Шешендік өнер және сөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Сабақ жоспары №3

Күні:

Тақырыбы: Шешендік өнер және сөз мәдениеті

Мектеп:

Мұғалімнің аты:

Сынып: 10 Т1

Қатысушылар саны:

келмегендер:

Оқу мақсаттары

О7. БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу.

 Сабақ мақсаттары

БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерден мәліметтерді алу , сілтеме жасау жолдарын білу.

 Бағалау критерийлері

  • Белгілі бір көзқарасты дәлелдеу үшін деректерді қолдана алады.
  • Әртүрлі тақырыптағы мәтіндерді өмірмен байланыстырады;
  • Сілтеме жасау жолдарын біледі.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: теңеу,бейнелеу тәсілдері, көркем ойлау, дүниетаным.

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, Бұқар жырау «Он бір тілек» аужиожазылым https://www.youtube.com/watch?v=Z1AZbb439h8

Осыдан бұрын алған білім

Оқушылар алдыңғы сабақта «Қазақ шешендік өнерінің кезеңдері»деген тақырыпта мәтінмен жұмыс жасап,өз көзқарастарын ортаға салып, бір-бірімен ой алмасты.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Басы

Сәлемдесу, сап түзеу, ретімен санау, тақ сандар ішкі шеңберге, жұп сандар сыртқы сыртқы шеңберге тұрады.

Миға шабуыл:

Ішкі шеңберде тұрған оқушы 1 минуттың ішінде шешендік өнер және сөз мәдениеті туралы білетіндерін сыртқы шеңберде тұрған оқушыға баяндайды. Уақыт өткенде сағат тілімен жылжып келесі оқушыға баяндайды.

Солай 6-7 минут мөлшерінде жұмыс жалғасады. Жұмыс аяқталғанда, қалаулары бойынша сыртқы шеңберде тұрған оқушылар естіген ақпараттарын сыныппен бөліседі. Ең жақсы ақпарат беруші, ақпаратты жеткізуші оқушылар анықталады, мадақталады.

Кесте

Ортасы

Шеңберде ең соңғы қалғандар жұптасады. Жұптық жұмыс:

10,20,30,40,50,60,70,80 қима цифрлар арқылы ер адамның жасын сипаттау ұсынылады:

БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерден мәліметтерді алады.

Табылған материалдарға сілтеме жасап үйренеді.

Оқушылардың сипаттамаларын мұғалім ұсынған үлгімен салыстырады, ұқсастығы мен айырмашылығын талдайды:

10 жасқа дейін – қозы жасы деп қозы-лақ бақтырған.

10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған. 20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған. 30 жас – орда бұзар. 40 жас – қылыш жас, қырықта қамал алар. 50 - ел ағасы, ердің жасы. 60 жас – пайғамбар жасы, алпыстың асқары, алпыстың асуы, асқаралы алпыс. 70 жас – жетпістің белгісі. 80 жас – сексеннің сеңгірі.Мәтінмен жұмыс

Шешендік сөздердегі теңеу

Cөз бейнелеу тәсілдерінің ішіндегі ең пәрмендісі-теңеу.Шешендердің көркем ойлауының, дүниетанымының ұлттық ерекшелігі теңеуден көрінеді. Шешендік сөздердегі теңеуді сөз еткенде, оның дүниетанымдағы ойлаудың жемісі екенін айтпай кетуге болмайды. Теңеудің адамдарды дүниетанымдағы рөлін, көркем ойлаудағы маңызын дәл айтқан. Анықтамалардың бәрінде теңеудің ойлау, салыстыру, ұқсату, ой қорыту сияқты логикалық әрекеттердің нәтижесінде қалыптасқанын пайымдаймыз. Теңеудің бейнелілік сипатын, эмоционалды – экспрессивтік сапасын, заттық – логикалық негіздерін, ассоциациялық мүмкіндіктерін, поэтикалық табиғатын тани, таныта отырып, Т.Қоңыров теңеуге мынадай анықтама береді: «Сонымен, теңеу дегеніміз – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды – экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы». Т.Қоңыров көрсеткен теңеу жасаудың тәсілдері шешендік сөздерде де молынан ұшырасады. Мысалы: Бір жолы Қызылым қарт Жиреншеге – шешен, сізден сұрайын деген бір жоғым бар еді. Он бес лақ, жиырма бес серке, отыз бес орақ, қырық бес қылыш, елу бес егеу, алпыс бес арқан, жетпіс бес шідер жоғалттым, - дейді. Жиренше шешен – жоғыңыздың жөнін айтып берейін, өзіңіз тауып алыңыз.

