Пунктуация. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 4сабақ.
Топтастыру:
1-топ:. Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер
2-топ: Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын
3-топ: Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді
4- топ: Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды
5-топ: Сөйлей білмес жаманның – cөзі өтпес бір пышақ
6-топ: Сөз білетін адамның – әр сөзіне бір тұсақ
Топтар өздеріне тиесілі нақыл сөздің мағынасын ашып талқылайды, түсіндіреді.
.
Сөз мәдениеті және шешендік өнер
Пунктуация
Оқу мақсаты: 10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу
Сабақ мақсаты:
Бағалау критерийлері:
Дереккөздерді пайдаланады
Тақырыпқа сай ақпараттар алады
Ақпараттарды сараптайды
Сілтеме жасайды
Әр түрлі дереккөздерден ақпараттарды қолдану, сілтеме жасау жолдарын меңгеру
Оқылымалды тапсырма:
Қызығушылықты ояту
«Неге?Неге?» ойыны.
Оқушылар шеңбер құрап тұрады. Мұғалім «Бүгінгі жастар арасында тілді шұбарлап сөйлейтін, жаргон сөздерді қолданатындар жиі кездеседі» деген тұжырымды айтып, неге? деген сұрақ арқылы келесі оқушыға бағыттайды. Оқушылар шеңбер бойымен жауап береді, неге? деп сұрақты жалғап отырады.
Оқылым тапсырмасы:
Бағалау, кері байланыс беру:
Ғаламтор сайттарын қолданып, өздері талқылаған «Бүгінгі жастар арасында тілді шұбарлап сөйлейтін, жаргон сөздерді қолданатындар жиі кездеседі» деген мәселе бойынша ақпараттар жинастырады, шағын зерттеу жұмысын жүргізеді.
Жағымды, жағымсыз тұстарын сараптап шығады. Әр топ өз ойларын ортаға салады.
«Келісемін, келіспеймін, сұрағым бар» әдісі бойынша бағалап, талқылайды, кері байланыс береді.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
«Сіз ғаламтордан «Жастардың жаргондары - ай» мақаласын оқыдыңыз. Мақала авторының пікіріне өз пікіріңізді білдіріп, блогқа пікір жазба жұмысын орындаңыздар. Ол үшін мәтіндегі ақпараттарды жазба жұмысына қолданыңыздар. Жазылым барысында авторға сілтеме жасап отыруды ескеріңіздер.
Бағалау: «Карусель» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушылар бір – бірінің жұмысын сағат тілі бағытымен айналыдырып отырып оқып, кері байланыс береді.
Кері байланыс: «3-2-1»
Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат
Қиындық тудырған 2 аспект
Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?