Шешендік сөздерді дамытудың алғы шарттары. Көркем әдебиет тілінің ерекшеліктері. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 9 сабақ. 2 нұсқа.


Сабақтың тақырыбы:Шешендік сөздерді дамытудың алғы шарттары. Көркем әдебиет тілінің ерекшеліктері.

Оқу мақсаты: мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау.

Сабақ мақсаты:

мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау.

Сөйлем ішіндегі даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолдану.

Миға шабуыл: «Сезім мүшелері» әдісі

Оқушылар шеңберге тұрады.

Мұғалім хош иісті балауыз шамын жағады.

Сынып бөлмесіндегі балауыз шамнан шыққан хош иіс пен жылы лептің оларға қалай әсер еткенін, бүгінгі сабақтан не күтетінін сұрайды.

Оқушылар өз ойларын айтады, бір-біріне жылулық пен жақсы көңіл- күй тілейді.

Оқушылар пікір алмасып болғаннан кейін сабақтың тақырыбы мен мақсатын бірлесе отырып анықтайды.

Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

1- тапсырма:«Теннистік сұрақ» әдісі

Сынып оқушылары алдымен «Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі» аудиожазылымын тыңдайды.

Аудиожазылымды тыңдап болғаннан кейін алдын ала таратылған «Шешендік шеберліктің төрт шарты» және «Шешендік – ұлт тектілігінің белгісі» мәтіндерінің бірін таңдап алады. Екі қатарға қарама-қарсы қарап отырады.

Бірінші «Мәтіндегі басты тақырып не?, Шешендік шеберліктің ерекшелігі неде?, Автор өзінің идеясын нақты жеткізуде тілдік құрылымды қалай қолданған?, Сөйлем ішіндегі даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілер ережеге сай қолданылған ба?» сұрақтарын қасында отырған оқушыға қояды, ол жауап бермесе қарама-қарсы отырған оқушыға қояды.

Осы ретпен бір-біріне сұрақ қою арқылы мәтіндегі тілдік оралымдардың қолдану аясын анықтайды. Бір оқушы ізденіс сұрақтарын үш оқушымен алмастырып, ой бөлісуі керек. Сұрақтардың жауабын екі жақтағы оқушылар да дәптерлеріне жазып отырады. Барлық оқушылар бір-бірімен ой алмасып, сұрақтарды талдап болғаннан кейін барлығының жұмыстарын біріктіріп, бір зерттеу жұмысын жазып шығарады. Жұмысты мұғалімге тапсырады.

2- тапсырма «Көзқарас- Атау- Тақырып» әдісі

К- Көзқарас

Сынып оқушыларына «Майқы би мен Алаша хан» мәтіні таратылады.

Тапсырма: Сөздердің мағынасына назар аудар, мәтінде қолданылған тыныс белгілерін анықта.

А-Атау

Мәтіннің тыныс белгілеріне талдау жасап болғаннан кейін, мазмұнына қайта назар аудар. Сөз мәдениеті, шешендік сөз туралы не ойлайсыз?

Тақырып

Мәтіннің тақырыбы? Шешендік ойларды оқырманның түсінуіне көркемдегіш құралдар қалай әсер етеді?

3-тапсырма :«Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Оқушылар топпен «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы мәтіннен дәлелді үзінді келтіре отырып, сөйлемдерді жалғастырып, тұжырымды ойларын айтады.

Шешендік ақыл-ойдың өзегі ....

Билер сөзі-нақылдың көзі ...

Бекіту

4-тапсырма: «Теңдеу» әдісі

Сынып оқушыларының барлығына Жидебай мен Қараменде арасындағы шешендік толғау таратылады.

Оқушылар мәтіннен оқырманға әсер беретін тілдік оралымдарды тауып астын сызып, сөйлем ішіндегі тыныс белгілерінің орнын анықтайды.

Ойларын «Мысалы...» деген сөзбен байланыстырып отырады. Бірінші жұп толғау үзіндісінің 1 жолын оқиды да, «мысалы автор...» деген сөзбен аяқтайды, ары қарай екінші оқушы оның сөзін өз сөзімен толықтырады. Екінші жұп осы ретпен тапсырманы ары қарай орындауды жалғастырады. Барлығы өз көқарастарын білдіріп, талдап болғаннан кейін ең соңғы оқушы «Сонымен автор көңіл күйі арқылы ... жеткізеді» деген сөзбен ойды аяқтайды. Тапсырма соңында оқушылар автор атынан кейіпкерге жеке эмпатиялық хат жазады.

Салыстыру

5-тапсырма «Бірге ойлаймыз» тәсілі

.

Бағалау

Маған қатты әсер етті

Себебі.............................................................................................

Мені таңғалдырды

Себебі...........................................................................................

Оқушылар «Майқы би мен Алаша хан», «Жидебай мен Қараменде» мәтіндеріндегі мақсатты аудиторияға арналған сөздердің тілдік қолданысын зерттеп, өзіне айрықша әсер еткен тұстары бойынша шешендік толғауға баға береді.

Кері байланыс: «Борт журналы»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу