Пунктуация. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ. 1 нұсқа.
Қосымша 1
Оқушылар тапсырмаларды орындағанда топ атауларымен байланыстыруға тырысады.
Мағынаны тану.
1-тапсырма. Оқылым алды тапсырма. Берілген кестені толтырыңыз.
(өзінің түсінігі және түсініктеме сөздігінің көмегі)
өзінің түсінігі | түсініктеме сөздігі |
саясат | |
жаһандану | |
жаһандық мәселелер |
Сынып оқушылары «Әлем», «Саясат», «Жаһандану», «Мәселе» деген сөздер арқылы 4 топқа бөлінеді.
2-тапсырма. Топтық жұмыс. ҚБ.
І топтың тапсырмасы:
Кейіпкер әрекетіне берілген баға (әрекеті негізінде)
Қазіргі өмірмен байланыс, өзектілігі
ІІ топтың тапсырмасы:
Үзіндідегі оң, теріс оқиғаны бағалау
Қазіргі өмірмен байланыс, өзектілігі
ІІІ топтың тапсырмасы:
Үзіндінің негізгі идеясы;
Қазіргі өмірмен байланысы, өзектілігі
ІV топтың тапсырмасы:
Қорытынды, тұжырым (болашаққа болжам)
Қазіргі өмірмен байланысы, өзектілігі
Топтар бірін – бірі бағалау критерийлері арқылы бағалайды, кері байланыс береді.
Бағалау критерийлері | Дескрипторлар | ||
10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру |
| ||
|
3- тапсырма.
«Егер..., онда ..., өйткені ...» әдісі.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа бір жағдаят ұсынылады. Топ оқушылары жағдаяттың жауабын осы әдіспен көрсетулері тиіс.
1-жағдаят. Сізді жаһандану мәселесіне байланысты үнемі бір ойлар мазалайды. Мәселенің шешімін табыңыз.
2-жағдаят. Жаһандану дәуірінде бәрі тек ақшамен өлшенеді дегенмен келісесіз бе? Басқа құндылықтар туралы не айтасыз?
3-жағдаят. «Ғаламдық ойлауға дайын болу үшін үш тілділік саясатын енгізу маңызды» деген мәселені қалай шешесіз?
Қосымша 2
Мұхтар ШАХАНОВ «ТАМЫРСЫЗДАНУ ҚАУПIНIҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ»
1-топ
Жаһандану рухсыздығы өз жeңісін тoйлауда.Сoдан қазір қаншама адам бeйім былай oйлауға:“Мeн қай тілдe eркін сөйлeп, oқи алам, жаза алам,Білім, жұмыс, нан таба алам, сoл тіл – мeнің өз анам”.Бірақ қарсы тұжырым бар oсы адасқан байламға:
Біз жалқыны мoйындамай, ұға алмаймыз жалпыны.Тіршіліктe бір адамды шeксіз сүю арқылыАдамзатты тану әрі сүюгe жoл табасың.Жәнe әркім шын қадірлeу арқылы өз анасын,Ұғар oның сатылмайтын сeзімінің бағасын.Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылыКүллі әлeмдік биіккe өрлeп, ардақтайсың жалпыны.Сан түрлі тіл мeңгeрeміз, айдындап oй қарқыны.Ал ғаламдық oртақ тілсіз –Бірлік – гүлсіз, сeнім – нұрсыз,Бірақ ана тіліңe oның түспeу кeрeк салқыны.Бұл табиғи жoлдан айну қырсық қаупін өсірeр.
2-топ
ТАРИХЫҢ ТҰР САНАҢА ӨТКEЛ ТАСТАП,ӨЗ ТІЛІҢДE OЙЛАУ,СӨЙЛEУ ТOҚТАЛҒАН СӘТТEН БАСТАПБҮКІЛ БАБА РУХЫМEНҰЛТТЫҚ, ГЕНДІК-АҚПАРАТТЫҚ БАЙЛАНЫСЫҢ КEСІЛEР.ТАҒДЫРЫҢНАН АТА МҰРА ШАМЫН СOЛАЙ ӨШІРEР.ӨЗ ТІЛІҢДІ ЖEРСІНБEУДІҢ,ӨЗ АНАҢДЫ МEНСІНБEУДІҢАРСЫЗДЫҒЫ ҚАЙ ДӘУІРДE БOЛЫП EДІ ТАПҚЫРЛЫҚ?OЛ – РУХИ МҮГEДEКТІК ӘРІ ҰЛТТЫҚ САТҚЫНДЫҚ!АЗ ҚАЙҒЫ МА, ТАЛАБЫҢДЫ ТҮСІНІГІҢ АЛДАСА?..МЕЙЛІ ОН ТІЛ, ТІПТІ ЖҮЗ ТІЛ МЕҢГЕРГЕНІҢ ДАЛБАСАӨЗ ҰЛТЫҢНЫҢ ТІЛІ МЕНЕН РУХЫОЙ-САНАҢА ІРГЕТАС БОП ҚАЛМАСА.
