Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, таратпа материал. 8 сабақ. 2 нұсқа.
Мәтін
Шешендік сөздерді дау-тартыстарда қолданылатын сөз үлгілері деп білу оның аясын тарылтып, жаңсақтыққа бой алдырады. Көпті көрген өнегелі адамдардың бата-тілектерінде, насихат-нақыл сөздерінде де шешендік сөздердің небір үлгілері кездеседі.
Жасы үлкеннен, аузы дуалы қариядан бата алу – байырғы қазақтың салтында бар жоралғы. Шешендікке, билік айтуға талаптанған жастар елге атағы шыққан би-шешендерден бата, таңдаған жолына рұқсат алатын болған. Батырлығымен қоса жастайынан әділдігі және шешендігімен «Бала би» атанған Сырым Датұлының Малайсары, Алдар, Есет секілді билерден бата алғандығы, ел аузында сақталған аңыз-әңгімелерде айтылады.
Сырым алғаш рет Байұлы мен Әлім рулары арасындағы арты ұзаққа, барымтаға созылған дауға билік айтқан. Құн даулап келген бала жігітке Әлім руының Ақсуат биі: - Сырым, шырағым! Баланың екі түрі болады: үй баласы, ел баласы. Ел арасының бүтіндігін ойлап, ел баласы болайын деген ер екенсің, мұратыңа жет, бағың ашылсын! - деген аталы сөзін айтса, Сырымның тапқырлығын, тілінің өткірлігін байқаған Малайсары би: - Кеудең тола бауыр болсын, Арқаң қара нардай жауыр болсын. Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін, Құлағыңның сыртынан сыбыр кетпесін, Бірақ жасың жетпіске жетпесін!- деп батасын берген екен.
F (facts) – мәтінде айтылған фактілерді (мәтіндегі негізгі ақпаратты) теріп жазады.
I (ideas) – мәтінде көтерілген мәселеге, бірінші бағандағы фактілердің орындалуына себеп болған мәселелерді болжап жазады.
L (learning issues) – туындаған мәселелерді (идеяларды) жүзеге асыруға көмектесетін сұрақтар құрастырады.
A (аction plan) – мәселені шешетін нақты жоспар құрады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?