Шешендік өнер және сөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Сабақ жоспары №6

Күні:

Тақырыбы: Шешендік өнер және сөйлеу мәдениеті

Мектеп:

Мұғалімнің аты:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

келмегендер:

Оқу мақсаттары

Ж6. Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма, т.б.) ұсына білу

 Сабақ мақсаттары

Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, әңгіме, шығарма жазу.

 Бағалау критерийі

  • Жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдарды ұтымды қолдана біледі.
  • Өзіндік стильмен әңгіме, шығарма жаза алады.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: стиль, тұжырымды ой,көркемдегіш құрал, өзіндік стиль, толғау.

Құндылықтарды дарыту

Сөз өнерін дәріптеу

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, https://www.youtube.com/watch?v=cNgf0deiLQU

« Шешендік сөздер. Билер сөзі – нақылдың көзі»

Осыдан бұрын алған білім

Алдыңғы сабақта «Шешендік өнер және сөз мәдениеті» деген тақырыпта мәтін талдап, шешендік өнер мен сөз мәдениеті туралы өз көзқарастарын ортаға салып, бір-бірімен ой алмасты.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Басы

Ой толғаныс

1.Сіздің ойыңызша шешен би,батырлардың ортасында қандай ортақ  қасиеттері бар?

2. Шешен би, батырлар не үшін қажет?

  3. Нені үйренуге болады?

Мәтін , стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар.

Ортасы

Қадамдық жұмыстар: Оқушылар топқа бөлініп, тапсырманы «Әдеби шеңбер» әдісі арқылы рөлге бөлініп орындайды.

1-оқушы-талқылаушы

1. Толғау бойынша бойынша 3-4 сұрақ құрастырады.

2.Соңында сыныппен бөлісе алатындай өз тобының жауаптарын жазады.

2-оқушы-белгілеуші

1. Толғаудың тақырыбына және оның маңызына қатысты 3-4 бөлігін белгілеп, толғау жолдарын өз сөздерімен жеткізеді.

2.Бөліктерді өз тобына дауыстап оқиды және олардың маңыздылығын талқылайды.

3-оқушы-байланыстырушы

      • Толғауда көтерілген мәселе мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды табады.

4-оқушы-қорытындылаушы

1. Толғауды нақышына келтіріп мәнерлеп оқиды, идеясын, автордың айтайын деген ойын сараптап қорытындылайды

2. Маңызды жерлерін атап көрсетеді.

5-оқушы-суреттеуші

1. Толғау бойынша өз ойын әңгімелеп айтады.

2. «Шешендік толғау » сөзінен басталатын 3 сөйлем жаз.

Шешендік толғау

.....................................................................................................

Шешендік толғау.....................................................................................................

Шешендік толғау.....................................................................................................

Асанқайғының шешендік сөздері

Жәнібек ханға тілін алдыра алмаған Асан би Түркістанға қарай қаптап келе жатқан көш алдынан шығып, ондағы игі жақсы жасы үлкен қарияларға, би, байларға бұрылып тағы мынадай ақыл-нақыл айтыпты:Еділ бол да, Жайық бол,Ешкімменен ұрыспа.Жолдасыңа жау тисе,Жаныңды аяп тұрыспа.Ердің құны болса да,Алдыңа келіп қалған соң,Қол қусырып барған соң,Аса кеш те қоя бер,Бұрынғыны қуыспа.Ақың болса біреуде,Айыбын тап та ала бер.Ерегісіп ұрыспа!Сенікі жөн болса да,Алтын шықпас дұрысқа.Өзіңе біреу тимесе,Кейін қарай жылыста.Мінезі жаман адамға,Енді қайтып жуыспа,Тәуір көрген кісіңмен, Жалған айтып суыспа.Өлетұған тай үшін,Көшетұғын сай үшін,Желке терің құрысып,Әркімменен ұрыспа.Жөнге баспай тырысып,Орынсыз жерде жем болма.Ашу-дұшпан, артынан,Түсіп кетсең қайтесің,Түбі терең қуысқа!

Соңы

Топтық бағалау. Топтар сағат тілі бойынша бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Менің бүгінгі алған әсерім.......

Менің ойымша, өте сәтті меңгердім....

Менің ұсынысым.....

Қосымша ақпарат

Білгенге - маржан!

Асанқайғы Сәбитұлының Әбілқайыр ханға айтқан сөзіАсан ата мұндай ақыл-нақыл, толғауды Әбілқайыр ханға да талай рет айтыпты. Бір жолы Әбілқайыр хан ұзақ сапар шегіп, жер шолып қайткан Асан абыздан:– Асан ата, Көкше жағы қандай екен, ордамды сол жаққа көшірсем қалай болады? - деп сұрапты. Сонда Асан би:– Қайда көшем десе ханның ықтияры ғой, бірақ мен көрген Көкше:Төс табаны төрт елі,Атан жүрер жер екен.Төсегінен түңілген,Адам сүрер жер екен.., – депті. Бір жазда Әбілқайыр хан өзінің Маңғыт деген әйелінен туған тұңғыш ұлы қайтыс болып, ас береді. Бұл ұлан-асыр ас Ұлытау мен Ақкөл аралығындағы көк орай шалғынды кең далада өтеді. Асқа аяқ жетер атыраптан көп халық жиналады. Ханды құрмет тұтқан жер-жердегі бай, бектер, сұлтан, билер бірінен бірі асыра тарту-таралғысымен артынып-тартынып жетеді. Ас бірнеше күнге созылады. Ат жарыс, бәйге, көкпар, күрес дейсің бе, әйтеуір қазақ дәстүрінде бар барлық салт-сана, ойын-сауықтың бәрі өтеді. Ақындар айтысады, күйшілер күй шертеді, әншілер ән салады. Хан сол бір асты өзінің ақылгөй абызы Асанқайғыға басқартады. Бірнеше күнге созылған осы жиынды Асан жырау:Таза мінсіз асыл тас,Су түбінде жатады.Таза мінсіз асыл сөз,Ой түбінде жатады.Су түбінде жатқан тас,Жел толқытса шығады.Ой түбінде жатқан сөз,Шер толқытса шығады, – деп бастаған екен дейді ел. Осы ас өтерден бірер жыл бұрын Асанқайғы жырау халқынын болашақ қамы үшін қазақтың кең дала, қаласын шарлап, "Жерұйықты" іздеп оралған екен. Оны көптен бері көрмей, аталық ақыл, өсиетін тыңдай алмай, сағынып аңсап жүрген ел-жұрты сөз иіні келген кезде өздерінің сұрақ, өтініштерін тұс-тұсынан жаудырыпты. Біреулер: "Қалай еткенде елге әділдік орнайды?" дегенде ол:Әділдіктің белгісі,Біле тұра бұрмаса.Ақылдының белгісі,Өткен істі қумаса.Жамандардың белгісі,Жауға қарсы тұрмаса;Залымдардың белгісі,Бейбіттің малын ұрласа.Надандардың белгісі,Білгеннің тілін алмаса.Шамаңша шалқып көре бер,Қабірге әзір қоймаса.Артыңда қалар атақ жоқ,Тіріде данқың болмаса, – деп термелепті. Енді бірі "Не жетіспейді, не ғаріп?" деп сұрапты. Сонда қарт абыз:Бұ заманда не ғаріп?Ақ қалалы боз ғаріп.Жақсыларға айтпаған,Асыл шырын сөз ғаріп.Замандасы болмаса,Қария болар шын ғаріп.Қадірін жеңге білмесе,Бойға жеткен қыз ғаріп.Ел жағалай қонбаса;Бетегелі бел ғаріп.Қаз, үйрегі болмаса,Айдын шалқар көл ғаріп.Мүритін тауып алмаса,Азғын болса пір ғаріп.Ата жұрты бұқараӨз қолында болмаса,Қанша жақсы болса да,Қайратты туған ер ғаріп.Ғалымды хатим еткендер,Мақсатына жеткендер,Жас кәрілер отырып,Алдынан сабақ алмаса,Қарамаса жүзіне,Ғалым да болса ол ғаріп, - деп толғаныпты. Асанқайғы жырау осы ойын тағы да әрмен жалғастыра түсіп, айнала тәңіректеп отырған бай, би, төрелерге қарата мына сөзді айтыпты:Ердің құны сөз емес,Есебін тапқан сабазға.Төрден орын тимейді,Патша болсын малы азға.