Пунктуация. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 7 сабақ. 2 нұсқа.


Мақалдың мәнін ашыңыз.

Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.

Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын.

Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді.

Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды.

Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық.

Сөйлей білмес жаманныңcөзі өтпес бір пышақ

Сөз білетін адамныңәр сөзіне бір тұсақ.

Оқылым тапсырмасы.

«Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер» тақырыбындағы ғылыми мақаланы оқып, сөйлем және мәтін деңгейіндегі тыныс белгілерінің қолданылуын түсіндіріңіздер.

Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер

Шешендік дегеніміз не? Ойшылдарға сүйене айтсақ, шешендіккісі көркі, ақылмен билеу өнері. Дидарласушымыздың жүрегі мен ақыл-ойын баурап алуға, оны не нәрсеге болса да сендіруге, иландыруға септесетін бізге берілген сый. Кез келген нақтылы зат туралы шебер сөйлеу өнері және сонысымен өзгелерді өз ойына ойыстыра білу. Біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туындай келе, білгірліктен кейін тұрады. Сөз бен ойға негізделеді. Биік дүниетаныммен, ғылым-білімді терең меңгерумен, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жөн-жосықтарын жүйрік танумен, жалпы айтқанда, адамзаттың рухани мәдениетінен мол хабардар болуымен, ой өрісінің кеңдігімен тамырлас. Демек, жас тұлғаға қажетті шешендік дегенімізтыңдаушылардың жан-сезім әлемін сөзінің әдемілігімен, образдардың жарқындылығымен, нақыл, ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, өзгеше қабілет-қарым, тума қасиет, сондай-ақ өскен ортаның, үлгілі жандардың, ұлағатты туындылардың тағылым-тәрбиесі, өз дүниетанымының нәтижесі… .

Бағалау критерийі:

Құрмалас сөйлемнің ішінде қойылатын тыныс белгілердің дұрыс қолданылуын түсіндіреді.

Дескрипторлар:

үтірдің қойылуын түсіндіреді;

қос нүктенің қойылуын түсіндіреді;

көп нүктенің қойылуын түсіндіреді;

сызықшаның қойылуын түсіндіреді.

Оқушылар топта мәтінді оқып, комментарий жасайды:

1-топ: Мәтіндегі қанатты сөзді тауып, мәнін түсіндіреді. Осы ойға қатысты пікір білдіреді.

2-топ: Сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидаларын теріп жазады. Осы қағидаларға өз идеяларын қосып, толықтырады.

3-топ: «Бүгінгі жастар арасында тілді шұбарлап сөйлеу мәселесі жиі кездеседі» деген тұжырымға көзқарастарын білдіреді.

Оқушылар саусақ әдісімен топ жұмыстарын бағалайды.

Рефлексиялық саты

Менің бүгінгі сабақ бойынша білім деңгейім қай сатыда?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу