Шешендік өнер және сөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, қалыптастырушы бағалау. 2 сабақ.
Қалыптастырушы бағалау:«Креативті жазу» әдісі
«Бір жазда Әбілқайыр хан өзінің Маңғыт деген әйелінен туған тұңғыш ұлы қайтыс болып, ас береді. Бұл ұлан-асыр ас Ұлытау мен Ақкөл аралығындағы көк орай шалғынды кең далада өтеді. Асқа аяқ жетер атыраптан көп халық жиналады. Ханды құрмет тұтқан жер-жердегі бай, бектер, сұлтан, билер бірінен бірі асыра тарту-таралғысымен артынып-тартынып жетеді. Ас бірнеше күнге созылады. Ат жарыс, бәйге, көкпар, күрес дейсің бе, әйтеуір қазақ дәстүрінде бар барлық салт-сана, ойын-сауықтың бәрі өтеді. Ақындар айтысады, күйшілер күй шертеді, әншілер ән салады. Хан сол бір асты өзінің ақылгөй абызы Асанқайғыға басқартады. Бірнеше күнге созылған осы жиынды Асан жырау:Таза мінсіз асыл тас,Су түбінде жатады.Таза мінсіз асыл сөз,Ой түбінде жатады.Су түбінде жатқан тас,Жел толқытса шығады.Ой түбінде жатқан сөз,Шер толқытса шығады, – деп бастаған екен дейді ел» - шығармада көтерілген мәселені аша отырып, өңдеп, өз пікіріңізді қосып жазыңыз..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?