Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 1 нұсқа.


Сабақ: 1

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі.

Шешендік сөздер

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Шығарма үзіндісі бойынша сұрақтарға болжаммен жауап береді;

Көптеген оқушылар

  • Мәтіннен ақпараттарды анықтайды;

Кейбір оқушылар

  • Нақыл сөздерді тақырыппен байланыстырады;

Бағалау критерийлері

  • Мәтін үзіндісі бойынша болжам жасайды;
  • Нақты ақпараттарды анықтайды;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:шешендік сөздер, қазақтың би-шешендері, халық ауыз әдебиеті, даналық сөздер;

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, менің түсінгенім, біздің пайымдауымызша

Мектеп құндылықтары

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың осыған дейінгі білік –дағдылары қолданылады

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

5 минут

Ұйымдастыру.

Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийі (дескриптор) таныстырылады.

Бағалау критерийі

дескриптор

Мәтін үзіндісі бойынша болжам жасайды;

  • Сұрақтарға жауап береді;
  • Мәтін құрылымын болжайды;

Нақты ақпараттарды анықтайды;

  • ақпараттар тізбегін құрайды;
  • тақырыпқа сай ой қорытындылайды

Тыңдалым алды тапсырма.

Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын ашу арқылы ортақ ұғымды анықтау.

(оқушылар пікірлері тыңдалады, сабақ тақырыбы анықталады)

  • Таяқ еттен өтеді,

Сөз сүйектен өтеді.

  • Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
  • Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді.
  • Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды.

1-слайд

2-слайд

Сабақтың ортасы

15 минут

10 минут

8 минут

Ж. Т. Тыңдалым тапсырмасы.

Оқушылар «Шешендік сөздер» тақырыбында бейне материалдан үзінділерді қарау арқылы сұрақтарға болжаммен жауап береді.0.21. Дүниежүзіне танымал ерте заман шешендеріне кімдерді жатқызамыз?

0.39. Қазақтың шешендік сөз тарихы кімдерден басталады?

1.32. Шешендік сөз үлгілерін зерттеушілерді атаңыз.

2.08. Шешеннің негізгі құралы атаңыз

Мұғалім бейнекөріністі көрсетіп, белгілі жерде кілт үзіп, әрі қарай не болатынына болжам жасатады. Оқушылар сұрақтарға болжаммен жауап жазады. Тобында талқылайды, соңғы жауаптарын ұсынады. Бейнежазбаның толық нұсқасы көрсетіледі. Оқушылар түйін жасайды.

Ф. Әр топта 1 бақылаушы тағайындалады.

· сіздің ойыңызша, кімнің жауабы нақты болды?

· оның болжамының ерекшелігі неде?

· қандай ұсыныс айтасың?

Ж. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Би-шешендер- ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздің иесі.

«Сөзден тәтті нәрсе жоқ,

Сөзден ащы нәрсе жоқ.

Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет.

Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл».

Бөлтірік шешен

Дескриптор:

  • ақпараттар тізбегін құрайды;
  • тақырыпқа сай ой қорытындылайды

Кері байланыс. «Ең...»

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/sheshendik-sozder-biler-sozi-naqyldyng-kozi

3-слайд

Бағалау парағы

4-слайд

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Бүгін мен үшін ....... маңызды болды.

*................. қызықты болды.

*.......................... қиын болды.*......................... екенін түсіндім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу