебі олардың ЖІӨ көлемі триллиондаған доллар. Ал біздің ел үшін 2050 жылға дейін 30 бәсекеге қабілетті елдің қатарына кіреміз десек, кем дегенде 6-7%-дық өсім болуы керек.
Келешекте мұнай бағасы құлдырайтын болады. Сондықтан Қазақстан экономикасын шиказаттық бағытынан арылтып, әртараптандыру, индустрияландыру жолына түсу – қазіргі заман талабы.
4-мәтін
Елiмiзде жүргiзiлген барлық экономикалық шаралар өз өнiмiн берiп, мығым экономикалық өсуге қол жеткiздi. Ендi өткен шаралардың кемшiлiгiн түзеп, дамыған ел қатарына қосылу үшiн әлем жүрiп өткен жолдарды саралап, ұлттық экономикаға тиiмдi жағын таңдап алу және соған жету үшiн рыноктық қатынастардың заңдылықтарын, қызмет ету механизмiн саралап, оларды ұлттық экономика дамуына қолдана бiлу маңызды болып табылады.
Елiмiз экономикасында ауыл шаруашылығын реформалау, оларды қолдау шаралары, еңбек рыногының қызметi, бағалы қағаздар рыногы, қор рыноктары тиiмдi даму үстiнде. Сондай-ақ ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және елiмiздiң әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуына ең басты қажеттi саясат ұлттық шаруашлық құрылымының қызмет етуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Осындай инновациялық-идустриялық жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылу үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады. Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.
Осылайша бүгiнгi таңда экономиканың жан-жақты және бәсекеге қабiлеттi дамуы ол бiздiң экономикамыздың қаншалықты рыноктық қатынастарды тиiмдi ұйымдастыруына байланысты болып табылады. Сондықтан бiз жастар бүгiннен бастап экономикалық теория толық меңгерiп, ондағы жалпы экономиканың қызмет етуi мен рыноктық экономиканың механизмдерiн толық игерiп, оларды отандық экономиканың дамуына үлес ретiнде қосуға ұмтылуымыз керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?