Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.
І Халықаралық сарапшылар: Қазақстан жаһандық мәселелерді шешуге қомақты үлесін қосуда
https://www.youtube.com/watch?v=27SSpRI6C9o
Қазахстан,kazakhstan,kazakh news,Қазақстан,БҰҰ,Халықаралық сарапшылар,БҰҰ ҚК,Жаһандық мәселелер.
Мұны әлемдік сарапшылар ғана емес, сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымындағы түрлі мемлекеттердің тұрақты өкілдері де растап отыр.
ІІ Қазақстан жаһандық мәселелерге халықаралық қауымдастықтың назарын аударды
https://www.youtube.com/watch?v=2IwwtCpZQ3U
Қазақстан жаһандық мәселелерге халықаралық қауымдастықтың назарын аударды
Еліміз халықаралық аренаның белсенді және беделді ойыншысына айналды. Қазіргі таңда еліміздің бастамалары Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылуда. 2017-2018 жылдарға Қауіпсіздік Кеңестің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Біріккен Ұлттар Ұйымы – саяси салмағы басым, беделді халықаралық ұйымдардың бірі. Іргесі қаланғанына 70 жылдан асқан ұйым – бүгінде жаһанды алаңдатқан ең өзекті мәселелер талқыланатын бірегей алаң. Мұнда бейбітшілік пен тұрақтылық, адам құқығы мен тепе-теңдік, сондай-ақ қауіпсіздік мәселелері басты назарда. Қазақстан мен БҰҰ-ның ынтымақтастығы 1992 жылдан бастау алады. Осы жылдың 2 наурызында Бас Ассамблеяның 46-сессиясында еліміз мүшелікке бірауыздан қабылданды. Халықаралық ұйымдағы Қазақстанның бірінші тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекованың айтуынша, еліміздің аталған ұйымдағы рөлі мен беделі алғашқы сәттен-ақ айқын болатын. Ақмарал Арыстанбекова, БҰҰ-дағы ҚР-ның бірінші тұрақты өкілі: – 23 қаңтардағы мен қатысқан отырыста төраға өз мәлімдемесінде кеңес мүшелері атынан бұл оқиғаны шын мәнінде тарихи деп атады және Қазақстан БҰҰ қызметінің барлық салаларын дамытуға маңызды үлес қосады деп сенім білдірді. Сондай-ақ ұйымның мақсаттары, қағидаттары мен жарғыларын жүзеге асыруға белсенді араласатынын айтты. Бүгін біз Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің тілектері орындалып отырғанын көріп отырмыз. Қатардағы мемлекет ретінде кіріп, бүгінде дүниежүзілік әмбебап ұйымның абыройлы мүшесіне айналып отыр. Оған дәлел ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануы мен басты халықаралық органға қаңтардағы төрағалығын айтуға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?