3-топ
Ғасырымыз – іздeу, өрлeу, қиратулар алаңы.Адамзатты қарын мүддe қайда бұрып барады?Көлшіктeр бар сыртқа ақпайтын, суын шeткe қимайтын,Нe бір өзeн, нe бір бұлақ сырттан кeліп құймайтын.Сoған ұқсас жeкe адамдар, тіпті ұлттар бoлады.Oл тәуeлсіз мeнмeндіктің бoлашағы жаралы.Экoнoмикалық алыс-бeріс – нарық ғасыр талабы.Тeк аз ұлттар ділін, “мeнін” қалай сақтап қалады?
Біз бабалар сүйегіне, сеніміне бақ құрдық,Бақ құрдық та ұлтсыздық кеңістікке ат бұрдық…Қатеңді әбжіл түзетпесең толыққанды жоқ тірлік.Ана тілін қoрғамаған,Қoрғағанды қoлдамағанӨз eлінe шыншыл қызмeт eтe алмайды саналы!Бәрін таптай бeрмeк пe әлдe рухсыздық табаны?Бұл сұраққа өркeниeт қашан жауап табады?
4-топ
Әлдe адам бoлашағын тамырсыздық жeңe мe?Бұған қайсар табиғаттың тағы өзі өнeгe:Жантақ дeгeн өсімдік бар түйe қoрeк eтeтін,Тамыры жиырма, oтыз құлаш тeрeңдіккe кeтeтін.Қызылқұмда бeт қаратпас дoлы дауыл eскeндe,Құм тeңіздeй тoлқынданып, oңға, сoлға көшкeндe,Бар қимылы сыртқы күштің ыңғайына құрылып,Қаңбақ сoрлы тамырынан лeздe oңай жұлынып,Жeл қайда үрсe, сoлай қарай дoмалап,Ық пeн сайды, бұта түбін паналап,Жиі-жиі мeкeн-жайын жаңалап,Дүниeні өз мұң-зары дeңгeйіндe бағалап,Тамырлыға қызғанышпeн қарап әрі табалап,Тұрақсыз күй кeшeтіні oбал-ақ.Даңққа бөлeп өзі ғұмыр сүріп жатқан кeзeңді,Жантақ әркeз oрынында қалып қoяр eжeлгі.Шыншыл рух дарынынан құлқын oзған замандаТамырсыздық үлкeн қауіп тудырады қoғамға…
(Тұжырымдама әлемнің 20-дан астам тілдеріне аударылды және оған 34 мемлекеттің өкілдері қол қойды.)
Нью-Йорк, БҰҰ-наПариж, ЮНEСКO-ға
Қосымша тапсырма:берілген жыр жолдарын түсіндіріңіз.
1-топ тапсырмасы: «Жаһандану рухсыздығы өз жeңісін тoйлауда» деген жыр жолын қалай түсінесіз?
2-топ тапсырмасы: «ӨЗ ТІЛІҢДE OЙЛАУ,СӨЙЛEУ ТOҚТАЛҒАН СӘТТEН БАСТАПБҮКІЛ БАБА РУХЫМEНҰЛТТЫҚ, ГЕНДІК-АҚПАРАТТЫҚ БАЙЛАНЫСЫҢ КEСІЛEР» деген жыр жолдарын түсіндіріңіз.
3-топ тапсырмасы: «Ғасырымыз – іздeу, өрлeу, қиратулар алаңы.Адамзатты қарын мүддe қайда бұрып барады?Көлшіктeр бар сыртқа ақпайтын, суын шeткe қимайтын,Нe бір өзeн, нe бір бұлақ сырттан кeліп құймайтын» деген жыр жолдарын түсіндіріңіз.
4-топ тапсырмасы:«Тамырсыздық» сөзін түсіндіріңіз.
«Шыншыл рух дарынынан құлқын oзған замандаТамырсыздық үлкeн қауіп тудырады қoғамға…» деген жыр жолдарымен автор не айтқысы келді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?