Шешендік сөздер және сөйлеу мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Сабақ жоспары №4
Күні: Тақырыбы: Шешендік сөздер және сөйлеу мәдениеті |
| ||||||
Сынып:9 L1 | Қатысушылар саны: | келмегендер: | |||||
Оқу мақсаттары | Ж7. Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетудер енгізу, редакциялау | ||||||
Сабақ мақсаттары | Мәтінді абзац пен бөліктерге бөледі, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелейді, логикалық және стильдік түзетулер енгізу арқылы редакциялайды. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Қоғам қайраткері, әділдік, ішкі-сыртқы саясат, мемлекет басқару, т.б. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, әдебиет | ||||||
АКТ қолдану | https://www.youtube.com/watch?time_continue=5&v=Sm7JXLpQfZM «Бабадан қалған асыл сөз» | ||||||
Осыдан бұрын алған білім | Алдыңғы сабақта «Шешендік сөз өнері»деген тақырыпта оқушылар түрлі тапсырмаларды орындады, әртүрлі мәтіндермен жұмыс жасап,өз көзқарастарын ортаға салды, бір-бірімен ой алмасты. | ||||||
Жоспар | |||||||
Уақыт | Жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | |||||
Басы | Миға шабуыл : «Өрмекші торы» : оқушылар үлкен шеңберге тұрып біріне-бірі шешендік өнердің кезеңдерін айтып, жіп орамын лақтыру арқылы өрмекші торын құрады. Ең соңғы оқушы бұл белсенді оқу тәсілінің мақсатын айқындап, сабақтың тақырыбына болжам жасайды. Жасалған болжам бойынша оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім оқушыларды сабақтың оқу мақсатымен таныстырады. | Мәтін , стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар, интерактивті тақта | |||||
Ортасы | Мәтінді талдау. Қадамдық жұмыс 1. Әр оқушыға мәтін таратылады. Оқушылар мәтінді оқып болғаннан кейін, берілген тапсырма бойынша сұраққа жауап жазады. 2.Жанындағы жұбымен тапсырманың дұрыстығын салыстырып, тексереді. ( дұрыс жауап, тақтадан көрсетілуі керек) Қаз дауысты Қазыбек Қазыбек Келдібекұлы 1667 жылы Сырдария жағасында атақты бидің жанұясында дүниеге келген. Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII-XVIII ғасырдағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек – есімдері елге әйгілі әділ билер болған. Ел аузындағы әңгіме, Қазыбек биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, ата жолы заңдарын мейлінше меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген адам болғандығын айқын аңғартады. Бала жасынан өзінің шешендігімен, әділеттілігімен ел көзіне түскен. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Қазыбек би Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар ел билеген тұста да мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған. 14 жасар Қазыбек бала қалмақ қоңтайшысына барғанда тайсалмай: Сен темір болсаң, біз-көмірміз- еріткелі келгенбіз, Қазақ –қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге – танысқалы келгенбіз, Танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан- алысқалы келгенбіз, Тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең -жөніңді айт, бермесең- тұрысатын жеріңді айт! – депті. Қазыбектің айтқанына риза болған қалмақ ханы: - Дауысың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен!- депті. Қалмақ қазақтардың мал-мүлкін, тұтқындарын қайтарып, өздеріне сый-сияпат көрсетіп, еліне аттандырыпты. Осыдан кейін оны халық «Қаз дауысты Қазыбек би» деп атап кетіпті. 1. Автор 1-18 жолдарда нені көрсетеді? Ойыңызды мәтіннен екі түрлі дәлел келтіріп жеткізіңіз. 2. Автор 13-32- жолдарда не туралы айтады? Жауапты бір сөйлеммен жеткізіңіз. 3. Неліктен «Қаз дауысты Қазыбек би» атанды? Топтық жұмыс «Алты қалпақ» Оқушыларға 6 түс ұсынылады, түстерді өз қалаулары бойынша таңдап алады. Таңдап алған түстері бойынша мәтіндегі ойды,көтерілген мәселені өмірмен байланыстырып , өз көзқарастарымен тұжырымдайды. Ақ қалпақ : мәтіндегі құнды ақпаратқа назар аударады. Сары қалпақ: мәтіндегі көтерілген мәселенің жағымды жақтары туралы сөз қозғайды. Қара қалпақ: мәтіндегі ойдың жағымсыз жақтарына мән береді. Қызыл қалпақ: мәтіннің жағымды, жағымсыз жақтарын өз сезім, болжамымен байланыстырады. Жасыл қалпақ: мәтіндегі ойды болашақпен байланыстырып, креативті ой айтады. Көк қалпақ: барлық ойды қорытындылап, тұжырым жасап,шешім шығарады. | ||||||
Соңы | Топтық бағалау. Топтар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды. Кері байланыс: БББ
| ||||||
Қосымша ақпарат Білгенге - маржан! Қазыбек бидің шешендік сөздері
Жүрекке – әмір жүрмес.
Атадан жаман ұл туса – адам
| |||||||
| Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||||||
Қорытынды жасау Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін не меңгерді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма? Мен кестеге сәйкес жүрдім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге? | Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?