Шешендік өнер және сөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 3 сабақ.
Сабақтың тақырыбы:Шешендік сөз және сөйлеу мәдениеті
Оқу мақсаты: О7. БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу
Сабақ мақсаты:БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерден қажетті мәліметтерді алу , сілтеме жасау жолдарын білу
Бағалау критерийі:
Белгілі бір көзқарасты дәлелдеу үшін деректерді қолдана алады;
Әртүрлі тақырыптағы мәтіндерді өмірмен байланыстырады;
Сілтеме жасау жолдарын біледі.
Миға шабуыл:
Ішкі шеңберде тұрған оқушы 1 минуттың ішінде шешендік өнер және сөз мәдениеті туралы білетіндерін сыртқы шеңберде тұрған оқушыға баяндайды. Уақыт өткенде сағат тілімен жылжып келесі оқушыға баяндайды.
Солай 6-7 минут мөлшерінде жұмыс жалғасады.
1-тапсырма:
Жұптық жұмыс: 10,20,30,40,50,60,70,80 қима цифрлар арқылы ер адамның жасын сипаттау ұсынылады.
БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерден мәліметтерді алады.
Табылған материалдарға сілтеме жасап үйренеді.
Оқушылардың сипаттамаларын мұғалім ұсынған үлгімен салыстырады, ұқсастығы мен айырмашылығын талдайды.
2- тапсырма:
Жұптық жұмыс Оқушылар мәтінді оқыған соң, төмендегідей сұрақ түрлері беріледі. Жауап ауызша да, жазбаша да түрде болуы мүмкін.
1.Негізгі сұрақ
2.Жанама сұрақ
3.Анықтауыш сұрақтар
4.Жауаптағы детальдар негізгі сұраққа жауап бере ала ма?
Кері байланыс:«Сэндвич»
Сабақтың жағымды тұсы
Қиындық туғызған жері
Келешекке бағдар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?