Шешендік сөздер және сөйлеу мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып,. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Сабақ жоспары №4

Күні:

Тақырыбы: Шешендік сөздер және сөйлеу мәдениеті

Мектеп:

Мұғалімнің аты:

Сынып:10

Қатысушылар саны:

келмегендер:

Оқу мақсаттары

Ж7. Мәтінді абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау

 Сабақ мақсаттары

Мәтінді абзац пен бөліктерге бөледі, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелейді, логикалық және стильдік түзетулер енгізу арқылы редакциялайды.

 Бағалау критерийлері

  • мәтіннің негізгі бөліктеріндегі (тірек сөздер, сөз тіркестері, сөйлем, абзац т.б.) ойды жүйелейді.
  • Мәтінді абзацтар мен бөліктерге бөледі.
  • Мәтінге стильдік түзету енгізіп редакциялайды.

 Тілдік мақсаттар

Қоғам қайраткері, әділдік, ішкі-сыртқы саясат, мемлекет басқару, т.б.

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

АКТ қолдану

https://www.youtube.com/watch?time_continue=5&v=Sm7JXLpQfZM

«Бабадан қалған асыл сөз»

Осыдан бұрын алған білім

Алдыңғы сабақта «Шешендік сөз өнері»деген тақырыпта оқушылар түрлі тапсырмаларды орындады, әртүрлі мәтіндермен жұмыс жасап,өз көзқарастарын ортаға салды, бір-бірімен ой алмасты.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Басы

Миға шабуыл :

Қазыбек бидің шешендік сөздері

  • Ашу дұшпан – (ақыл дос.)
  • Тілекті – (білек жеңбес,)

Жүрекке – (әмір жүрмес.)

  • Атадан жақсы ұл туса – елінің зоры болады,

( Атадан жаман ұл туса – адам біткеннің қоры болады. )

  • Ауыздан шыққан сөз (атылған оқпен бірдей)

Шешендік сөздердің жалғасын табады, мағынасын ашады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын болжайды.

Ортасы

Мәтінді талдау.

Сократ семинары өткізіледі.

1-кезең

Мәтінді түсініп оқу, тірек сөздерді анықтау, 2 сұрақ құрастыру.

2-кезең Сократ семинарында сұрақтарға жауап беру, пікірлесу.

Қаз дауысты Қазыбек

Қазыбек Келдібекұлы 1667 жылы Сырдария жағасында атақты бидің жанұясында дүниеге келген. Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII-XVIII ғасырдағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек – есімдері елге әйгілі әділ билер болған. Ел аузындағы әңгіме, Қазыбек биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, ата жолы заңдарын мейлінше меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген адам болғандығын айқын аңғартады. Бала жасынан өзінің шешендігімен, әділеттілігімен ел көзіне түскен. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Қазыбек би Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар ел билеген тұста да мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.

14 жасар Қазыбек бала қалмақ қоңтайшысына барғанда тайсалмай:

Сен темір болсаң, біз-көмірміз- еріткелі келгенбіз,

Қазақ –қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.

Танымайтын жат елге – танысқалы келгенбіз,

Танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз.

Сен қабылан болсаң, мен арыстан- алысқалы келгенбіз,

Тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.

Бітім берсең -жөніңді айт, бермесең- тұрысатын жеріңді айт! – депті.

Қазыбектің айтқанына риза болған қалмақ ханы: - Дауысың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен!- депті. Қалмақ қазақтардың мал-мүлкін, тұтқындарын қайтарып, өздеріне сый-сияпат көрсетіп, еліне аттандырыпты. Осыдан кейін оны халық «Қаз дауысты Қазыбек би» деп атап кетіпті.

1. Неліктен «Қаз дауысты Қазыбек би» атанды? т.с.с.

Мәтінмен жұмыс

1.Мәтінді абзацтар мен бөліктерге бөледі.

2. Мәтінге стильдік түзету енгізіп редакциялайды.

Қазбектің әкесі Келдібек кезінде аузына ел қаратқан белгілі шешен, би бопты. Ол отыз жасқа келгенше үйленбей жүріп алыпты. Оның себебін ел былай аңыз етеді: Бұлбұл бабасы түсінде: «сен үйленбейсің, ешбір әйелге көзіңді салмайсың. Алатын әйелің мынадай болады: ұзын бойлы сары қыз, оң аяғы ақсақ, оң жақ құлағының түбінде танадай меңі, екі емшегінің арасында алақандай қалы болады. Сен соған үйлен» - депті. Айтқанындай Келдібек сол қызға кеш жөнекей кездесіп, танысады. Ол қыздың аты Тоқмейіл екен. Айттырып алмақ боп жүргенде әке-шешесі:

- Балам-ау, басқа сұлу қыздар тұрғанда, өзі түсі келмеген қыз екен, уәделескен құда, жегжаттарды қайтеміз? — дегенде, Келдібек:

Қаймағын піскен сүттің алдым қалқып, Аяғы ақсақ болғанмен, ақылы артық. Көзі қыли болғанмен, сөзі мен ісі түзу. Сөйлескеннен өн бойым кетті балқып, - депті. Тағы бірде құрбы-құрдастары Келдібектің үйінде отырып, оны кекетіп, келемежге айналдыра беріпті. Сонда жаңа түскен жас келіншек әдеппен сыпайы ғана:

-Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын. Келдікеңмен сондай тату жақсы-ақпын. Татулықтың белгісіндей тамаша, Төрт Бошанды билейтін ұл таппақпын,- дегенде, әлгілер «бұл тегін адам емес екен, қалжыңды қояйық» десіпті. Айтқанындай-ақ, Тоқмейіл анадан атақты Қазыбек би дүниеге келеді. Сол Тоқмейілден Қазыбек, Сәдімбек, Асан, Балапан, Үсен, Бөдене деген алты ұл туады. Бұларды ел «ақсақтың алтауы» деп атап кетеді.

Соңы

Бағалау. бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Кері байланыс:

Бүгінгі сабақтан алған әсерім.

Қосымша ақпарат

Білгенге - маржан!

Қаздауысты Қазыбек бидің ескерткіші. Қарағанды, 10 қазан 2011 жыл.

Қарағанды қаласының орталығында Қаз дауысты Қазыбек би ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Ал қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров: «Мені ерекше қуантқаны - ұлы бидің ескерткіші облыс әкімдігінің алдында тұрса да, бетін билікке бұрмай, халыққа қарап тұр екен. Бұл - үлгі алатын нышан» - деді. Қаз дауысты Қазыбектің қоладан құйылған ескерткішінің биіктігі - 6 метр, тұғырымен қоса есептегенде -14 метр. Ескерткіштің авторы - қарағандылық мүсінші Мұрат Мансұров.

Дифференциалау – сіз қалай қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеттері жоғары оқушыларды қалай ынталандыруды жоспарлайсыз?

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу