Шешендік өнер және сөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Сабақ жоспары №2
Күні: Тақырыбы: Шешендік өнер және сөз мәдениеті |
| |||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысушылар саны: | келмегендер: | ||||||||||||
Оқу мақсаттары | О5. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Мәтіндегі негізгі ойды анықтады, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей біледі. | |||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: шешендік бата, тілек сөз, көңіл айту сөзі, ақыл-насихат сөздер , шешендік арнау, шешендік дау, шешендік толғау. | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сөз өнерін дәріптеу | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, әдебиет | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, Мөңке бидің айтқаны https://www.youtube.com/watch?v=zTHTuw6f9OQ | |||||||||||||
Осыдан бұрын алған білім | Алдыңғы сабақта үйге берілген тапсырма бойынша ғаламтор жүйесінен «Асусыз тауға кез болдым» атты бейне баянды көріп пікірлерін білдірді. | |||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||
Уақыт | Жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | ||||||||||||
Басы | Миға шабуыл: Мұғалім Абылай хан заманы туралы сөз қозғайды. Тарихта сол кезең несімен ерекшеленетінін сұрайды. Батырлары: Қабанбай Бөгенбай Наурызбай Баян батыр Билері :Әйтеке Қазыбек Төле билер Ұранымен Абылай Әнімен Елім- ай Би-шешендер туралы «Білемін. Білгім келеді.Үйрендім.» ББҮ кестесін толтыру
|
Мәтін , стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар. | ||||||||||||
Ортасы | Топтық жұмыс «Джигсо» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс істейді. А) мәтінді әркім өзі іштерінен оқып танысады Ә) мазмұндайды тірек сөздерді, негізгі ойды анықтайды Б) мәтінде көтерілген мәселеге тоқтайды Г) басқа топқа барып өз мәтіні туралы әңгімелейді, сұраққа жауап береді, түсінгендерін байқайды 1 топтың мәтіні Шешендік сөздер қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ерекше жанр. Шешендік сөздер қазақ халқының даналық үлгісі болып табылады. Қазақ шешендік өнері Майқы би мен Аяз биден басталады. Халық арасында «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген нақыл сөз содан қалған. Шешендер – «ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін», жауласқан елдің арасына бітім айтатын даналық сөздің иелері. Бөлтірік шешеннің айтуынша, тәтті де, ащы да сөз болған. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау да ерекше айтып кеткен. Қазақ шешендік өнерінің тарихынан ерекше орын алатын би – Төле би Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келіп, 1756 жылы дүние салған. Әз Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан, «Билер кеңесінің» мүшесі болған. Төле биді әділдігіне, парасаттылығына қарап «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деп атаған. Төле биден қалған көптеген нақыл, өсиет, шешендік сөздер, толғаулар бар. Мысалы, Жаңбыр жаумаса, жер – жетім, Басшысы болмаса, ел – жетім, Ұқпасқа айтқан сөз – жетім... Атың жақсы болса – ер жігіттің пырағы. Балаң жақсы болса – жан мен тәннің шырағы. Әйелің жақсы болса – Бірінші – иманың, Екінші – жиғаның, Үшінші – ырысыңның тұрағы... Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол! Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол! Көп тонның жағасы болма, Көп қолдың ағасы бол! Ақты ақ деп бағала, Қараны қара деп қарала. Өзегің талса өзен бойын жағала Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала. Өзіңе-өзің кәміл бол, Халқыңа әділ бол, Жауыңа қатал бол, Досыңа адал бол! Төле бидің даналығы, шешендігі, тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақыл сөздері ел арасына мол тараған. Төле бидің өмірі, ел басқарудағы қызметі, ол айтып кеткен билік сөздер жөнінде Ш.Уәлиханов, Ресей ғалымдары А.Левшин, Г.Потанин, Ә.Диваев, кеңес дәуірінде Б.Адамбаев, Ә.Мәметова, М.Қалдыбаев, т.б. ғалымдар, тарихшылар, фольклортанушылар зерттеу жүргізген. 