Пунктуация. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Пән: қазақ тілі 3-сабақ Мектеп: Күні: Сынып: Қатысқандар саны: Уақыты: 40 минут Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім/ Сабақ тақырыбы: | Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
оқу мақсаты | 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Әртүрлі стильдегі мәтіндерді құрылымына, тілдік ерекшелігіне салыстыра талдау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | - құрмет; ынтымақтастық; жауапкершілік, ішкі және сыртқы мәдениет | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: саясат, экономикалық интеграция, даму үрдісі,жаһандану, өзекті мәселе Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша..., өз көзқарасымда ... , менің байқауымша... | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар: | Тарих, әдебиет | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Өткен тақырыптарға шолу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | 1.Оқушыларды қарсы алу, сөздер арқылы топтастыру, мәнін ашу, түсінік беру.
1-топ: ұқсастық 2-топ: айырмашылық 3-топ: аудитория 4-топ: мақсат 5-топ: стиль 6-топ: тіл Әрбір топ өз сөздерін оқу мақсатын болжап айтуға пайдаланады. Мәтіндерді салыстыра талдау ретін еске түсіреді. Сабақ мақсатымен таныстыру, бағалау критерийімен келісу | Cлайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 15 минут 7 минут | Оқылым алдындағы тапсырма.
Сынып қабырғаларына оқу бағдарламасының лексикалық тақырыбына сай «Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер тақырыбына қатысты басты оқиғаларды сипаттайтын суреттер ілінеді. Оқушылар «Суреттер галереясы» әдісі арқылы суреттерді кезегімен көріп, аралайды. Өзіне жақын тұрған оқушымен көрген суреттері туралы ой бөлісіп, әңгімелеседі. Жұптық жұмыс жүргізіледі. Шағын ізденушілікке бағытталған тапсырма: Талдау жасамас бұрын әр топ бір қағаздан суырады, қағазда қай стиль түрі тұрса топ болып, сол стиль түрін қалған оқушыларға түсіндіреді. Ерекшелігіне тоқталады. 1 топқа сарапшы сөзі түседі, сарапшылар тобы топ жұмыстарының дұрыс бұрыстығына баға беріп, толықтырады. Стиль ерекшеліктері туралы қосымша материалдар беріледі. Оқылым тапсырмасы: Алдымен оқушыларға екі мәтін таратылады. Жеке тапсырма ретінде мәтіндердің стиліне, тілдік құрылымына талдау жасайды. Мысалы 1-мәтін: Әлемдік саясат көпқабатты және көпжақты құбылыс. Себебі оның қызметі жаһандық өзгерістердің және жаңа құбылыстардың тууына байланысты. Мысалы, ғаламшардың жаһандық жылынуы әлем халықтарына түрлі табиғи апаттар әкелуде. Сондықтан өндірістің зиянды қалдықтарын азайтуға әрбір мемлекет мүдделі деп есептеледі. Алайда көпшілік мемлекетер өздерінің, капитал мүдделеріне әлі де болса басымдылық беруде. Өндіріс дамуда, зиянды қалдықтар өсе түсуде. Ал, әлемдік саясат адамзатты сақтау үшін әр ел өзінің эгоистік, ұлттық мүдделеріне тиым салу қажеттілігін талап етуде. Әлемдік саясат мақсаты мемлекеттерді ғаламшарлық ортақ мәселелерді ұжымдық шешуге ұйымдастыру, олардың арасында бейбітшілік пен татулықты сақтау. Әсіресе ядролық және жаппай қыру қаруларының басқа түрлерін қолдануға, сынауға тиым салу, оларды таратпау, сатпау мәселесін әлем мемлекеттері бірлесіп шешу қажеттілігін түсініп, ортақ шаралар жасай бастады. Әлемдік саясат соғыс қаупіне қарсы халықтардың және мемлекеттердің бірлесіп күресуі қажеттілігін сезінуден басталады десек қателеспейміз. 2- мәтін: Әлемдік саясат ұғымы. Бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар — сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады Сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметгік топтар мен жеке адамдар жөне т.б. мемлекеттік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халыкаралық қатынастарда сыртқы және халықаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және халықаралық саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады. Мемлекеттердің халықаралық қатынастарындағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты Солардың ішінде ең бастысы — мемлекеттер күшінің арақатынасы, арасалмағы. Мәтін талдау реті
Бағалау, кері байланыс беру: «Карусель» әдісі арқылы топтағы оқушылар сағата тілі бағытымен бір – бірінің жұмысын ауыстырып алып оқиды, бағалау критерийлері мен нақты балл қою кестесіне сәйкес бағалап, кері байланыс береді | Суреттер галлереясы Стиль туралы таратпа материалдар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы: 3 мин | Кері байланыс: «Менің сөзім» әдісі. Сыныптан бір оқушы тұрып сабақта не болғанын қорытындылап айтады. Айтып болған соң басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабақ бойынша рефлексия жасайды. Сөйтіп барлық оқушы сөйлеп болғанша жалғасады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
1-топ: ұқсастық | 1-топ: ұқсастық | 1-топ: ұқсастық | 1-топ: ұқсастық |
2-топ: айырмашылық
| 2-топ: айырмашылық | 2-топ: айырмашылық | 2-топ: айырмашылық |
3-топ: аудитория
| 3-топ: аудитория | 3-топ: аудитория
| 3-топ: аудитория
|
4-топ: мақсат | 4-топ: мақсат | 4-топ: мақсат | 4-топ: мақсат |
5-топ: стиль | 5-топ: стиль | 5-топ: стиль | 5-топ: стиль |
6-топ: тіл | 6-топ: тіл | 6-топ: тіл | 6-топ: тіл |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?