Шешендік өнер және сөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.
Қосымша ақпарат
Білгенге - маржан!
Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі М.Әуезов. «Қазақ әдебиеті» еңбегінде «Билер айтысы» деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын оны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді.
Шешендік сөзтерең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тыңдаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.
Сөз туралы Бөлтірік шешен : «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ.Сөзіңді тіліңе билетпе,ақылыңа билет.Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл», деп толғайды.
Шешендік өнер – көрген - білгеніңді көкейге тоқып,көп ізденіп ізденудің арқасында талай айтыс- тартысқа түсіп, жалықпай жаттыға арқылыжетілетін өнер. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау:
...Көш бастау қиын емес-
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес-
Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын-
Шешімін таппас дау бар,- дер дұрыс аңғартады.
Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер:
Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздер жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден -бірге жатталып, ұрпақтан -ұрпаққа жетеді. Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгеріп отыруы мүмкін. Үшіншіден, шешендік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған. Шешендік сөздер ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ойтолғау не сұхбат, әңгіме -дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде өмірге келген. Шешендік сөздер көбіне түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқандығы баяндалады. Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі - мазмұн. Шешендер сөзі халқымыздың тілдік қазынасы. Ертеден- ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Ш.Уәлихановтың «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл атаққа өз бетімен келген. «Би» атағын алу үшін «би болам» деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі мен шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында көрсетуі тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған», - деген сөздерінен би халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз. А.Байтұрсынов: «Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жақсы дәрі», - деді. Демек бұл қастерлі мұра шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?