Пунктуация. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 3 сабақ.
Топтастыру:
1-топ: ұқсастық
2-топ: айырмашылық
3-топ: аудитория
4-топ: мақсат
5-топ: стиль
6-топ: тіл
Әрбір топ өз сөздерін оқу мақсатын болжап айтуға пайдаланады
Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер.
Пунктуация
Оқу мақсаты:10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
Сабақ мақсаты: әртүрлі стильдегі мәтіндерді құрылымына, тілдік ерекшелігіне салыстыра талдау
Бағалау критерийлері:
Мәтін стилін ажыратады
Тақырыбын анықтайды
Мақсатты аудиториясын табады
Құрылымдық, тілдік ерекшеліктерін сараптайды
Салыстырмалы талдау жасайды
Оқылымалды тапсырма:
Сынып қабырғаларына оқу бағдарламасының лексикалық тақырыбына сай «Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер тақырыбына қатысты басты оқиғаларды сипаттайтын суреттер ілінеді. Оқушылар «Суреттер галереясы» әдісі арқылы суреттерді кезегімен көріп, аралайды. Өзіне жақын тұрған оқушымен көрген суреттері туралы ой бөлісіп, әңгімелеседі. Жұптық жұмыс жүргізіледі.
Шағын ізденушілікке бағытталған тапсырма:
Талдау жасамас бұрын әр топ бір қағаздан суырады, қағазда қай стиль түрі тұрса топ болып, сол стиль түрін қалған оқушыларға түсіндіреді. Ерекшелігіне тоқталады.
1 топқа сарапшы сөзі түседі, сарапшылар тобы топ жұмыстарының дұрыс бұрыстығына баға беріп, толықтырады.
Ғылыми стильдің тілдік көріністері. Сөздер тура мағынасында қолданылып, дәл айтылады. Образды сөздер аз, термин сөздер көп кездеседі. Ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме, формулаларға негізделеді.
Ғылыми стильдің мақсаты — заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру.
Көркем әдебиет стилінің көркем сөз — ойды, сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тілдің көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқаратындығымен қоса, ол көпшілікке рухани тәрбие береді.
Публицистикалық стиль - газет-журналда, жиналыстарда, бұқаралық -ақпараттық құралдарда қолданылады.
Хабарлау, анық мәлімет беру. Көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару. Ресми, анық, дәл. Шақыру, үндеу, нақтылық. Кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, терминдер.
Көркем әдебиет стилі - көркем шығармаларда қолданылады. Құбылыстар мен заттарды суреттеу, бейнелеу. Образды, эмоционалды, экспресивті.
Ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдерін, суреттеме құралдарын пайдалану /теңеу,метафора,эпитет, метонимия синекдоха т.б.
Ауызекі сөйлеу стилі - адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады. Қатынас жасау.
Сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдану. Қарапайым сөздерді еркін қолдану, сұраулы, лепті сөйлемдерді жиі қолдану, диалогқа құрылу.
Оқылым тапсырмасы:
Алдымен оқушыларға екі мәтін таратылады. Жеке тапсырма ретінде мәтіндердің стиліне, тілдік құрылымына талдау жасайды.
Бағалау, кері байланыс беру: «Карусель» әдісі арқылы топтағы оқушылар сағата тілі бағытымен бір – бірінің жұмысын ауыстырып алып оқиды, бағалау критерийлері мен нақты балл қою кестесіне сәйкес бағалап, кері байланыс береді
Кері байланыс:
«Менің сөзім» әдісі.
Сыныптан бір оқушы тұрып сабақта не болғанын қорытындылап айтады. Айтып болған соң басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабақ бойынша рефлексия жасайды. Сөйтіп барлық оқушы сөйлеп болғанша жалғасады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?