Пунктуация. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 7 сабақ. 2 нұсқа.


Топта «...Өткірдің жүзі. Кестенің бізі. Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан...», — деп сөз құдыретінің ғаламат құбылыс екеніне ұлы Абайдан артық ешкім баға бере алмас, сірә. Өз заманында қара қылды қақ жарған Қазыбек, әділ төрелік айтқан Әйтеке, тура айтып туғанына жақпаған Төле бидің өзі даудың бетін де, жаудың бетін де сөз шеберлігімен қайтарды емес пе? Ал бүгінде қалай? Біз бабаларымыздан жеткен сөз құдыретін бағалап жүрміз бе, шешен сөйлей білеміз бедеген сұраққа талдау жасап, әңгімелесіңіздер.

Білгенің жөн!

Сөз өнері іштейжазба әдебиет, ауыз әдебиеті болып бөлінсе, музыкылдық өнервокалдық, аспаптық музыка түрлеріне бөлінеді. “Өнер алдықызыл тілдеген қазақ мәдениетінде сөз өнерінің орны ерекше болған. Бұны да осы секілді халқымыздан мұра болып қалған мақал-мәтелдерден көруге болады. Қазақ фольклорының шағын жанрларымақал-мәтел, жұмбақ, лирикалдық ән-өлеңдер, билер институты тудырған шешендік сөздер табиғатының эстетикалдық сипаты басым.

Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік,сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері. Ел-жұртты елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана тілімізде атаулары мен дәріптеу, бейнелеу сөздерін айтып тауысу қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып та айта білген. Ел намысын қорғаған ерлерді "нар", "арыстан", "арыстан", "ерім", "азаматым" деген сияқты теңеулермен мадақтап, ардақтаумен бірге әділді "қара қылды қақ жарған"; шешенді "ердің құнын екі ауыз сөбен шешкен"; шеберді "темірден түйін түйген"; жомартты "атын түсіп беретін мырза"; адалды "сүттен ақ, судан таза"; сұлуды "ай мен күндей"; әдептіні "қыз мінезді жігіт"; бәйбішені "бес биенің сабасындай"; баланы "тойған қозыдай"; бойжеткенді "оймақ ауыз, күлім көз", деп дәріптеген.Жақсы адамдарды көріп, білмесе де сырттай сүйініп, ұрпағына үлгі еткен. Олар ауылына келгенде баласының аузына түкіріп, отырған жеріне аунатып алған.Ел сыйлаған адамдар есімі халық жадында мәңгі сақталған. Мыңдаған, жүздеген жылдар өтсе де, Бәйдібек, Қазыбек, Байдалы билердің, Домалақ ана, Гауһар, Ақбикеш, Айбике аналардың, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынбай батырлардың есімін жұрт әлі де мақтанышпен айтып отырады.

«Әуе шары» тапсырмасы.

Сөз өнерін әуе шары деп елестетіңіздер де төмендегі сұрақтарды талқылап, топта жауап беріңіздер. Әуе шарының суретін салып, соған жазыңыздар. Әр топ өз пікірін білдіріп, талқылаңыздар:

Әуе шарында кім болуы керек?

Бұл мәселе бойынша басты кейіпкерлердің есімдерін жазыңыздар (шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар)

Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек?

Осы мәселеде табысты болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазыңыздар.

Оны не кідіртеді?

Осы мәселеде табысты болуға кедергі жасайтын факторларды жазыңыздар.

Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады?

Әуе шарына тікелей қатысы жоқ, алайда мәселенің алға жылжуына септігін тигізетін жұмысқа қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді.

Шарды бағытынан не шатастыра алады?

Оқушылар шардың екі жағына мәселенің іске асуы барысында туындауы мүмкін проблемаларды жазады.

Өздеріңізді бағалаңыздар:

мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

негізгі ойды ғаламдық мәселелермен байланыстырады;

сөйлеу әдебін сақтайды;

Рефлексиялық саты

Менің бүгінгі сабақ бойынша білім деңгейім қай сатыда?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу