Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ. 1 нұсқа.


САБАҚ: 1

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі.

Шешендік сөздер

Сабақтың түрі

Талдау сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы)

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Ғылыми стильдің ерекшеліктерін ажыратады;

Көптеген оқушылар:

Ғылыми стильді тілдік құралдары арқылы таниды;

Кейбір оқушылар:

Ғылыми стильді тілдік құралдары арқылы талдайды.

Бағалау критерийі

Ғылыми стильді тілдік құралдары арқылы таниды;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: Этностық құрам, үлес салмағы, халық құрамы, абсолюттік көбею, табиғи өсіп-өну коэффиценті, экономикалық дағдарыс

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: терминдер, синтаксистік құрылым, ғылыми стильге тән ерекшеліктер, «ғылыми стиль екенінің дәлелі

Пәнаралық байланыс

тарих

Мектеп құндылықтары

Өмір бойы білім алу: таным, талант, сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы біліммен байланыстыру:

Оқушылардың алдыңғы сабақтағы білік дағдылары ескеріледі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- сабақ мақсатымен таныстыру;

1-тапсырма. Берілген сөздердің қайсысы сізге қажет болуы мүмкін? Ойыңызды дәлелдеңіз.

Этностық құрам, үлес салмағы, халық құрамы, абсолюттік көбею, табиғи өсіп-өну коэффиценті, экономикалық дағдарыс

Неге мен бұл сөзді таңдадым?

Таңдау кезінде не туралы ойладым?

Келесі қысқартуларды қолданыңыз:

МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық

МЖ = Мұғалім жасаған

ӨД = өзге дерек көздері

сызба-кесте

Сабақтың ортасы

7-8 минут

15 минут

12 минут

3 минут

Бағалау критерийі

Дескриптор

оқушы

Ғылыми стильді тілдік құралдары арқылы таниды;

терминдерді ажыратады;

синтаксистік құрылымын талдайды;

ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктерін айқындайды

Мәтінді мұқият оқыңыз.

Қазіргі кезде Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі тұрады. Республикадағы басым ұлттар –қазақтар мен орыстар, олар Қазақстанның этникалық құрылымында 85%-ды құрайды, оның үстіне қазақтар санының және олардың республика халқының құрамындағы үлесінің абсолюттік көбеюі және орыстардың осы көрсеткіштерінің 70-жылдардың аяғынан бастап азаюы үрдісі жалғасуда.

Байырғы тұрғылықты халықтың неғұрлым жоғары үлес салмағы Қызылорда (93,5%), Атырау (90,6%), Маңғыстау (83,5%), Ақтөбе (75,8%) облыстарына тиесілі. Неғұрлым аз салмағы Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарына тиесілі.

Консулдық қызмет департаменті басқармасының деректеріне орай әрбір үшінші қазақ шетелдерде тұрады. Олардың жалпы саны шамамен 3,5 миллионға жетті: Қытайды -1258 500 адам, Монғолияда -83000, Ауғанстанда -20000, т.б..

Қазақстан үшін табиғи өсіп-өну халық санының көбеюінің негізгі көзі болып табылады. 80-жылдардың аяғынан бастап респуликада бала туу ұдайы төмендеді. Соның салдарынан табиғи өсіп-өну ұдайы қысқарды. Мәселен, табиғи өсіп-өну коэффиценті 1987 жылы 18,1 промилле, 1995 жылы 6,8 промилле болды.

Табиғи өсіп-өну қазақ халқы санының өсуінің басты факторы болып қалады. Алайда экономикалық дағдарыс жылдары бұл көрсеткіштің өсу қарқыны едәуір төмендеді. Қазақ халқының демографиялық өсу серпінінің төмендеуі атом қаруын ұзақ жылдар бойы сынау, Арал теңізінің тартылуы, Семей полигоны аймағындағы жарылыстар, уран кеніштерін ашық әдіспен қазу салдарынан қоршаған ортаның экологиялық жағынан нашарлауымен түсіндіреді.

2-тапсырма

FEST –талдау

Сыныптың 4 қабырғасына флипчартқа «терминдер», «синтаксистік құрылым», «ғылыми стильге тән ерекшеліктер», «ғылыми стиль екенінің дәлелі » деп жазылып ілінеді. Оқушылар топпен бірге мәтіннен қажетті ақпаратты анықтап жазады. Белгі берілген кезде келесі флипчартқа ауысып отырады.

Таныстырылым:

Әр топ бір флипчарттың тұсына тұрып, өзара талдау жасайды\ сыныпқа таныстырады.

Кері байланыс:

Сіздің ойыңызша қай топтың жұмысы нәтижелі болды?

Нәтижелі болуының себебі неде?

Мұғалім кері байланысы:

Дескрипторлар бойынша өзіңіздің жасаған жұмысыңызды бағалап көріңіз. Қай дескриптор орындалмады?

С = барлық сынып

Т = топтық жұмыс

ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі

К = мұғалімнің көрсетуі

Ф = формативті бағалау

«Қазақстан тарихы»

Алматы «Атамұра» 2010

251-253-бет

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:

Бұл сабақта ... болды. Өйткені ...

Ең қиыны ... Қиындықтан шығу жолы ретінде мынадай тәсіл ұсынамын: _________

Ғылыми стильдің стилистикалық бояуы бірыңғай сипатқа ие. Олар негізінен жазба тілге тән сөздер, морфологиялық тұлғалар, синтаксистік құрылымдар болып келеді. Функционалды-тілдік құралдардан мағынасы жалпыланған, дерексізденген сөздер мен грамматикалық тұлғалар көбірек қолданылады: дерексіз сөздер, етістіктің уақыттан тыс осы шақтық тұлғасы, есімдіктің көпше түрі (мен емес, біз түрінде қолдану) және соған сәйкес баяндауыш тұлғасы т.б.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу