Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Сабақ жоспары №5
Күні: Тақырыбы: Сөз мәдениеті және шешендік өнер |
| |||||
Сынып: 10 | Қатысушылар саны: | келмегендер: | ||||
Оқу мақсаттары | Ж6. Әр түрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма, т.б.) ұсына білу | |||||
Сабақ мақсаттары | Жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдарды ұтымды қолдану арқылы шығармашылық жұмыстар ұсыну. | |||||
Бағалау критерийі | Көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыс жазады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: стиль, жанр ерекшелігі, өлең, ұйқас, т.б. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Сөз өнерін дәріптеу | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация https://www.youtube.com/watch?v=cNgf0deiLQU Шешендік сөздер. Билер сөзі – нақылдың көзі | |||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, әдебиет | |||||
Осыдан бұрын алған білім | Алдыңғы сабақта оқушылар «Қаз дауысты Қазыбек би» мәтінін талдап, өз көзқарастарын ортаға салып, бір-бірімен ой алмасты. Сонымен қатар оқушылар қазақтың шешендік өнері жайлы зерттеулер жүргізді. | |||||
Жоспар | ||||||
Уақыт | Жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | ||||
Басы | Миға шабуыл : 1 тапсырма Kahoot ойыны ұйымдастырылады. Өткен сабақта алған білімдері тексеріледі. Ең көп ұпай жинаған оқушы бүгінгі сабақтың көшбасшысы атанады.
(Қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров) | Слайд Мәтін , стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар | ||||
Ортасы | 2 тапсырма РАФТ стратегиясы бойынша шығармашылық жұмыс Роль: ата, би, әже Аудитория: немере, дала ұрпақ Форма: өсиет, ертегі үндеу Тақырып: «Бабалардан қалған асыл сөз» 3 тапсырма «Ұтымды жауап иесі кім?» ойыны Сынып бөлмесінің әр тұсына сөздер ілінген. Антоним Синоноим Метафора Теңеу Аллитерация Ассонанс Оқушылар шешендік өнер мен сөз мәдениеті тақырыбынан алған білімдерін қолданып әдеби көркемдегіш құралдарға мысалдар келтіреді, зерек, ұшқыр ойлы оқушылар мадақталады. М: Теңеу: Қынаптан суырылған қылыштай өткір Антоним: Білімді адам ашпай көріп, айтпай сезеді, Білімсіз надан нені көріп,нені сезеді? Метафора: Әйел – үйдегі ырысың, Ұл – айбарлы қылышың, Қыз – түздегі өрісің, Келін – кеңейген тынысың. Аллитерация : Кеттің бе аялдамай асқақ жолға,Кеттің бе мені санап әлсіз қорға.Кеттің бе Абайды ертіп, ата жау боп,Кеттім де ал ендеше қалың сорта! Жеке жұмыс. 4 тапсырма . «Сэнквейн» стратегиясы Би, шешендерге, шешендік өнерге байланысты 5 жолды өлең құрастырады. Зат есім: 2.Сын есім: 3.Етістік: 4.Одағай 5.Теңеу сөз
| |||||
Соңы | Бағалау. |
| ||||
Қосымша ақпарат Білгенге - маржан! Жиренше шешеннің не айтқысы келгенін жұп болып түсіндіріңіздер: «Әкесі өлген — асқар тауы құлағанмен бірдей, Шешесі өлген — ағар бұлағы суалмағанмен бірдей, Ағасы өлген — оң қанаты қайырылғанмен бірдей, Інісі өлген — сол қанаты қайырылғанмен бірдей, Апа-қарындасы өлген — өрісі тарылғанымен бірдей» «Көзбен көрген — шын, құлақпен естіген — өтірік» «Қадірлі болғысы келген кісіге үш серік керек: бақ, дәулет, ырыс» Есіңе сақта! Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған. | ||||||
| Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | |||||
Қорытынды жасау Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін не меңгерді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма? Мен кестеге сәйкес жүрдім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге? | Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?