Шешендік сөздерді дамытудың алғы шарттары. Көркем әдебиет тілінің ерекшеліктері. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ. 2 нұсқа.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 9
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 минут | 1.Миға шабуыл «Сезім мүшелері» әдісі Оқушылар алдымен «Сезім мүшелері» әдісі бойынша шеңберге тұрады. Барлығы бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Мұғалім хош иісті балауыз шамын жағады. Сынып бөлмесіндегі балауыз шамнан шыққан хош иіс пен жылы лептің оларға қалай әсер еткенін, бүгінгі сабақтан не күтетінін сұрайды. Оқушылар өз ойларын айтады, бір-біріне жылулық пен жақсы көңіл- күй тілейді. Барлығы бүгінгі сабақ барысында бір сөзбен әрқайсысына сәттілік тілеп орындарына отырады. Оқушылар пікір алмасып болғаннан кейін мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
| Балауыз шамы,интерактивті тақта | ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 28 минут | 2.Қызығушылығын ояту 1-тапсырма «Теннистік сұрақ» әдісі Сынып оқушылары алдымен «Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі» аудиожазылымын тыңдайды. Аудиожазылымды тыңдап болғаннан кейін алдын ала таратылған «Шешендік шеберліктің төрт шарты» және «Шешендік – ұлт тектілігінің белгісі» мәтіндерінің бірін таңдап алады. Екі қатарға қарама-қарсы қарап отырады. Бірінші «Мәтіндегі басты тақырып не?, Шешендік шеберліктің ерекшелігі неде?, Автор өзінің идеясын нақты жеткізуде тілдік құрылымды қалай қолданған?, Сөйлем ішіндегі даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілер ережеге сай қолданылған ба?» сұрақтарын қасында отырған оқушыға қояды, ол жауап бермесе қарама-қарсы отырған оқушыға қояды. Осы ретпен бір-біріне сұрақ қою арқылы мәтіндегі тілдік оралымдардың қолдану аясын анықтайды. Бір оқушы ізденіс сұрақтарын үш оқушымен алмастырып, ой бөлісуі керек. Сұрақтардың жауабын екі жақтағы оқушылар да дәптерлеріне жазып отырады. Барлық оқушылар бір-бірімен ой алмасып, сұрақтарды талдап болғаннан кейін барлығының жұмыстарын біріктіріп, бір зерттеу жұмысын жазып шығарады. Жұмысты мұғалімге тапсырады. Мұғалім деңгейі жоғары оқушыға жұмысқа сараптама жасап, қорытындысын шығаруды ұсынады. Деңгейі орта оқушыға мәтіндегі ойды өз сөзімен үшінші жақтан сипаттап жеткізеді. 3. Мағынаны тану Көзқарас-Атау-Тақырып
Сынып оқушыларына «Майқы би мен Алаша хан» мәтіні таратылады. Тапсырма: Сөздердің мағынасына назар аудар, мәтінде қолданылған тыныс белгілерін анықта.
Мәтіннің тыныс белгілеріне талдау жасап болғаннан кейін, мазмұнына қайта назар аудар. Сөз мәдениеті, шешендік сөз туралы не ойлайсыз?
Мәтіннің тақырыбы? Шешендік ойларды оқырманның түсінуіне көркемдегіш құралдар қалай әсер етеді? 3-тапсырма. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі Оқушылар топпен «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы мәтіннен дәлелді үзінді келтіре отырып, сөйлемдерді жалғастырып, тұжырымды ойларын айтады. Шешендік ақыл-ойдың өзегі .... Билер сөзі-нақылдың көзі ... 4. Бекіту 4-тапсырма «Теңдеу» әдісі Бұл тапсырманы орындау кезінде «Теңдеу» әдісі қолданылады. Сынып оқушыларының барлығына Жидебай мен Қараменде арасындағы шешендік толғау таратылады. Оқушылар мәтіннен оқырманға әсер беретін тілдік оралымдарды тауып астын сызып, сөйлем ішіндегі тыныс белгілерінің орнын анықтайды. Ойларын «Мысалы...» деген сөзбен байланыстырып отырады. Бірінші жұп толғау үзіндісінің 1 жолын оқиды да, «мысалы автор...» деген сөзбен аяқтайды, ары қарай екінші оқушы оның сөзін өз сөзімен толықтырады. Екінші жұп осы ретпен тапсырманы ары қарай орындауды жалғастырады. Барлығы өз көқарастарын білдіріп, талдап болғаннан кейін ең соңғы оқушы «Сонымен автор көңіл күйі арқылы ... жеткізеді» деген сөзбен ойды аяқтайды. Тапсырма соңында оқушылар автор атынан кейіпкерге жеке эмпатиялық хат жазады. 5.Салыстыру 5- тапсырма «Бірге ойлаймыз» әдіс-тәсілі Барлық оқушылар бірнеше шағын топтарға бірігеді. Әрқайсысы екі мәтіндегі көркем әдебиет тілінің ерекшеліктерін анықтап, шешендер мен билер өмір сүрген кезеңдегі тарихи жағдайларға тоқталады, бүгінгі күнмен салыстырады. Мәтін үзіндісін дәлелді қолданып, өз көзқарастарын сенімді жеткізіп айтады. 6.Бағалау Оқушылар «Майқы би мен Алаша хан», «Жидебай мен Қараменде» мәтіндеріндегі мақсатты аудиторияға арналған сөздердің тілдік қолданысын зерттеп,өзіне айрықша әсер еткен тұстары бойынша шешендік толғауға баға береді.
Топ мүшелері кестені екінші топтың спикеріне тапсырады. Әр топтың спикерлері жеке үстелдерге отырып, сабақ барысындағы тапсырмаларға бағалау критерийі бойынша сараптама жасап, нәтижесін шығарады. Мұғалім топ спикерлеріне қабілеті қабілеті жоғары оқушыларды бағыттайды. | Мәтін жазылған жазылған үлестірме қағаздар Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі 31 октября 2013 https://www.youtube.com/watch?v=cNgf0deiLQU №1 «Майқы би мен Алаша хан», №2 «Жидебай мен Қараменде» мәтіні https://multiurok.ru/index.php/files/shieshiendik-sozdierdi-damytudyn-alg-y-sharttary.html | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5минут | Кері байланыс: «Борт журналын» толтырыңыз.
| Бағалау парағы | ||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы«Көзқарас-Атау-Тақырып», «Аяқталмаған сөйлем»,«Теннистік сұрақ» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді. Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Теннистік сұрақ» әдісі кезінде жағдай жасалады. | Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады. | Мұғалім үстелдердің топтық, жұптық жұмыс кезінде оқушылардың еркін қозғалып, бірінің жұмысын екіншісі анық көретіндей етіп қойылуын қадағалауы керек. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?