Мойнын бұрып сөз айтпас,Көңілі қалған аразға.Атадан жауып айтпаңыз.Алғаным асыл ару деп,Күн шығарып жатпаңыз.Атамның малы көп-ті деп,Атты басқа тартпаңыз.Есенінде, тірідеБір болыңыз бәріңіз.Ақыретке барғанда,Хақ қасында тұрғанда,Қыдырдың өзі болғай жарыңыз.Асан абыз кідіріп, сәл тыныстай бергенде, Әбілкайыр хан сөз бастап кетеді. Ол өзімен тұстас кейбір хандарды, бектерді, би-батырларды мінеп, өзін олардан зор санағандай сынай танытады. Өз қол астындағы бірқатар бай, шонжарларға, ауыл ақсақалдарына риза еместігін білдіреді. Өзіне де, өз қолы жеткен табыстарында місе тұтпағандай пиғыл танытады. Ханның осындай көзқарас, пікір, ойларын манадан бері көзін жұмып, міз бақпай тыңдап отырған Асан ата, енді басын көтеріп, ханға тіке қарайды да былай деп толғай жөнеледі:Есті көрсең кем деме,Бәрі тұйғын табылмас.Қарындасың жамандап,Өзіңе туған табылмас.Адам әзіз айтар деп,Көңілінді салмағын.Нәпсі алдаушы дұшпаның,Насихатын алмағын.Бақыты оянған ерлердің,Әрбір ісі оң болар.Дәулеті күнге артылып,Не қылса да мол болар.Тазылары түлкі алып.Қаршығасы қаз іліп.Сөз сөйлесе жөн болар.Не десе де жарасар."Бай", "байсың" деп ат қойып,Ел аузына қарасар.Арғымаққа міндім деп,Артқы топтан адаспа!Күнінде өзім болдым деп,Кең пейілге таласпа!Артық үшін айтысып,Достарыңмен санаспа!Ғылымым жұрттан асты деп,Кеңессіз сөз бастама!Жеңемін деп біреуді,Өтірік сөзбен қостама!Сара жолдан жаңылған.Ханға зират қазылмас,Сөгілгелі тұр қабырғаң,Кеселің бар жазылмас,Тарқат ханым шеріңді,Намазыңа асықпа.Құрыштан берік елімді,Алауыздықпен жасытпа!Біреу өсірген қауынды,Тұрсың босқа жарғалы.Досыңнан іздеп жауыңды,Тұрсың жалғыз қалғалы.Ұмыттың қазақ даласын,Ұлғайттың жанды жарасын,Бір атаның баласын,Екіге бөліп барасың,Жолын ханым таппасаң,Бүлінеді барлық жұрт.Таң боп қайта атпасаң,Басқалы тұр қара бұлт...Бұл сөз Асанқайғы бидің көптен бері ханға айтуға реті келмей жүрген іш құса ыза толғауы еді. Осы бір ащы, уытты сөз өңменіне қадалған оқтай болған Әбілқайыр хан "намаз уақтысы өтіп бара жатыр екен ғой" деп сылтауратып отырған орнынан тұрып, далаға шығып кетеді. Асан ата да, өзге отырған ел басшы игі жақсылар да ханның "намазды" сылтау қылып, сыртқа шыққанын іштерінен сезеді, сезсе де сыр білдірмегенсиді. Ал, көмейіне лықсып келген ойын бүкпесіз, бетке тіке айтатын Асан би сөзін былайша жалғастыра түсіпті дейді:Көлде жүрген қоңыр қаз,Қыр қадірін не білсіңнҚырда жүрген дуадақ,Су қадірін не білсін?Көшіп-қонып жүрмеген,Жер қадірін не білсін?Көшсе қона білмеген,Қонса көше білмеген,Ақылына көнбеген,Жұрт қадірін не білсін?

Дифференциалау – сіз қалай қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеттері жоғары оқушыларды қалай ынталандыруды жоспарлайсыз?

Танымдық тапсырма: «Әңгіме картасы 2-Құрастыру»

«Шешендік сөз – өнер падишасы» тақырыбында шығарма жазу.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу