Шешендік өнер және сөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.
Сабақ жоспары №7
Күні: Тақырыбы: Шешендік өнер және сөз мәдениеті |
| |||||||||||||
Сынып: 9 Т1 | Қатысушылар саны: | келмегендер: | ||||||||||||
Оқу мақсаттары | ӘТН2. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданып айту | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідіріс | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, әдебиет | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, Бала би мен Сырым https://www.youtube.com/watch?v=cJvgHRJNntQ | |||||||||||||
Осыдан бұрын алған білім | Оқушылар алдыңғы сабақта «Қазақ шешендік өнерінің кезеңдері»деген тақырыпта мәтінмен жұмыс жасап,өз көзқарастарын ортаға салып, бір-бірімен ой алмасты. | |||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||
Уақыт | Жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | ||||||||||||
Басы | Миға шабуыл: Ойыңды төрт сөйлем арқылы жеткіз. Пікір. «Шынайы шешен- жарқын тұлға» Дәлел. ................................................................................................................... Мысал. .................................................................................................................
Қорытынды. ...................................................................................................... |
| ||||||||||||
Ортасы | 1-тапсырма Оқушылар бес топқа бөлініп, интерактивті тақтадағы көрсетілген билердің суреттері арқылы «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз көзқарастарын сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолдана отырып жеткізеді. 1-топ 1.ХІІ-ХІІІ ғасырда өмір сүрген қазақ шешендік өнерінің өкілдерін көрсетіңіз. 2.«Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген» деген сөздің авторын табыңыз. 3.Көп нүктенің орнына айтылатын шешеннің атын көрсетіңіз. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – ...». 4.Шешендік сөздің жанрлық түрін көрсетіңіз. 2-топ 1.«Қазақтар ... мүдірмей, кідірмей ерекше екпінмен сөйлейді...» деген сөздің авторын белгілеңіз. 2.ХІV-ХV ғасырда өмір сүрген шешендер кімдер? 3.Шешендік өнердің қиындығы туралы айтқан жырауды атаңыз. 4.«Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін» өнер иесі кімдер? 3-топ 1.Төле, Қазыбек, Әйтеке билер қай ғасырда өмір сүрген? 2.«Сөзден тәтті нәрсе жоқ, сөзден ащы нәрсе жоқ» деп айтқан шешен туралы не білесіз? 3.«Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген сауалға тапқырлықпен жауап берген би-шешенді көрсетіңіз. 4.Қазақ пен қалмақ арасын бітістірген би-шешенді табыңыз. 4-топ 1.«Қарлығаш әулие» атанған би жайлы сіздің ойыңыз қандай?. 2.«Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер?» деп басталатын толғау қай қатарға тән екенін көрсетіңіз. 3.«Жүзге бөлінгендердің жүзі – қара, руға бөлінгендердің құруға асыққаны» деген сөзді айтқан биді көрсетіңіз. 4.Қалмақ еліне жаушылыққа барғанда Қазыбек би неше жаста болғанын табыңыз. 5-топ 1.«Ақыл деген – дария, алдын тоссаң, тоқырар» деген сөзді айтқан би кім? 2.«Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң, жауға найзаң тисін» деген сөзді қай би айтқан? 3.«Сен – темір де, мен – көмір, еріткелі келгенмін ...» деп басталатын шешендік сөз қай қатарға тән екенін атаңыз. 4.«Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды» деген сөзді айтқан би-шешенді көрсетіңіз. 2- тапсырма Би-шешендердің сөздерінің айрықша әсер еткен тұстарын немесе үзінділерді таңдап алып, кестені толтырыңыз.
| Мәтін , стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар | ||||||||||||
Соңы | Топтық бағалау. Топ спикерлері бағалау критерийі арқылы топ жұмысын бағалайды. Кері байланыс: ББТЗО кестесін толтыр. (Жауап беруді талап ететін сұрақтарды жазу)
| |||||||||||||
Қосымша ақпарат Білгенге - маржан! С.Негимовтің шешендік өнер туралы пікірлері Зерттеуші ғалым Серік Негимов шешендік өнердің тектері мен түрлерін үш топқа бөледі. 1.Əлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік. 2. Академиялық шешендік. 3. Əлеуметтік-тұрмыстық тақырыптағы майталмандық. Сөйлеу мәдениетінің ерекше белгісі – дәлдік. Дәлдік – анық, ұшқыр ойдан тұрады. Шешен ана тілінің көркемдік қазынасын және өз пәнін жүйрік білгенде ғана, сөз қолдану, байланыстыру тәсілдерін, көп мағыналы сөздерінің сәні мен мәнін, құпия сырларын, синоним, антоним, омоним, нақыл, қанатты сөздерді еркін әрі сәтті пайдаланады. Бұл ретте шешен – билердің сөздерінде дәлділік, айқындылық мейлінше жоғары деңгей – дәрежеде көрінеді, сондықтан оны қазақ әдеби тілі негізі арналы саласы деуге болады [1, 145 б.] Белгілі ғалым С. Негимов «Шешендік өнер» атты еңбегінде осындай байқампаздық туралы мынадай келісті ойлар айтады: «Шешен қырағы, байқампаз болса, аудиторияның шып-шырғасын шығармай уысында ұстайды. Егер де шешен сөзі аудиторияға ғаламат әсер ететін болса, онда тыңдаушылардың көздері от шашып, жүздері гүл-гүл жайнап, ықыластанып, жұмсақ жымиып, бастарын изеп, қоштағандай, қолдағандай ым-ишарат жасайды. Ыстық ықыласын, ізет-ниетін дауыстап та білдіреді. Сөйтіп, шешен мен аудиторияның құлшынысы бірдей оянып, оттай маздап, бір-бірін жетелеп, қоян-қолтық араласып, туысып кетеді. Бір кеменің ішінде, рахаттың теңізінде жүзіп бара жатқандай сезінеді» [1]. «Шынайы шешен - жарқын тұлға. Оның ойлау, сөйлеу мəнері, кескін келбеті, рухы, тəжірибесі, ішкі мəдениеті, білім өрісі, дүние-танымы, талант табиғаты, жан-тəн қуаты, мінбедегі тəртібі, ым-ишараттары, дауыс ырғағы қызықтырмай қоймайды». | ||||||||||||||
| Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | |||||||||||||
Қорытынды жасау Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін не меңгерді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма? Мен кестеге сәйкес жүрдім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге? | Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?