2 топтың мәтіні Қазақ халқының айтулы кемеңгер билерінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек би Сырдария жағалауында дүниеге келіп, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген. Қазыбектің әкесі Келдібек те кезінде елді аузына қаратқан би болыпты. Қазыбек есімі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес жылдары екі елдің арасын бітістіруші батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде әйгілі болған. Қалмақ ханына елшілікке барғанда жасқанбай өз ойын жалынды сөздермен бұршақтай жаудырып, мірдің оғындай өткір сөздерімен жоңғар ханының аузын аштырмай тұтқындағы ұл-қыздарды босатып алады. Қалмақ ханы Қазыбектің саңқылдағын даусына орай «Қаз дауысты Қазыбек» деген ат береді. Қаз дауысты Қазыбек бидің толғаулары, нақыл сөздері, өмірдегі сыйластық, татулық, қадір-қасиет, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға арналған. Мысалы, «Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген сұраққа Қазыбек би аса тапқырлықпен былай жауап берген екен: Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы болса, апайың жақын. Бауырмал болса, інің жақын, Алдыңа тартқан адал асын – Қимас жақын қарындасың. Сыбайлас болса, нағашың жақын, Адал болса, досың жақын. Жан серігің жас кезіңнен Бәрінен де әйелің жақын. Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-берекең – атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат, Асқар тауың – әкең қымбат. Мейірімді апаң қымбат, Туып-өскен елің қымбат. Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат. Арадан шыққан жау қиын, Таусылмайтын дау қиын. Шанышқылаған сөз қиын, Жазылмаса дерт қиын, Іске аспаған серт қиын, Ақылыңнан адасып, Өзің түскен өрт қиын! Қазыбек бидің шешендік сөздері бата, тілек түрінде де келеді. Мысалы, Өркенім өссін десең, кекшіл болма, кесепаты тиер еліңе. Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшіресің. Басына іс түскен пақырға қастық қылма, қайғысы көшер басыңа. Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды басынба! Қазыбек бидің сөздері мақал-мәтелге де айналып кеткен. Мысалы, «Бір қолың ұрысшы болса, екінші қолың арашашы болсын», «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос», «Жауға сілтер қаруыңды жақыныңа сілтеме». 3 топтың мәтіні Қазақ халқының әйгілі де айбарлы билерінің бірі Әйтеке Бәйбекұлы 1644 – 1700 жылдары өмір сүрген. Әйтеке деген есіммен ел арасына танымал болған бидің шын аты – Айтық. Әйтеке би Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып, іргелі ел болуына ісімен де сөзімен де зор үлес қосқан. Әйтекенің ел мүддесін көздеп сөйлейтін, халықтың қамын ойлайтын ерекше қасиеті «Қасқакөл дауында» жан-жақты танылады. Оның дәлелі – Орманбет биге айтқан: «Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Бай болып елге пайдаң тимесе, батыр болып жауға найзаң тимесе, елден бөтен үйің күйсін» деген сөздері. Әйтеке би өзінің шешендік сөздері арқылы өмірдің өтпелі екендігін баса көрсеткен. Мысалы, Суалмайтын суат жоқ, Тартылмайтын бұлақ жоқ. Құйрығы суда тұрса да Қурамайтын құрақ жоқ. Дүние деген фәни бұл Баласы жоқта мият жоқ. Бәрінен қиын сол екен Артында қалған шырақ жоқ! Сондай-ақ Әйтеке би сөздері адамгершілік ұғымын насихаттауға да арналған: Ашу деген – ағын су Алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген – дария Алдын тоссаң тоқырар. Кісі бірге туыспау керек. Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады, Жол қуған олжаға жолығады. Қалыптастырушы бағалау Goformative.com сайтында жасалған тест жұмысы орындалады. 4-мәтін Шешендік сөздер мазмұнына қарай үшке бөлінеді: 1) шешендік арнау; 2) шешендік толғау; 3) шешендік дау. Шешендік арнауға шешендік бата, тілек сөз, көңіл айту сөзі, ақыл-насихат сөздер жатады. Уәлихан қайтыс болғанда Байдалы бидің оның ханымы Айғанымға: Қайрат деген қыран бар, Қайғыға тізгін бермейтін. Қайғы деген жылан бар Өзекті шағып өрлейтін. Мен қайғыңды қозғағалы келгенім жоқ, Қайратыңды қолдағалы келдім, – деген көңіл айтуы шешендік арнауға жатады. Бөлтірік шешеннің: Үлкен алдында иіліп сөйле, Кіші алдында сызылып сөйле. Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді, Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді, – Күншілдік деген бар, содан сақтан, Кекшілдік деген бар, содан сақтан. Астамшылық деген бар, одан алыс жүр. Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр. Қараулық деген бар, одан таза бол, Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол! – деген сөздері де шешендік арнау үлгісі болып табылады. Шешендік толғау мақал-мәтел, сұрақ-жауап, шешендік нақыл, қанатты сөз, шешендік жұмбақ, шешендік мысал түрінде келеді. Шешендік толғауға Асан қайғының: Құйрығы жоқ, жалы жоқ Құлан қайтіп күн көрер? Аяғы жоқ, қолы жоқ Жылан қайтіп күн көрер? Жалаң аяқ балапан Қаздар қайтіп күн көрер? Шыбын шықса, жаз болып, Таздар қайтіп күн көрер? Көлде жүрген қоңыр қаз Қыр қадірін не білсін? Қырда жүрген дуадақ Су қадірін не білсін? Көшіп-қонып жүрмеген Жер қадірін не білсін?! – деген толғаулары, Мөңке би айтқан: Бұл заманда не ғаріп? Қадірін біліп ұқпаса, Дүррі гауһар сөз ғаріп. Замандасы болмаса, Қария болар тез ғаріп. Қаз, үйрегі болмаса, Айдын, шалқар көл ғаріп – ... деп келетін сөздері жатады. Шешендік толғаудың бір түрі – ақыл-кеңес, тәлім-тәрбиеге бағытталған шешендік нақыл. Шешендік нақылға Малайсарының: «Үйіңнің алдында төбе болса, ерттеулі атпен тең, ауылыңда ақылгөй қарт болса, жазып қойған хатпен тең» деген сөзі жатады. Шешендік дау мазмұнына қарай «жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ар дауы» болып бөлінген.
Жұптық жұмыс орындалғаннан кейін оқушылар қарсы отырған екі жұппен топқа бірігіп, ұсынылған 4 мәтіннен екі мәтінді таңдап алады да,мәтінді құрылымына, мазмұнына, тіл ерекшелігіне талдайды.
3-тапсырма : «Әңгіме картасы-Ұқсастыру» Әр топ өздеріне ұнаған бір мәтінді өңдеп, 10-15 сөйлемнен тұратын ауызша әңгіме құрастырып, сынып алдына шығып айтады. | Goformative.com сайты Ноутбуктер | ||||||||||||
Соңы | Топтық бағалау. Топтар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды. Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» Менің бүгінгі алған әсерім....... Менің ойымша, өте сәтті меңгердім.... Менің ұсынысым..... | |||||||||||||
Қосымша ақпарат Білгенге - маржан! Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі М.Әуезов. «Қазақ әдебиеті» еңбегінде «Билер айтысы» деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын оны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Шешендік сөзтерең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тыңдаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген. Сөз туралы Бөлтірік шешен : «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ.Сөзіңді тіліңе билетпе,ақылыңа билет.Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл», деп толғайды. Шешендік өнер – көрген - білгеніңді көкейге тоқып,көп ізденіп ізденудің арқасында талай айтыс- тартысқа түсіп, жалықпай жаттыға арқылыжетілетін өнер. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау: ...Көш бастау қиын емес- Қонатын жерде су бар. Қол бастау қиын емес- Шабатын жерде жау бар. Шаршы топта сөз бастау қиын- Шешімін таппас дау бар,- дер дұрыс аңғартады. Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер: Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздер жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден -бірге жатталып, ұрпақтан -ұрпаққа жетеді. Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгеріп отыруы мүмкін. Үшіншіден, шешендік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған. Шешендік сөздер ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ойтолғау не сұхбат, әңгіме -дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде өмірге келген. Шешендік сөздер көбіне түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқандығы баяндалады. Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі - мазмұн. Шешендер сөзі халқымыздың тілдік қазынасы. Ертеден- ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Ш.Уәлихановтың «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл атаққа өз бетімен келген. «Би» атағын алу үшін «би болам» деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі мен шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында көрсетуі тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған», - деген сөздерінен би халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз. А.Байтұрсынов: «Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жақсы дәрі», - деді. Демек бұл қастерлі мұра шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында. | ||||||||||||||
| Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | |||||||||||||
Қорытынды жасау Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін не меңгерді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма? Мен кестеге сәйкес жүрдім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге? | Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?