Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 6 сабақ.
Қазақстан Орталық Азия елдерімен өзара қарым-қатынасқа айрықша мән береді
Орталық Азия қазір әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі. Бұл бүгін Алматыда "Орталық Азия: жаңа тарихтың 20 жылы" деген тақырыппен өтіп жатқан Қазақстан-Ресей сарапшылары кеңесінің семинарында айтылды. |
"Орталық Азияда 20 жылдың ішінде барлық жағынан тәуелсіз елдер қалыптасты. Жеке ішкі саяси бағыты және қоғамдық-саяси өмірде, мемлекеттік басқаруда өзіндік айырмашылықтарға ие. Қазақстан Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасты дамытуға, әсіресе тарихи, мәдени ортақтастық бойынша тығыз сауда-экономикалық ынтымақтастықта түрлі саладағы ықпалдастық жобаларына айрықша мән береді», деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай. Оның айтуынша, соңғы жылдары Орталық Азия елдері арасында түрлі деңгейдегі ұйымдар құрылуда. Мәселен, Қазақстанның Қырғызстанмен ел басшылары деңгейіндегі жоғары мемлекетаралық кеңес, Үкіметаралық кеңес, Тәжікстанмен мемлекетаралық үйлестіру кеңесі, Сыртқы істер министрлері кеңесі, Экономикалық мәселер жөніндегі үкіметаралық ынтымақтастық кеңестері бар. Сондай-ақ түрлі қаржы институттары да құрылуда. Атап айтқанда Қырғызстан, Тәжікстан елдерімен Тікелей инвестициялау қорлары құрылып, нақты жобалар қаржыландырылуда. «Сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы кейбір сандарға жүгінсек, Қазақстан Қырғызстанда сыртқы саудада Ресейден кейінгі екінші орында. Тәжікстан нарығында азық-түліктік астық пен ұнның 90 пайызы Қазақстанның үлесінде. Қазақстан Қырғызстандағы ірі шетелдік инвестор. Бұл көршілес елдегі инвестициялық ахуалды қалыптастыруда. Мәселен 2008 жылы шетелдік тіке инвестицияның 51,5 пайызы, немесе 330 миллион доллары Қазақстанның үлесінде болды. Ал 2009 жылы ол 34 пайызды құрап, 2010 жылдың алғашқы жартысында 18 пайызға кеміді», дейді вице-министр. Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?