Шешендік өнер және сөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 7 сабақ.
Қосымша ақпарат
С.Негимовтің шешендік өнер туралы пікірлері
Зерттеуші ғалым Серік Негимов шешендік өнердің тектері мен түрлерін үш топқа бөледі.
1.Əлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік.
2. Академиялық шешендік.
3. Əлеуметтік-тұрмыстық тақырыптағы майталмандық.
Сөйлеу мәдениетінің ерекше белгісі – дәлдік. Дәлдік – анық, ұшқыр ойдан тұрады. Шешен ана тілінің көркемдік қазынасын және өз пәнін жүйрік білгенде ғана, сөз қолдану, байланыстыру тәсілдерін, көп мағыналы сөздерінің сәні мен мәнін, құпия сырларын, синоним, антоним, омоним, нақыл, қанатты сөздерді еркін әрі сәтті пайдаланады. Бұл ретте шешен – билердің сөздерінде дәлділік, айқындылық мейлінше жоғары деңгей – дәрежеде көрінеді, сондықтан оны қазақ әдеби тілі негізі арналы саласы деуге болады [1, 145 б.]
Белгілі ғалым С. Негимов «Шешендік өнер» ат¬ты еңбегінде осындай байқампаздық туралы мынадай келісті ойлар айтады: «Шешен қырағы, байқампаз болса, аудиторияның шып-шырғасын шығармай уысын¬да ұстайды. Егер де шешен сөзі аудиторияға ғаламат әсер ететін болса, онда тың¬даушылардың көздері от шашып, жүздері гүл-гүл жайнап, ықыластанып, жұм¬сақ жымиып, бастарын изеп, қоштағандай, қолдағандай ым-ишарат жа-сай¬ды. Ыстық ықыласын, ізет-ниетін дауыстап та білдіреді. Сөйтіп, шешен мен ауди-торияның құлшынысы бірдей оянып, оттай маздап, бір-бірін жетелеп, қоян-қол¬тық араласып, туысып кетеді. Бір кеменің ішінде, рахаттың теңізінде жүзіп ба¬ра жатқандай сезінеді» [1].
«Шынайы шешен - жарқын тұлға. Оның ойлау, сөйлеу мəнері, кескін келбеті, рухы, тəжірибесі, ішкі мəдениеті, білім өрісі, дүние-танымы, талант табиғаты, жан-тəн қуаты, мінбедегі тəртібі, ым-ишараттары, дауыс ырғағы қызықтырмай қоймайды».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?