Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 7-8 сабақ.
Ұзақмерзімдіжоспардыңбөлімі: 8-тарау: Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер 7-8 сабақ | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты | Бағалау критерийлері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
10.Ж2. Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу | Ғылыми-көпшілік стильдің ерекшелігін түсінеді; Стильдік ерекшелікке сай мақала жаза алады; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
10.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу) | Оқылым ақпараттарынан ақпараттарды іріктей алады, мақала жазу барысында сілтеме арқылы қолдана алады; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту (қалай жүзеге асады) | Ынтымақтастық Бірін-бірі құрметтеу Жаһандық мәселелерге үн қосу, немқұрайлы қарамау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, құқық, география | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану | Мультимедиялық құралдарды пайдалану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Өткен сабақтағы білімдері | Стиль түрлері мен стильдік ерекшеліктерді білу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері және уақыты | Сабақтағы іс-әрекет жоспары | Қолданылатын ресурстар, жабдықтар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
10 |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
15 | 1-ТАПСЫРМА (топтық) Тапсырма алды дайындық: мұғалім ғылыми көпшілік стильдің ерекшелігін түсіндіреді. Мысал келтіреді. Мақаланы оқып шығып, ғылыми-көпшілік стильдің ерекшелігін талдаңыз. Таза ғылыми стильден қандай айырмашылықтары барын ВЕН диаграммасы арқылы дәлелдеңіз Бағалау: ақпараттың дұрыстығына, талдаудың дәлеліне кері байланыс беру | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
20 | 2-ТАПСЫРМА (топтық)
Тапсырма (топтық жұмыс, топтық жауап)
Берілген мәтіндерден ғылыми-көпшілік стильде жазылған түрін табыңыз және түсіндіріңіз.
1-мәтін Алайда, Оспанның ұлтты, дінді, ділді (бұл тіл ғой), жерді сақтап қалу керек дейтін ұлтшылдығы оны Америка сияқты алпауытқа арқа сүйесек қана жүзеге асыруға болады дейтін қарапайым ойлары бүгінгі саяси одақтастықпен байланысып жатқан ең алғашқы талпыныс емес пе екен? Қазір америкамен, жалпы алпауыт елдермен саяси одақтасу соншалықты ұят немесе қатерлі көзқарас болмай қалған жоқ па? Тұрмыс пен тіршілік дәлелдеген «адам күні – адаммен» дейтін қатаң қағида қазір «жаһандану» деп аталып жатса, ол да болмай қоймайтын процесс екен. Қалай болғанда да Оспан батырды ұлттық мұрат қай қиырға апармады. Бірақ, бәрі де баянсыз болып шықты. Тек, өлім ғана өз уақытында келеді екен. Қанша қатерден өткен, қаншама қарша бораған оқтан, қаншама сатқындық пен опасыздықтан аман шыққан Оспан батыр Жағдаға ең соңғы тілегін айтты: «Өткір бәкің болса тырнағымды алып берші!». Оның бақиға сапары осымен бітті. Сөйтсе де Оспан батыр Жағдаға (осыны қазаққа деп түсінсек те болар) ең соңғы өсиетін де айтуды ұмытпапты: «Тек, өзіңе айтар бір ақылым: тым елпілдеп, алға түсіп кетпе. Елпілдеп алға түскен адам ана Дәлелхандай-ақ болар. Көрдің ғой арты не болды? Есіңде болсын, бұларға дос болып та, қас болып та жақпайсың... Бақұл бол!» деді.
2-мәтін Прагматизм Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес. Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады. Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді. Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Ықылым замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды. Осының бәрі - жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мысалы. Прагматизм - өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. http://www.inform.kz/kz/elbasy-makalasy-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru_a3016293
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
25 | 3-ТАПСЫРМА (жеке) https://www.youtube.com/watch?v=YPXOiXDwbxE Сілтемеде берілген мәтіндегі ақпараттарды конспектілеп, кемінде екі ақпаратты пайдаланып «Босқындар» терминіне ғылыми-көпшілік стильде анықтамалық мақала жазыңыз. Бағалау: мақаланың жазылу стиліне қтысты керібайланыс беріп, редакциялауды қажет ететін тұсын нақтырақ анықтау керек. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
10 |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралауды қалай жоспарладыңыз? Дарынды және қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз? | Оқушылардың материалды игеру деңгейін бағалауды қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау оқушылардың тілдік ерекшелігіне қатысты мысалдарды көбірек келтіруін және оның қолданылу ерекшелігін тереңірек түсіндіруін талап ету арқылы күрделендіріледі. | Бағалау критерийі арқылы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалімнің рефлексиясы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
СабақмақсатыменОМқолжетімдіболдымА? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткізеалдыма? Егер қол жеткізе алмаса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау қаншалықты тиімді жүзеге асты? Сабақтың кезеңдеріндегі уақыт мөлшері сақталды ма? Сабақ жоспарынан ауытқушылықтар болды ма және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабағыңыздың сәтті өткенекіаспектісінжазыңыз: (оқужәнеоқытужайындаойланыңыз)? 1: 2: Сабағыңызды қалай жетілдіруге болар еді: (оқу және оқыту жайында ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелей оқушылардың жетістіктері мен қиыншылықтары туралы не білдім, келесі сабақта қандай нәрсеге көңіл бөлу керек? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?