Он бес жас құйын қуған желмен тең,

Жиырма бес дауыл ұрған перімен тең,

Отыз бес ағып жатқан селмен тең,

Қырық бес аю аспас белмен тең, - дегенде – әттеген – ай, өзіме жиырма бестегі жігіттей едім, көңілімнің жердей болғанын қарашы, бекер –ақ сұраған екенмін, - деп Қызылым қарт жантая кеткен екен.

Жұптық жұмыс Оқушылар мәтінді оқыған соң, төмендегідей сұрақ түрлері беріледі. Жауап ауызша да, жазбаша да түрде болуы мүмкін.

1.Негізгі сұрақ

2.Жанама сұрақ

3.Анықтауыш сұрақтар

4.Жауаптағы детальдар негізгі сұраққа жауап бере ала ма?

Оқушылар жұптаса отырып, мәтінмен жұмыс жасайды. Сұрақтардың түрлеріне қарай талдау жасайды. Басқа оқушылардың сұрақтарымен салыстырады. Негізгі сұрақ пен жанама сұрақтардың айырмашылықтарын ажыратады.

Қима цифрлар

Постер

Соңы

Бағалау. Бағалау критерийі арқылы жұп жұмысын бағаланады.

Кері байланыс:

«Сэндвич» әдісі

Сабақтың жағымды тұсы

Қиналған жері

Келешекке бағдар

Қосымша ақпарат

Білгенге - маржан!

Шешендік сөз немесе шешендік өнер - ежелгі Грекия мен Рим заманынан келе жатқан көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде «эллиндiк дәуiр» деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты. Байырғы салалары: бейнелі сөз, шешендік сын, шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік дау, шешендік толғау. Әр қайсының әсерлі өңі, сұлулығы, татымдығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдаушының еркі мен сезімін билейді, толғандырады.

Шешендік сөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы.

Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса шебер шендестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады.

Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл.

сақталған. Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет. “Алажағым кетсе де, айтажағым кетпесін” дейтін қазақтың сөзге қонақ беруі.

Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік,сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері. Ел-жұртты елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана тілімізде атаулары мен дәріптеу, бейнелеу сөздерін айтып тауысу қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып та айта білген. Ел намысын қорғаған ерлерді "нар", "арыстан", "арыстан", "ерім", "азаматым" деген сияқты теңеулермен мадақтап, ардақтаумен бірге әділді "қара қылды қақ жарған"; шешенді "ердің құнын екі ауыз сөбен шешкен"; шеберді "темірден түйін түйген"; жомартты "атын түсіп беретін мырза"; адалды "сүттен ақ, судан таза"; сұлуды "ай мен күндей"; әдептіні "қыз мінезді жігіт"; бәйбішені "бес биенің сабасындай"; баланы "тойған қозыдай"; бойжеткенді "оймақ ауыз, күлім көз", деп дәріптеген.Жақсы адамдарды көріп, білмесе де сырттай сүйініп, ұрпағына үлгі еткен. Олар ауылына келгенде баласының аузына түкіріп, отырған жеріне аунатып алған.Ел сыйлаған адамдар есімі халық жадында мәңгі сақталған.

Дифференциалау – сіз қалай қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеттері жоғары оқушыларды қалай ынталандыруды жоспарлайсыз?

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Сұрақ құрастыру қиындық туғызатыны анықталды.

Сұрақтың түрлеріне жіктеу де кедергілер келтірді

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу