Пунктуация. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Пән: қазақ тілі 5-сабақ

Мектеп:

Күні:

Сынып: Қатысқандар саны:

Уақыты: 40 минут Қатыспағандар саны:

Бөлім/ Сабақ тақырыбы:

Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер.

Пунктуация

оқу мақсаты

10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу;

Сабақ мақсаты:

Жанрын сақтай отырып, ғылыми – публицистикалық стильде мақала жазу

Бағалау критерийлері:

  • Стиль ерекшелігін ажыратады
  • Тілдік құралдарды орынды қолданады
  • Тыныс белгілерін сауатты қолданады
  • Мақала жазады
  • Құрылымын сақтайды

Құндылықтарды дарыту

- құрмет; ынтымақтастық; жауапкершілік, ішкі және сыртқы саясат, жаһандану

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: саясат, экономикалық интеграция, даму үрдісі,жаһандану, өзекті мәселе

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша..., өз көзқарасымда ... , менің байқауымша...

Пәнаралық байланыстар:

Тарих, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Өткен тақырыптарға шолу

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

1.Оқушыларды қарсы алу, сабаққа бағыттау

Сабақ мақсатымен таныстыру, бағалау критерийімен келісу

Cлайд

Сабақтың ортасы

5 минут

6 минут

20 минут

3 минут

3 минут

Ой шақыру: «Ойлан, жұптас, бөліс»

  • Мақала деген не?

Мақала жанрын түсіндіретіндей 5 сөздік ассоциация жазыңыз.

Көршіңізбен бөлісіңіз, топта талқылаңыз.

«Қол баспалдақ» әдісі арқылы мақала туралы ойды түйіндеп айтып беретін оқушы таңдалады. Оқушы ойын ортаға салады. Мақала туралы қайталату, қосымша материал беру.

Жазылым алдындағы тапсырма.

Қызығушылықты ояту.

«Қазақстан жаһандық мәселелерге халықаралық қауымдастықтың назарын аударды» бейнесюжетін көріп, оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Жазылым тапсырмасы:

Оқушылар осыған дейінгі ақпараттарды талдап, зерделей келе, «Қазақстанның жаһандық деңгейде көтерген басты мәселесі» тақырыбында зерттеу мақаласын жазады. Жазылым жұмысына бейнесюжеттегі материалды және өз ойын арқау етеді. Сөйлем ішіндегі даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолдана алуы қажет. (сөз көлемі -180)

Бағалау: «Сен маған, мен саған» әдісі арқылы жүзеге асады. Қарама – қарсы отырған екі оқушы бір – бірінің мақаласымен танысып, бағалау критерийлерін сай бағалап, кері байланыс береді.

Жазылымнан кейінгі тапсырма.

Пікір: мен үшін үздік жұмыс...

Ең үздік деп ұнатқан бір мақалаға пікір білдіру.

Таратпа материал

https://www.youtube.com/watch?v=2IwwtCpZQ3U

Сабақтың соңы:

2 мин

Кері байланыс:

«SMS»

Оқушыларға қағаз ұялы телефондарға сабақтың қалай өткендігі туралы, ол қалай жемісті жұмыс істегені туралы бір-біріне қысқа хабарлама (SMS) жазу ұсынылады

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

Мақала деген не?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу