Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Қазақ тілі, 10 сынып, қалыптастырушы бағалау. 1 сабақ.
Қалыптастырушы бағалау : «Байыпты баяндамашы» әдісі
Шешендік сөздерге қатысты пікірлерге талдау жасап, үзінділер келтіре отырып, өз көзқарасыңды білдіріп жаз.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласың.…Қырғыздар (қазақтар) өз көршілестерінен ұтымды сөздің ұрымтал тұсын тауып қолдана білетін тапқырлығымен және керемет шешендігімен ерекшеленеді. Менің жинаған материалдарым қазақтардың ақылы, ой өрісі мен тілі жайында нақты түсініктер мен мағлұматтар береді деп ойлаймын» - деп, ойын басқа түркі тілдес халықтармен салыстыра отырып қорытады.
Қ.Бейсенов өз ойын былайша өрбітеді:
«Қазақ топырағында қалыптасқан рухани кеңістікте, Әл-Фарабиден Абайға дейінгі аралықта бұл (шешендік өнер) туралы айтқан ой саңлақтары баршылық. Мысалы, Әбунасыр бабамыздың логиканы біртұтас ойкешті ғылымдық жүйеге түсіріп, оның танымдық тәсілдерін айқындап бергені белгілі. Шешендік өнерге байланысты айтылған Әл-Фарабилік ойларға қысқаша тоқталсақ, онда ол диалетиканың қарапайым пікір таластырушылық өнер емес, ақылды ұстартатын ой кешу тәсілі екендігін баса айтқан болатын. Диалетика осы қасиетімен шешендік өнердің арқауы бола алады. Әл-Фараби диалетика мен риториканың тамырластығын бағамдай отырып, сонымен қатар, олардың айырмашылықтарын да көрсете білген. Айталық, егерде диалетика тек шынайы білімге негізделген, қисынды дәлелдер арқылы тұжырымдалатын ой түю тәсілі болса, риторика шешендік қисынға, ой жүйелілігіне, ұғымдар үйлесіміне негізделеді»
Қазақ халқының сөз өнері, шешендік өнері жайында тереңнен ой толғап, нақты тұжырымдар жасаған ғалымдардың бірі – Р.Сыздықова. Автор шешендік өнер дәстүрі тарихына тоқтала келіп, шешендік өнер мен шешендік сөз ұғымдарының ара-жігін ажыратып көрсетеді. Біздіңше “шешендік сөз” деген терминді бұрынғысынша шешендік өнердің іс жүзінде асқан нәтижесін атауға қалдыру керек, яғни фольклор мұрасының бір жанрын және қазіргі кезде шешен айтылған сөзді осылайша атау керек те, шешендік өнердің, сөзге шеберліктің өзін сәл болса да өзгешелеу атау қажет. Бұл ұғымға “шешендік” деген абстрактілі есімді теліп, ол – “шешен сөйлеу” деген актінің атауы болса дейміз. Демек, әрі қарай біз орыс ғылымында «ораторское искусство, риторика, красноречие” деп жүрген категория сөз болған жерде ‘шешендік сөз” деген тіркесті актінің нәтижесі, материалы дегенге береміз,” – дейді автор.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?