Шешендік өнер және сөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 7 сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті және шешендік сөз

Оқу мақсаты: ӘТН2. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

Сабақ мақсаты: Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданып айту

Бағалау критерийі:

Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерді біледі.

Сөйлеу мәнерінде сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін қолдана алады.

Миға шабуыл : «4сөйлем»

Миға шабуыл: Ойыңды төрт сөйлем арқылы жеткіз.

 

Пікір. «Шынайы шешен- жарқын тұлға»

 

Дәлел. ...................................................................................................................

 

Мысал. .................................................................................................................

Қорытынды. ......................................................................................................

1-тапсырма : «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру.

1-топ

1. ХІІ-ХІІІ ғасырда өмір сүрген қазақ шешендік өнерінің өкілдерін көрсетіңіз.

2. «Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген» деген сөздің авторын табыңыз.

3. Көп нүктенің орнына айтылатын шешеннің атын көрсетіңіз. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – ...».

4. Шешендік сөздің жанрлық түрін көрсетіңіз.

2-топ

1. «Қазақтар ... мүдірмей, кідірмей ерекше екпінмен сөйлейді...» деген сөздің авторын белгілеңіз.

2. ХІV-ХV ғасырда өмір сүрген шешендер кімдер?

3. Шешендік өнердің қиындығы туралы айтқан жырауды атаңыз.

4. «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін» өнер иесі кімдер?

3-топ

1. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер қай ғасырда өмір сүрген?

2. «Сөзден тәтті нәрсе жоқ, сөзден ащы нәрсе жоқ» деп айтқан шешен туралы не білесіз?

3. «Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген сауалға тапқырлықпен жауап берген би-шешенді көрсетіңіз.

4. Қазақ пен қалмақ арасын бітістірген би-шешенді табыңыз.

4-топ

1. «Қарлығаш әулие» атанған би жайлы сіздің ойыңыз қандай?.

2. «Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер?» деп басталатын толғау қай қатарға тән екенін көрсетіңіз.

3. «Жүзге бөлінгендердің жүзі – қара, руға бөлінгендердің құруға асыққаны» деген сөзді айтқан биді көрсетіңіз.

4. Қалмақ еліне жаушылыққа барғанда Қазыбек би неше жаста болғанын табыңыз.

5-топ

1. «Ақыл деген – дария, алдын тоссаң, тоқырар» деген сөзді айтқан би кім?

2. «Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң, жауға найзаң тисін» деген сөзді қай би айтқан?

3.«Сен – темір де, мен – көмір, еріткелі келгенмін ...» деп басталатын шешендік сөз қай қатарға тән екенін атаңыз.

4.«Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды» деген сөзді айтқан би-шешенді көрсетіңіз.

2-тапсырма: Би-шешендердің сөздерінің айрықша әсер еткен тұстарын немесе үзінділерді таңдап алып, кестені толтырыңыз.

Кері байланыс:ББТЗО кестесін толтыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу